"Қазақстан Республикасында Жануарлар дүниесiнiң жекелеген түрлерiн ерекше жағдайларда пайдалану тәртiбi жөнiндегi ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 28 маусымдағы N 969 P000969_ қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. Шейх Бутти Мақтым Бин Жұма Әл Мақтымға (Бiрiккен Араб Әмiрлiктерi) 2000 жылғы 15 қыркүйектен 31 қазанға дейiн Оңтүстiк Қазақстан облысының Шардара ауданында өз сұңқарларын салумен 50 дуадақ аулауына рұқсат етiлсiн.
2. Қазақстан Республикасындағы СИТЕС-тiң әкiмшiлiк органы - Қазақстан Республикасының Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлiгi Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгiмен бiрлесiп, сұңқар салу үшiн елге жыртқыш құстар әкелудi және одан әкетудi Жоғалу қаупi төнген жабайы жануарлар және өсiмдiктер түрлерiмен халықаралық сауда туралы конвенцияның рәсiмдерiн сақтай отырып, жүзеге асырсын.
3. Қазақстан Республикасының Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны
қорғау министрлiгi сұңқар салу кезiнде Қазақстан Республикасы Үкiметiнің
2000 жылғы 28 маусымдағы N 969 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан
Республикасында Жануарлар дүниесiнiң жекелеген түрлерiн ерекше жағдайларда
пайдалану тәртiбi жөнiндегi ереженiң орындалуын қамтамасыз етсiн.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Мамандар:
Қобдалиева Н.М.
Орынбекова Д.К.