Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 12 тамыздағы N 1243 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 26 наурыздағы N 291 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 7 ақпандағы № 37 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 07.02.2019 № 37 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қылмыстың алдын алуға және жолын кесуге жәрдемдескен, қоғамдық тәртіпті қорғауға қатысатын азаматтарды көтермелеу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 12 тамыздағы N 1243 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., N 36-37, 426-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      аталған қаулымен бекітілген Қылмыстың алдын алуға және жолын кесуге жәрдемдескен, қоғамдық тәртіпті қорғауға қатысатын азаматтарды көтермелеу ережесінде:

      1-тармақта "облыстар, қалалар мен аудандар әкімдерінің шешімімен құрылатын" деген сөздер "облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органдары құратын" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

К. Мәсімов


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады