Егiн жинау жұмыстарын жүргiзу кезiнде жанармай-жағармай материалдарымен қамтамасыз ету мәселелерiнде қалыптасқан жағдайға байланысты және Батыс Қазақстан облысының отандық ауыл шаруашылық тауарларын өндiрушiлерiне көмек көрсету мақсатында Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлiгiнiң Мемлекеттiк материалдық резервтер жөнiндегi комитетi белгiленген тәртiппен:
1) Батыс Қазақстан облысының мұқтаждары үшiн 500 (бес жүз) тонна көлемiнде автомобиль бензинiн, 500 (бес жүз) тонна көлемiнде дизель отынын алдын-ала төлеу шартымен Қазақстан Республикасы мемлекеттiк материалдық резервiнен шығаруды;
2) Қазақстан Республикасы мемлекеттiк материалдық резервiне
жанармай-жағармай материалдарының жоғарыда көрсетiлген көлемдерiн 2000
жылдың 30 желтоқсанына дейiн қоюды қамтамасыз етсiн.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрiнiң орынбасары Д.К. Ахметовке жүктелсiн.
3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Оқығандар:
Қобдалиева Н.М.
Қасымбеков Б.А.