Вячеслав су қоймасынан Астана қаласына дейін суағардың үшінші желісінің құрылысын салу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2000 жылғы 31 тамыз N 1324

      Қазақстан Республикасының бас қаласын ауыз сумен жабдықтауды жақсарту, Астана қаласын сумен жабдықтаудың сенімділігін арттыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен 2001 жылға арналған республикалық бюджетті қалыптастыру жөніндегі бюджеттік комиссияның қарауына 2001 жылға арналған республикалық бюджеттің жобасына Вячеслав су қоймасынан Астана қаласына дейін суағардың үшінші желісінің құрылысын салу жобасын аяқтауды қаржыландырумен байланысты шығыстарды енгізу туралы ұсыныс енгізсін.
      2. Қазақстан Республикасының Экономика министрлігі белгіленген тәртіппен "Вячеслав су қоймасынан Астана қаласына дейін суағардың үшінші желісінің құрылысын салу" жобасын Мемлекеттік инвестициялар бағдарламасына енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімінің жобасын енгізсін.
      3. Астана қаласының әкімі заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) Вячеслав су қоймасынан Астана қаласына дейін суағардың үшінші желісінің құрылысын салуға шетелдік инвестормен бұрын жасалған келісім-шарттардың бұзылуын және "Вячеслав су қоймасынан Астана қаласына дейін суағардың үшінші желісі құрылысын салу жобасын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 4 ақпандағы N 164 P000164_ қаулысының күшін жою туралы қаулының жобасын Үкіметке енгізуді қамтамасыз етсін;
      2) суағардың құрылысын салумен байланысты мемлекеттік сатып алуды жүргізу кезінде тапсырыс беруші болсын;
      3) суағардың құрылысын салудың 2000 жылы басталып, 2001 жылы аяқталуын қамтамасыз етсін.
      4. Астана қаласы әкімінің мемлекеттік сатып алуды суағардың құрылысын

 

салумен байланысты жұмыстарды жүргізуге отандық мердігерді айқындаумен

бірге бір көзден алу тәсілімен заңнамада белгіленген тәртіппен жүзеге

асыру туралы ұсынысына келісім берілсін.

     5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы

Премьер-Министрінің орынбасары Д.К. Ахметовке жүктелсін.

     6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

        Премьер-Министрі




     Мамандар:

     Қобдалиева Н.М.

     Орынбекова Д.К.





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады