Қазақстан Республикасының Уақыт және эталондық жиiлiктер жөнiндегi ведомствоаралық комиссиясы туралы ереженi бекiту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2000 жылғы 7 тамыз N 1208. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 17 шілдедегі N 793. ~P020793 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Yкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасының Уақыт және эталондық жиiлiктер жөнiндегi ведомствоаралық комиссиясы туралы ереже бекiтiлсiн.
      2. "Уақыт және эталондық жиiлiктер жөнiнде ведомствоаралық комиссияны құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 26 қаңтардағы N 131 P000131_ қаулысына мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн.
      1-тармақта:
      ведомствоаралық комиссияның құрамына мыналар енгізiлсiн:
      Бозымбаев Қанат Алдабергенұлы - Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда вице-министрi, төрағаның орынбасары;
      Қанешев Бiржан Бисекенұлы - Қазақстан Республикасының Көлiк және

 

коммуникациялар вице-министрi, төрағаның орынбасары;

     Нәсиев Асқар Қайратұлы - Қазақстан Республикасының Көлiк және

коммуникациялар министрлiгi Ақпараттық жүйелер департаментiнiң директоры;

     Баталов Әнуар Қасымұлы - Қазақстан Республикасының Көлiк және

коммуникациялар министрлiгi Азаматтық авиация комитетiнiң төрағасы;

     Молдабеков Мейiрбек - Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия

және сауда министрлiгi Аэроғарыштық комитетiнiң төрағасы;

     көрсетiлген құрамнан Досаев Ерболат Асқарбекұлы шығарылсын.

     3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.

     Қазақстан Республикасының

     Премьер-Министрі      

                                              Қазақстан Республикасы

                                                    Yкiметiнiң

                                            2000 жылғы "7" тамыздағы

                                                N 1208 қаулысымен

                                                   бекiтiлген



               Қазақстан Республикасының Уақыт және эталондық

           жиiлiктер жөнiндегi ведомствоаралық комиссиясы туралы

                                  ЕРЕЖЕ


                         1. Жалпы ережелер


     1. Қазақстан Республикасының Уақыт және эталондық жиiлiктер жөнiндегi

ведомствоаралық комиссиясы (бұдан әрi - Комиссия) уақыт және жиiлiктiң

өлшем бiрлiктерiн қамтамасыз ету саласында Қазақстан Республикасы

Yкiметiнiң жанындағы консультативтiк-кеңесшi орган болып табылады.

     2. Комиссия өзiнiң қызметiнде Қазақстан Республикасының қолданылып

жүрген заңнамасын, Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарды,

сондай-ақ осы Ереженi басшылыққа алады.

     3. Комиссияның шешiмдерi ұсынымдық сипатта болады.


                      2. Комиссияның негiзгi мiндеттерi


     4. Комиссияның негiзгi мiндеттерi:


 
       1) Қазақстан Республикасында уақыт және жиiлiктiң өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету саласындағы қызметiн жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу;
      2) бiрыңғай уақытты және эталондық жиiлiктердi есептеу құралдары мен техникалық жүйелердi жасау, пайдалану және жетiлдiру мәселелерiндегi ғылыми зерттеулердiң негiзгi бағыттарын айқындау жөнiндегі ұсынымдарды әзiрлеу;
      3) 1992 жылдың 9 қазанында Бiшкек қаласында қол қойылған, Уақыт және жиiлiктi өлшеудiң бiрыңғайлылығын қамтамасыз ету жөнiндегi ынтымақтастық туралы келiсiмге қатысушы мемлекеттердiң тиiстi бағдарламаларын қалыптастыру жөнiнде ұсыныстар енгiзу;
      4) Комиссияның құзыретiне кiретiн, сағаттық белдеулер шекарасын өзгерту және басқа мәселелер жөнiнде ұсыныстар енгiзу болып табылады.
 
                           3. Комиссияның функциялары
 
      5. Комиссия өзiне жүктелген мiндеттерге сәйкес заңнамада белгiленген тәртiппен мынадай функцияларды жүзеге асырады:
      1) Қазақстан Республикасының уақыт және жиiлiктiң бiрлiктерiн айқындау, қайта қалпына келтiру және сақтау, сондай-ақ радиобайланыс, теледидар және спутниктiк жүйе арналары бойынша жиiлiктi-уақытты ақпаратты қабылдау және берудi метрологиялық қамтамасыз ету жөнiнде жұмыстарды орындау және ұйымдастыру мәселелерi бойынша ұсыныстарды әзiрлейдi;
      2) Қазақстан Республикасының уақыт және жиiлiк мемлекеттiк қызметiнiң

 

құрылымдық бөлiмшелерiн қалыптастыру жөнiнде ұсыныстар бередi;

     3) уақыт және жиiлiктi өлшеу, соның iшiнде халықаралық

ынтымақтастыққа

байланысты саласында бағдарламаларды әзiрлеу және орындау жөнiнде

ұсыныстар енгiзедi;

     4) уақыт және жиiлiктi өлшеу саласындағы қызметке қатысты құжаттардың

жобаларын қарайды;

     5) уақыт және жиiлiктi өлшеу саласында эталондық қондырғыларды

және басқа техникалық құралдарды сатып алу және дайындаудың қажеттiгiн

қарайды;

     6) уақыт және жиiлiктi өлшеу мәселелерi бойынша ресми ақпараттық және

анықтамалық басылымдарда жариялауға жататын материалдарды қарайды;

     7) республиканың аймағында уақытты есептеудiң тәртiбiн белгiлеу

және өзгерту жөнiнде ұсыныстар енгiзедi;

     8) уақыт және жиiлiктi өлшеу саласындағы шетелдiк тәжiрибенi

зерделейдi.


                    4. Комиссияның құқықтары


     6. Комиссия өзiне жүктелген мiндеттердi жүзеге асыру және мiндеттерiн

орындау кезiнде:


 
       1) Қазақстан Республикасының мүдделi мемлекеттiк басқару органдары мен өзге де заңды тұлғалары үшін хаттамалар түрінде шығарылатын, өз құзыретi шегінде ұсынымдық сипаттағы шешiмдер қабылдауға;
      2) комиссияның құзыретiне жататын мәселелер бойынша нормативтiк құқықтық кесiмдер әзiрлеуге қатысуға және ұсыныстар енгiзуге;
      3) оның шешiмi талап етiлетiн мәселелер бойынша тиiстi ұсыныстарды Қазақстан Республикасының Yкiметiне енгiзуге;
      4) комиссияның құзыретiне енетiн мәселелер бойынша мүдделi мемлекеттiк басқару органдары мен басқа заңды тұлғалар үшiн ұсынымдар әзiрлеуге, мәжiлiстерде олардың басшыларының есептерiн, ақпараттарын, хабарламаларын тыңдауға, уақыт және жиiлiктi өлшеу саласындағы белгiленген метрологиялық талаптарды бұзушылықтарды жою жөнiнде шаралар қабылдау туралы ұсынымдар беруге құқылы.
 
                     5. Комиссияның жұмысын ұйымдастыру
 
      7. Комиссияның қызметiн оның төрағасы басқарады, ол Комиссияның мәжiлiстерiнде төрағалық етедi, оның жұмысын жоспарлайды, оның шешiмдерiнiң iске асырылуына жалпы бақылау жасайды және Комиссия қызметiнiң нәтижелерi үшiн жауап бередi.
      8. Комиссия Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң шешiмiмен құрылады және таратылады. Комиссия мүшелерi мәжiлiстерге ауыстыру құқығынсыз қатысады.
      9. Комиссияның жеке құрамын Қазақстан Республикасының Yкiметi бекiтедi.
      10. Комиссияның мәжiлiстерi қажет болған жағдайда, бiрақ кемiнде жылына екi рет өткiзiледi, оның мүшелерiнiң кемiнде 2/3 қатысқан жағдайда.
      11. Мәжiлiстiң күн тәртiбiндегi әрбiр мәселе бойынша шешiм, Комиссия

 

мүшелерiнiң мәжiлiске қатысқандарының көпшiлiк дауысымен қабылданады.

Шешiмдердi қабылдау кезiнде комиссияның мүшелерi тең дауысқа ие. Дауыстар

саны тең болған жағдайда, Комиссия төрағасының дауысы шешушi болып

табылады.

     12. Комиссия мәжiлiсiнiң күн тәртiбiнде мәселелердi қарау

нәтижелерi тиiстi хаттамаларға енгiзiледi, оларға мәжiлiске қатысқан

Комиссия мүшелерi қол қояды.

     13. Аталған хаттамаларға Комиссияның төрағасы, ал ол жоқ болған

кезде - Комиссия төрағасының орынбасары қол қояды.

     14. Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда

министрлiгi Комиссияның жұмысшы органы болып табылады.



     Оқығандар:

     Қобдалиева Н.М.

     Қасымбеков Б.А.





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады