Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. 1997 жылғы 11 маусымдағы Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Қырғыз Республикасының Үкiметi арасындағы Тауарларды экспорттау және импорттау кезiнде акциз салығын өндiрiп алудың принциптерi туралы келiсiмге өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу жөнiнде хаттама жасалсын.
2. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары - Даниал Кенжетайұлы Ахметовке 1997 жылғы 11 маусымдағы Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Қырғыз Республикасының Үкiметi арасындағы Тауарларды экспорттау және импорттау кезiнде акциз салығын өндiрiп алудың принциптерi туралы келiсiмге өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу жөнiнде хаттама жасауға Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң атынан уәкiлеттiк берiлсiн.
3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
1997 жылғы 11 маусымдағы Қазақстан Республикасының Yкiметi мен
Қырғыз Республикасы Үкiметiнiң арасындағы Тауарларды экспорттау
және импорттау кезiнде акциз салығын өндiрiп алудың принциптерi
туралы келiсiмге өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу жөнінде
ХАТТАМА
Бұдан әрi Уағдаласушы Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Қырғыз Республикасының Үкiметi сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамытуға ұмтыла отырып,
1997 жылғы 11 маусымдағы Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Қырғыз Республикасы Үкiметiнiң арасындағы Тауарларды экспорттау және импорттау кезiнде акциз салығын өндiрiп алудың принциптерi туралы келiсiмнiң ережелерiн iске асыруды қамтамасыз ету мақсатында оған мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзуге келiстi:
1. 1-баптың 2-тармағы алынып тасталсын.
2. 2-баптың 1-тармағының бiрiншi абзацындағы "его" деген сөз "ее" деген сөзбен ауыстырылсын;
3. Мынадай мазмұндағы 2-1, 3-1-баптармен толықтырылсын:
"2-1-бап
Тауарларды өткiзуге және акциз салығын төлеуге бақылау
Осы Келiсiмнiң ережелерiн қолдану және тауарлардың импорты кезiнде акциз салығын жинаудың толықтығын қамтамасыз ету, сондай-ақ жалған экспортты болдырмау мақсатында Уағдаласушы Тараптардың құзыреттi органдары Уағдаласушы Тараптар мемлекеттерiнiң кеден шекарасы арқылы тауарларды өткiзуге және акциз салығын төлеуге бақылау жасау тетiгiн әзiрлейдi және оны iске қосады.";
"3-1-бап
Өзгерiстер мен толықтырулар енгiзудiң тәртiбi
Уағдаласушы Тараптардың өзара келiсiмi бойынша осы Келiсiмге
өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлуi мүмкiн, олар жеке Хаттамалармен
ресiмделедi және осы Келiсiмнiң ажырамас бөлiктерi болып табылады.".
4. 4-баптың 3-тармағы алынып тасталсын.
Осы Хаттама Келісімнің 4-бабына сәйкес күшіне енеді.
____________ қаласында 2000 жылғы "___"________ _______________
әрқайсысы қазақ, қырғыз және орыс тiлдерiндегi екi түпнұсқа данада
жасалды, барлық мәтiннiң күші бiрдей.
Осы Хаттаманың ережелерiн түсіндіруде пікір алшақтығы туындаған
жағдайда, Уағдаласушы Тараптар орыс тiлiндегi мәтiнді басшылыққа алатын
болады.
Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясының
Yкiметi үшiн Yкiметi үшiн
Оқығандар:
Қобдалиева Н.М.
Орынбекова Д.К.