Қызылорда облысының жергiлiктi атқарушы органының қарыз алуының жекелеген мәселелерi туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2000 жылғы 16 тамыз N 1265

      Қызылорда облысының жылу-энергетика объектiлерiнiң 2000/2001 жылғы күзгi-қысқы кезеңде сенiмдi және авариясыз жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
      1. Қызылорда облысының жергiлiктi атқарушы органы ұсынған, Қызылорда облыстық мәслихаты сессиясының 2000 жылғы 29 шiлдедегi шешiмiмен бекітiлген және Қазақстан Республикасы Экономика министрлiгiнiң оң қорытындысы бар, қаржыландыруы көрсетiлген жергiлiктi атқарушы органның қарыз алуы есебiнен жүзеге асырылатын "Қызылорда қаласының жылу-энергиямен жабдықтайтын кәсiпорындарын 2000/2001 жылғы күзгi-қысқы кезеңдi олардың жұмысының тұрақтылығы үшiн мазутпен қамтамасыз ету" аймақтық инвестициялық бағдарламасымен келiсiлсін.
      2. Қызылорда облысының жергiлiктi атқарушы органының 2000 жылға арналған жиынтық қарыз алу лимитiн пайдалану көлемi 330 000 000 (үш жүз отыз миллион) теңге мөлшерiнде белгiленсiн.
      3. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi ресiмделетiн құжаттар мен мәмiлелердiң Қазақстан Республикасының заңнамасына Қызылорда облысы жергiлiктi атқарушы органының заем туралы шартының сәйкестiгiне құқықтық сараптама жүргiзсiн және Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгіне тиiстi қорытынды ұсынсын.
      4. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi:
      1) тартылатын заем шарттарына қаржылық сараптаманы жүзеге асырсын;
      2) мемлекеттiк борышты басқару шеңберiнде заемды тiркеудi, жергiлiктi атқарушы органның заемды бақылауын және оған қызмет көрсету мониторингi мен өтеуiн қамтамасыз етсiн.
      5. Қызылорда облысының әкiмi:
      1) Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi мен Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiне 3-тармаққа сәйкес тартылатын заемға қаржылық сараптама жүргізу үшін қажетті құжаттарды ұсынсын;
      2) заңнамада белгiленген тәртiптен заем тартуды қамтамасыз етсiн;
      3) заем қаражатының мақсатты пайдаланылуын қамтамасыз етсiн;
      4) жергiлiкті бюджеттiң қаражаты есебiнен заемға қызмет көрсетудi

 

және оны өтеудi қамтамасыз етсiн;

     5) заем қаражатын игеру, оған қызмет көрсету және өтеу жөнiнде

Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiне үнемi ақпарат берудi

қамтамасыз етсiн.

     6. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы

министрлiгiне жүктелсiн.

     7. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.


     Қазақстан Республикасы

     Премьер-Министрінің

     бірінші орынбасары



     Оқығандар:

   Қобдалиева Н.М.

   Қасымбеков Б.А.  





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады