Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 14 сәуірдегі N 581 және 2000 жылғы 12 тамыздағы N 1239 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2002 жылғы 23 ақпан N 242

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір қаулыларына мынадай өзгерістер енгізілсін:
      1) "Павлодар облысы бюджетінің кредиторлық берешегін өтеу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 14 сәуірдегі N 581 P000581_ қаулысына:
      2-тармақтың үшінші абзацындағы "2002-2003 жылдардың" деген сөздер "өтеуді 2003 жылдан бастап 2003-2005 жылдардың" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2) "Павлодар облысы бюджетінің кредиторлық берешегін өтеу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 12 тамыздағы N 1239 P001239_ қаулысына:
      2-тармақтың үшінші абзацындағы "2002-2003 жылдардың" деген сөздер "өтеуді 2003 жылдан бастап 2003-2005 жылдардың" деген сөздермен ауыстырылсын.
      2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Павлодар облысының жергілікті атқарушы органымен келісілген кесте бойынша 2003-2005 жылдардың ішінде 1414623118 (бір миллиард төрт жүз он төрт миллион алты жүз жиырма үш мың бір жүз он сегіз) теңге мөлшеріндегі берешек соманы республикалық бюджетке кейіннен қайтару туралы қосымша келісім жасассын.
      3. Павлодар облысының әкімі 2003-2005 жылдарға арналған облыстық

 

бюджеттің жобаларын қалыптастырған кезде осы қаулының 2-тармағында

көрсетілген берешек соманы өтеуге арналған қаражатты қарастырсын.

     4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

        Премьер-Министрі



Мамандар:

     Багарова Ж.А.,

     Қасымбеков Б.А.    






Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады