Мұнай өнiмдерiнiң ішкi рыногын тұрақтандырудың кейбiр мәселелерi туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2000 жылғы 2 тамыз N 1172

      Iшкi рынокты мұнай өнiмдерiмен қамтамасыз ету және мемлекеттiң энергетикалық және көлiк жүйелерiнiң iркiлiссiз жұмыс iстеуiн ұйымдастыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
      1. Мұнай өндiрушi компаниялардың қосымшаға сәйкес отандық мұнай өңдеушi зауыттарда қайта өңдеу үшiн мұнайды кепiлдендiрiлген беру туралы ұсыныстарына келiсiм берiлсiн.
      2. Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлiгi заңнамада белгіленген тәртiппен:
      Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгiмен бiрлесiп бiр ай мерзiмде "Қазақстан темiр жолы" республикалық мемлекеттiк кәсiпорны мен "ҚазТрансОйл" мұнай тасымалдау жөнiндегi ұлттық компаниясы жабық акционерлiк қоғамының Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлiгi ай сайын бекiтетiн кестелер бойынша, оның тасымалдануын көздейтiн шикi мұнайды (ТМД СЭҚ ТН коды 270900900), темiр жол және труба құбыры көлiгiмен экспорттық тасымалдауды тәртiпке келтiру үшiн қажеттi шаралар қолдануын қамтамасыз етсiн;
      ағымдағы жылдың аяғына дейiнгi отандық мұнай өңдеушi зауыттар жүктемесiнiң кестесiн бiр апта мерзiмде бекiтсін және оның бұлжытпай орындалуын қамтамасыз етсiн;
      "ҚазТрансОйл" мұнай тасымалдау жөнiндегi ұлттық компаниясы жабық акционерлiк қоғамының елдiң iшiнде қайта өңделген мұнайдың нақты көлемiн растайтын құжаттар болған жағдайда Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң 1999 жылғы 1 сәуiрдегi ресми бағамын қолданып, төленген тасымалдау тарифтерiн қайта есептеу жөнiнде шешiм қабылдауын қамтамасыз етсін.
      3. "ШМОЗ", "ПМӨЗ", "АМӨЗ" акционерлiк қоғамдарына Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестiктi қорғау және шағын бизнестi қолдау жөнiндегi агенттiгiмен және Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлігiмен келiсілген мұнай өнiмдерiн қайта өңдеу, шығыстары жөнiндегі қызметтердiң құнын және қайта өңдеу процесiнде алынған мұнай өнiмдерiн сақтау шарттарын көрсетiп, мұнайды қайта өңдеу жөнiнде шаруашылық жүргiзушi субъектілерге қызмет көрсетiлгенi туралы ашық шартты ресми бұқаралық ақпарат құралдарында он күн мерзiмде жариялау ұсынылсын.
      4. Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестiктi қорғау және шағын бизнестi қолдау жөнiндегi агенттiгi белгiленген тәртiппен:
      отандық мұнай өңдеушi зауыттар iшкi рынокқа беретiн мұнай өнiмдерi өндiрiсi рентабельдiлiгiнің шектi деңгейлерiн бекiтсiн;
      Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлiгімен және Көлiк және коммуникациялар министрлiгiмен бiрлесiп өтемдiк негізде iшкi республикалық қатынаста мұнай және мұнай өнiмдерiн тасымалдау мен көлiкпен тасуға қолданылып жүрген тарифтерге төмендетушi коэффициенттер енгiзiлуiн қамтамасыз етсiн.
      5. Қазақстан Республикасының Инвестициялар жөнiндегi агенттiгi белгіленген тәртiппен жер қойнауын пайдалануға келiсiм-шарттар жасау кезiнде отандық мұнай өңдеушi зауыттарға белгiленген көлемде мұнай өндiрушi компаниялардың мұнай беруін қамтамасыз ететiн шарттарды енгiзудi көздесiн.
      6. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кiрiс министрлiгi "Харрикейн

 

Құмкөл Мұнай" ашық акционерлiк қоғамының "ШМӨЗ" ашық акционерлiк қоғамының

экспортқа сататын мұнай көлемінiң труба құбыры көлiгiмен тасымалдануы

жөнiнде көрсетiлген қызметтердi төлеу шарттарын орындауын бақылауды

қамтамасыз етсiн.

     7. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi және жариялауға

жатады.

     8. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы

Премьер-Министрінің орынбасары Д. Ахметовке жүктеледі.


     Қазақстан Республикасының

         Премьер-Министрі


                                       Қазақстан Республикасы Үкіметінің

                                            2000 жылғы 2 тамыздағы

                                               N 1172 қаулысына

                                                    қосымша


               Мұнай компанияларының мұнай өңдеуші зауыттарға

                    2000 жылғы тамызда мұнай беру кестесі


     -----------------------------------------------------------

       Компанияның атауы     !   Көлемі,  !       Зауыт    

                             !   тонна    !

     -----------------------------------------------------------

     1. "ҚазақОйл" ҰМК         150 000      Атырау МӨЗ

     2. "ҚазТрансОйл" МТҰК      20 000      Атырау МӨЗ

                                20 000      Шымкент МӨЗ

     3. "Харрикейн Құмкөл      150 000      Шымкент МӨЗ

        Мұнай" АҚ

     4. "Маңғыстаумұнайгаз"    100 000      Павлодар МӨЗ

        АҚ

     5. "Құмкөл-ЛУКойл" БК     100 000      Шымкент МӨЗ

                                            Павлодар МӨЗ

     6. "Ақтөбемұнайгаз" АҚ     50 000      Павлодар МӨЗ

     7. "Теңізшевройл" БК       25 000      Атырау МӨЗ

     8. "Қаражанбасмұнай" АҚ    20 000      Атырау МӨЗ

     9. "Арман" БК              20 000      Атырау МӨЗ

     10. "Қазгермұнай" БК       20 000      Павлодар МӨЗ

     11. "Тексакоинтернэшнл      7 000      Атырау МӨЗ

         Петролеум" компаниясы

     12. "Қазақтүркмұнай" БК     4 000      Атырау МӨЗ

     13. "Қуатамлонмұнай"        2 000      Шымкент МӨЗ

         компаниясы

         Жиыны                 688 000

     -----------------------------------------------------------



     Оқығандар:

    Қобдалиева Н.М.

    Орынбекова Д.К.      





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады