Фосфор өнеркәсібінің кейбір мәселелері

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 2 қыркүйек N 1298

      "Банкроттық туралы" Қазақстан Республикасының Z970067_ Заңына сәйкес "Фосфор" акционерлiк қоғамы (Шымкент қ.) банкрот болып танылғанына байланысты, "Фосфор" акционерлiк қоғамы (Шымкент қ.) мен "Жаңа Жамбыл зауыты" өндiрiстiк кооперативiнiң (Тараз қ.) стратегиялық маңызын, сондай-ақ фосфор өнеркәсiбi кәсiпорындарындағы қалыптасып отырған ауыр қаржы жағдайын ескере отырып Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
      1. "Фосфор" (Шымкент қаласы) акционерлік қоғамының сатып алушыларына:
      1) алдымен, мүліктік кешенді бірыңғай лотпен сатуды; сатып алушылар болмаған жағдайда - Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлігімен және Оңтүстік Қазақстан облысының әкімімен келісім бойынша сату үшін бірнеше лотты қалыптастыруды;
      2) конкурстық массаны сатудан түскен қаражат жеткіліксіз болған жағдайда - сатып алушылардың Оңтүстік Қазақстан облысының әкімімен келісілген шарттарда және мерзімде бірінші және үшінші кезектегі кредиторлардың талаптарын кейін қанағаттандыруын;
      3) үшінші және келесі сауда-саттықтарда голландтық тәсілмен өткізу және жалғыз қатысушы болған жағдайда оларды өтті деп тануды көздейтін айрықша шарттары, конкурстық массаны сатудың тәртібі және қосымша талаптар белгіленсін.
      ЕСКЕРТУ. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2000.07.28. N 1159
               қаулысымен. P001159_
      2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кiрiс министрлiгі заңдарда белгiленген тәртiппен салық және бюджетке төленетiн басқа да төлемдер жөнiнде берешегі бар "Жаңа Жамбыл зауыты" өндiрiстiк кооперативiнiң (Тараз қ.) банкрот болуы рәсiмiне бастамашылық жөнiнде шаралар қабылдасын.
      3. "Жаңа Жамбыл зауыты" өндiрiстiк кооперативiнiң (Тараз қ.)

 

конкурстық массасын сату осы қаулының 1-тармағында "Фосфор" акционерлiк

қоғамы (Шымкент қ.) үшiн белгiленген шарттар мен тәртіпте жүзеге асырылсын.

     4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы

Премьер-Министрiнiң орынбасары А.С.Павловқа жүктелсiн.

     5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енедi.


     Қазақстан Республикасының

       Премьер-Министрі


   Оқығандар:

   Қобдалиева Н.

   Омарбекова А.     





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады