Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 7 ақпандағы № 37 қаулысы.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Б. Сағынтаев

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2019 жылғы 7 ақпандағы
№ 37 қаулысына
қосымша

Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі

      1. "Қылмыстың алдын алуға және жолын кесуге жәрдемдескен, қоғамдық тәртiптi қорғауға қатысатын азаматтарды көтермелеу ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 12 тамыздағы № 1243 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., № 36-37, 426-құжат).

      2. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 12 тамыздағы № 1243 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 26 наурыздағы № 291 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 16, 154-құжат).

      3. "Ішкі істер органдарының жергілікті полиция қызметі туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 30 желтоқсандағы № 1142 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 77-78-79, 589-құжат).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады