Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi мен Беларусь Республикасының Әдiлет министрлiгi арасындағы сот сараптамасы саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қою туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2000 жылғы 26 шілде N 1122

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi мен Беларусь Республикасының Әдiлет министрлiгi арасындағы сот сараптамасы саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қоюға келісім берілсін.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
 

     Қазақстан Республикасының

         Премьер-Министрі


 
 
                  Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi мен
              Беларусь Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң арасындағы
                 сот сараптамасы саласындағы ынтымақтастық туралы
                                     КЕЛIСIМ
 
      Бұдан әрi "Тараптар" деп аталатын Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi мен Беларусь Республикасының Әділет министрлiгi
      сот сараптамасы саласында байланыс жасауға ұмтыла отырып және қазiргi достық қатынастары мен өзара тиiмдi ынтымақтастықты нығайту екi мемлекеттiң ұлттық мүдделерiне жауап бередi деп есептей отырып,
      құқық пен құқық қолдану тәжiрибесi саласында ынтымақтастықты дамыту жолымен қатынастарды бұдан әрi нығайту мақсатында
      төмендегiлер туралы келiстi:
 

                                   1-бап



 
       Тараптар сот сараптамасының теориялық, құқықтық, ұйымдық және әдiстемелiк проблемаларын әзiрлеу, сараптамалық сақтандырулардың тиiмдiлiгi, сараптамалық зерттеулердiң жаңа әдiстерi мен әдiстемелерiн құру және қолданылып жүргендерiн жетiлдiру, сараптамалық практика тәжiрибесiмен алмасу саласында ынтымақтастықты жүзеге асырады.
 

                                   2-бап



 
       Осы Келiсiмнiң ережелерiн iске асырған кезде Тараптар бiр-бiрiмен тiкелей, сондай-ақ "Сот сараптамасы орталығы" мемлекеттiк мекемесi мен _______________________ арқылы ынтымақтастықты жүзеге асырады.
 

                                   3-бап



 
       Тараптар өз құзыретiне жататын қызметтiң мынадай бағыттарында сот сараптамасы саласындағы ынтымақтастықты дамытатын болады:
      - сот сараптамасы проблемалары жөнiндегi ғылыми жұмысты үйлестiру, әдiстер мен әдiстемелердi бiрiгіп әзiрлеу;
      - ақпараттық-анықтамалық қызмет саласында мәлiметтермен алмасу;
      - жаңа әдiстер мен әдiстемелер меңгеруге арналған бiрлескен семинарлар, курстар өткiзу;
      - сараптамалық ғылыми кадрларды дайындау мен бiлiктiлiгін көтеру саласындағы ынтымақтастық;
      - тағылымдамалардан өту үшiн мамандармен алмасу;
      - ғылыми талдамалар мен сараптамалық қорытындыларды рецензиялау;
      - әдiстемелiк және ғылыми әдебиетпен алмасу;
      - ғылыми және сараптамалық қызмет мәселелерiнде бiр-бiрiне ғылыми-әдiстемелiк және iс жүзiнде көмек көрсету.
 

                                   4-бап



 
       Өзара уағдаластық бойынша Тараптар осы Келiсiмде көзделмеген, бiрақ Қазақстан Республикасы мен Беларусь Республикасы арасындағы сот сараптамасы саласындағы ынтымақтастықты дамыту мақсаттарына жауап беретiн iс-шараларға жәрдемдесетiн болады.
 

                                   5-бап



 
       Осы Келiсiмнiң ережелерiн орындау жөнiндегі Тараптардың ынтымақтастығы олардың мемлекеттерiнiң заңнамасына сәйкес жүзеге асырылатын болады.
 

                                   6-бап



 
       Тараптардың өзара келiсiмi бойынша осы Келiсiмге оның ажырамас бөлiгі болып табылатын жеке Хаттамамен ресiмделетiн өзгерiстер мен толықтырулар енгізiлуi мүмкiн.
      Осы Келiсiмнiң ережелерiн iске асыру барысында Тараптардың арасында туындайтын даулар мен келiспеушiлiктер келiссөздер мен консультациялар жолымен шешiлетiн болады.
 

                                   7-бап



 
       Осы Келiсiм қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi және Тараптардың

 

бiреуi оның қолданыста болуын тоқтату ниетi туралы басқа Тараптың жазбаша

хабарламасын алған күннен бастап алты ай өткенге дейiн қолданылады.

     2000 жылғы "___"________________ ______________ қаласында екi данада,

әрқайсысы қазақ, беларусь және орыс тiлдерiнде жасалды, және де барлық

мәтiндердiң күштерi бiрдей.

     Осы Келiсiмнiң ережелерiн түсiндiру кезiнде келiспеушiлiктер

туындаған жағдайда, Тараптар орыс тiлiндегі мәтiндi басшылыққа алатын

болады.


     Қазақстан Республикасының                  Беларусь Республикасының

      Әдiлет министрлiгi үшiн                    Әдiлет министрлiгi үшiн



    Оқығандар:

   Қобдалиева Н.М.

   Орынбекова Д.К.    






Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады