"Васильков" iрi алтын кен орнын өнеркәсiптiк игеру үшін Қазақстан Республикасының алтын өндiретiн саласын одан әрi дамыту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Нидерландының "Флудгеит Холдинг Б.В." шетелдiк компаниясының (бұдан әрi - Стратегиялық инвестор) қатысуымен жарғылық капиталындағы мемлекеттiң үлесiн - 40 пайыз, ал Стратегиялық инвесторлар үлесiн 60 пайыз мөлшерiнде белгiлей отырып, "Васильков алтыны" ашық акционерлiк қоғамы нысанындағы бiрлескен кәсiпорны (бұдан әрi - Бiрлескен кәсiпорын) құрылсын.
Ескерту. 1-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.02.08. N 207
қаулысымен. P010207_
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi:
1) "Алтыналмас" АК" ашық акционерлiк қоғамымен (бұдан әрi - Алтыналмас) белгiленген тәртiппен 1995 жылғы 25 шiлдедегi N 20/95 Шарт бойынша мүлiктiк құқықтан бас тарту туралы келiсiм жасасуды қамтамасыз етсiн;
2) осы тармақтың 1-тармақшасында көзделген iс-шараларды орындағаннан кейiн Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлiгiмен және Стратегиялық инвестормен бiрлесiп (келiсiм бойынша) заңнамада белгiленген тәртiппен:
екi апталық мерзiмде Бiрлескен кәсiпорынның құрылтайшылық құжаттарын дайындасын;
"Васильков ТКБК" ашық акционерлiк қоғамы акцияларының мемлекеттiк пакетiн мемлекеттiң салымы ретiнде беру арқылы Бiрлескен кәсiпорынның жарғылық капиталын қалыптастыруды қамтамасыз етсiн;
Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiмен бiрлесiп Бiрлескен кәсiпорынның мемлекеттiк тiркелуiн қамтамасыз етсiн;
Қазақстан Республикасының Құнды қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясымен бiрлесiп Бiрлескен кәсiпорынның акциялар комиссиясы проспектiсiнiң тiркелуiн қамтамасыз етсiн;
осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
3. Қазақстан Республикасының Инвестициялар жөнiндегi агенттiгi заңнамада белгiленген тәртiппен:
1) Васильков алтын кен орнын әзiрлеу үшiн Бiрлескен кәсiпорынға 1997 жылғы 9 қазандағы МГ сериялы N 433 ДД (алтын) лицензиясы бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беру туралы шешiм қабылдауды;
2) Бірлескен кәсiпорынмен Васильков кен орнының құрамында алтыны бар кендерiн өндiрудi жүргiзуге арналған келiсiм-шарт жасасу жолымен жер қойнауын пайдалану құқығын қайта ресiмдеудi қамтамасыз етсiн.
4. Аудиторлық қорытындымен расталған Алтыналмас жұмсаған шығындарды,
сондай-ақ акциялардың мемлекеттiк пакетiн бағалау үшiн заң консультантын
және тәуелсiз аудиторлық ұйымды тартумен байланысты шығыстарды өтеу
Стратегиялық инвестордың есебiнен жүргiзiлетiнi назарға алынсын.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-
Министрiнiң орынбасары Д К. Ахметовке жүктелсiн.
6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Оқығандар:
Қобдалиева Н.М.
Орынбекова Д.К.