Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын жасасу, орындау және күшін жою тәртібі туралы" 1995 жылғы 12 желтоқсандағы N 2679 U952679_ заң күші бар Жарлығының 7-бабы 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Беларусь Республикасының
Үкіметі арасында Салық заңдарын сақтау мәселелері бойынша ынтымақтастық
пен өзара көмек жөнінде келісім жасалсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Жоба
Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Беларусь Республикасының
Үкiметi арасындағы Салық заңдарын сақтау мәселелерi бойынша
ынтымақтастық пен өзара көмек жөнiндегi
КЕЛIСIМ
Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Беларусь Республикасының
Үкiметі (бұдан әрi - Тараптар),
салық заңдарын сақтау мәселелерi бойынша халықаралық ынтымақтастық
пен өзара көмектiң маңыздылығын ескере отырып,
осы мақсаттарда бiр-бiрiне кең-көлемде жәрдем көрсетудi қалай
отырып, төмендегілер жөнiнде келiстi:
1-бап
Терминдердің айқындауы
Осы Келiсiмнiң мақсаттары үшiн қолданылатын терминдер мынадай
мағыналарды бiлдiредi:
"құзыреттi салық органдары":
Қазақстан Тарапынан - Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кiрiс
министрлiгi;
Беларусь Тарапынан - Беларусь Республикасының Мемлекеттiк Салық
Комитетi;
сұрау салатын салық қызметi - мемлекетiнің құзыретті салық
органы салық мәселелерi бойынша жәрдем көрсету туралы сұрау салатын Тарап
(бұдан әрi - жәрдем туралы сұрау салу);
"сұрау салынатын салық қызметi" - мемлекетiнiң құзыреттi салық органы
жәрдем ету туралы сұрау алатын Тарап.
2-бап
Осы келiсiмнiң қолданылу саласы
Салық заңдарының тиiсті орындалуын қамтамасыз ету мақсатында Тараптар өз құзыретті салық органдары арқылы бiр-бiрiне өзара жәрдем көрсетедi:
салық заңдарын бұзушылықты болдырмау және (немесе) жолын кесуде;
заңды және жеке тұлғалардың салық заңдарын сақтауы туралы ақпаратты
жәрдем ету немесе бастамалық тәртiп туралы сұрау салу бойынша ұсынуда;
салық заңдарындағы ұлттық салық жүйелерi және ағымдағы өзгерiстер
туралы ақпаратты беруде;
салық органдарының қызметiн қамтамасыз ететiн компьютерлiк
жүйелердi құруда және қалыптастыруда;
салық заңдарын сақтауды бақылауды қамтамасыз ету жөнiндегi
әдiстемелiк нұсқамаларды әзiрлеудi қоса салық төлеушiлермен және
салық органдарымен жұмысты ұйымдастыруда;
кадрларды оқыту және салық қызметiнiң қызметкерлерiнiң тағылымдамасын
өту саласында;
бiрлескен әрекеттер талап ететiн басқа да мәселелер бойынша.
Осы Келiсiмнiң ережесi Тараптар арасында жасалған өзге де
келiсiмдерге сәйкес құзiреттi салық органдарының ынтымақтастығына кедергi
жасамайды.
3 бап
Жәрдем ету туралы сұрау салудың нысаны және мазмұны
Жәрдем ету туралы сұрау салу құзiреттi органда құжаттарды оның қарауы
үшiн қажеттi қосымшалармен жазбаша түрде жiберiледi. Төтенше жағдайларда
жәрдем ету туралы сұрау салу мүмкiндiгінше қысқа мерзiмдерде оны жазбаша
растаумен ауызша нысанда жасалуы мүмкін.
Жәрдем ету туралы сұрау салу өзiне мыналарды енгiзуi мүмкiн:
сұрау салатын салық қызметiнiң атауын;
сұрау салынатын салық қызметiнiң атауын;
сұрау салудың мақсаты мен себебiн;
сұрау салу жасалатын салық төлеушiнiң аты (есiмi) және мекен-жайын;
сұрау салудың мәнiн қысқаша жазу және салықтар мен алымдардың
қаралатын кезеңiн және нақты түрлерiн көрсете отыра олармен байланысты
заңды мiндеттемелерiн.
Сұрау салу орыс тiлiнде жасалуы керек.
Сұрау салатын салық органы жәрдем ету туралы алынған сұрау
салу бойынша қосымша ақпаратты талап етуге құқылы.
4 бап
Жәрдем ету туралы сұрау салуды орындау тәртiбi
Құзiреттi салық органдары бiр бiрiне өз мемлекеттерiнiң ұлттық заңдарына және осы Келiсiмге сәйкес жәрдем көрсетедi.
Сұрау салатын салық органы оның өтiнішін бойынша жәрдем ету туралы сұрау салуды орындауды жүзеге асыратын әрекеттердi өткiзудiң уақытымен және орнымен хабарлануы мүмкiн.
Егер жәрдем ету туралы сұрау салу сұрау салатын салық органымен
орындалмаған болса, ол сұрау салудың түсуi күнiнен бiр ай мерзiмiнде осы
туралы жәрдем етуден бас тарту себебiн көрсете отыра сұрау салатын салық
органына жазбаша хабарлайды.
Тараптардың салық қызметтерi осы Келiсiмдi орындаумен байланысты
шығындарды өтеудiң кез-келген талаптарынан бас тартады.
Осы Келiсiмдi орындаумен байланысты тiкелей шығындарды өтеудi
бастамашы болып табылатын Тарап жүргізедi.
5 бап
Ұсынылатын ақпараттың мазмұны
Құзiреттi салық органдары өз бастамасы немесе жәрдем ету туралы сұрау салу бойынша мыналарға қатысты ақпаратты бiр бiрiне ұсынады:
заңды тұлғаларды, олардың филиалдары және өкiлдiктерінiң олардың орналасқан жерi, бағыныштылығы, меншiк нысаны және басқалары туралы деректердi қоса тiркеудi;
заңды және жеке тұлғалардың мемлекеттiк және коммерциялық банктердегі шоттарын ашуды, сондай-ақ оларда ақша қаражаттарының барлығын және (немесе) қозғалысын;
салық салумен байланысты төленген салықтар және (немесе) алымдардың сомаларын немесе басқа ақпаратты Тарап мемлекеттерiнiң аумағында алынған заңды тұлғалардың салық салу кiрiстерi мен объектiлерiнің барлық түрлерiн.
6 бап
Құжаттарды және басқа материалдарды ұсыну
Сұрау салатын салық қызметi жәрдем ету туралы сұрау салу бойынша
нормативтiк құқықтық актiлердi, салық зерттеуiн орындау үшiн қажеттi
құжаттар мен басқа да материалдардың куәландырылған көшiрмелерiн ұсынады.
Құжаттар мен басқа да материалдардың түпнұсқалары сот талқыламасы
жағдайында талап етiлуi мүмкiн.
Тиiстi ақпаратты берумен материалдар электрондық тасығыштарда
ұсынылуы мүмкiн.
7 бап
Ақпаратты беру тәртiбi
Жәрдем ету туралы сұрау салулар, құжаттар, материалдар және басқа
ақпарат Тараптардың келiсiмi бойынша айқындалатын тәртiпте беріледi.
Жәрдемдесу құзiреттi салық органдарының басшылары айқындайтын ресми
лауазымды тұлғалардың тiкелей байланысы шегiнде жүзеге асырылады.
8-бап
Құпиялылықты сақтау
Нақты салық төлеушiлерге қатысты ақпарат құпия болып табылады және
сұрау салатын салық қызметiнiң талаптарына сәйкес қорғау режимiмен
қамтамасыз етiледi.
Алынған ақпарат Тараптармен тек осы Келiсiмде көзделген, соның iшiнде
әкiмшiлiк немесе сот талқыламасы мақсаттарында ғана пайдаланылуы мүмкiн.
Өзге де мақсаттар үшiн ақпарат тек қана сұрау салынатын тараптың
келiсiмiмен пайдаланылуы мүмкiн.
9-бап
Осы Келiсiмнiң орындалуы
Осы Келiсiмдi түсiндiруде немесе қолдану кезiнде пайда болуы мүмкiн
даулы мәселелердi реттеуде Тараптар өзара келiсiм жетiстiгiне жетуге
тырысады.
Тараптар осы Келiсiмдi iске асыру барысын бағалау және оған
өзгерiстер енгізудiң орындылығын бағалау үшiн қажеттiлiк жағдайында кеңес
өткiзедi. Осындай кеңестерінің мерзiмiн Тараптар қосымша айқындайды.
Осы Келiсiм ережелерiн iске асыру мақсатында Тараптар кейбiр
мәселелер бойынша қосымша келісiмдер жасай алады.
10-бап
Өзгерiстер және толықтырулар
Тараптардың өзара жазбаша келiсiмдерi бойынша осы Келiсiмге осы
Келісiмнiң бөлiнбейтiн бөлiгi болып табылатын хаттамалармен рәсiмделген
өзгерiстер мен толықтырулар енгiзе алады.
11-бап
Осы Келiсiм әрекетiнiң күшіне
енуi және тоқтатылуы
Осы Келiсiм белгісiз мерзiмге жасалынады және Тараптардың оның күшіне енуi үшiн қажеттi ішкi мемлекеттiк рәсiмдердi орындағаны туралы соңғы жазбаша хабардар етiлген күнiнен бастап күшiне енедi.
Әрбiр Келiсушi Тарап осы Келiсiмнiң қолданылуын басқа Тарапты жазбаша
хабардар ету жолымен тоқтатылады. Келiсiм тиiстi Тараптан хабардар алған
күннен бастап алты айдан кейiн қызметiн тоқтатады.
2000 жылдың ___ ___________ ____________ қаласында әрбір данасы
қазақ, беларусь және орыс тілдерінде екі данадан жасалды, мұның өзінде
барлық мәтіндердің бірдей заң күші бар.
Осы Келісімнің ережелерін түсіндіруде келіспеушілік туындаған
жағдайда Тараптар орыс тіліндегі мәтінді басшылыққа алады.
Қазақстан Республикасының Беларусь Республикасының
Үкіметі үшін Үкіметі үшін
Мамандар:
Қобдалиева Н.М.
Орынбекова Д.К.