Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттер арасындағы Салық заңдарын сақтау және осы саладағы заң бұзушылықтарға қарсы күрес мәселелерi бойынша ынтымақтастық пен өзара көмек жөнiндегі келісімді бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2000 жылғы 22 қыркүйек N 1427


     Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
     1. 1999 жылғы 4 маусымда Минск қаласында жасалған Тәуелсiз 
Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттер арасындағы Салық заңдарын 
сақтау және осы саладағы заң бұзушылықтарға қарсы күрес мәселелерi бойынша 
ынтымақтастық пен өзара көмек жөнiндегі келісім бекітілсін.
     2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

     Қазақстан Республикасының
         Премьер-Министрі
     
             Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттер
             арасындағы Салық заңдарын сақтау және осы саладағы заң
         бұзушылықтарға қарсы күрес мәселелерi бойынша ынтымақтастық пен
                               өзара көмек жөнiндегі
                                    КЕЛIСIМ

     Бұдан әрi Тараптар деп аталатын осы Келiсiмге қатысушы-мемлекеттер 
өздерiнiң үкiметтерi атынан,
     салық салу саласындағы экономикалық реформаларды үйлестiрудi жүзеге 
асыруға бағытталған, келiсiлген салық саясатын жүргiзудің қажеттiлiгiн 
пайымдай отырып,


      салық заңдарын сақтау, оның iшiнде салықтық құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу, анықтау және олардың жолын кесуге байланысты мiндеттердi тиiмдi шешу мәселелерi бойынша мемлекетаралық ынтымақтастық пен өзара көмектiң маңыздылығын негiзге ала отырып,
      осы мақсатта бiр-бiрiне жәрдем көрсетуге тiлек бiлдiре отырып,
      мына төмендегiлер туралы келiстi:
                                   1-бап



      Осы Келiсiмнiң мақсаттары үшiн мынадай терминдер:
      Салық заңдары - Тараптардың аумағында салықтар мен алымдардың түрлерiн, оларды өндiрiп алудың тәртiбiн белгiлейтiн және салық мiндеттемелерiнiң туындауына, өзгеруiне және тоқтатылуына байланысты қатынастарды реттейтiн заңдық нормалардың жиынтығын;
      салық заңдарын бұзушылық - Тараптардың ұлттық заңдары жауапкершiлiк белгiлеген салықтар мен алымдар туралы заңдарды салық төлеушiлердiң орындамауынан не тиiстi түрде орындамауынан көрiнетiн құқыққа қарсы iс-әрекеттi;
      құзыреттi органдар - Тараптардың ұлттық заңдарына сәйкес салық заңдарын сақтауға, салықтар мен алымдардың түсiмдерiне және осы саладағы заң бұзушылыққа қарсы күрестi ұйымдастыруға бақылау жасауды қамтамасыз ету жүктелген мемлекеттiк органды;
      көмек туралы сұрау салу - салық заңдарын сақтау мен осы саладағы заң бұзушылыққа қарсы күрес мәселелерiнде көмек көрсету туралы сұрау салуды;
      сұрау салушы құзыреттi орган - көмек туралы сұрау салуды жасайтын Тараптың құзыреттi органдары;
      сұрау салынған құзыретті орган - көмек көрсету туралы сұрау салуды алатын Тараптың құзыреттi органдарын бiлдiредi.
                                   2-бап



      Осы Келiсiмнiң тақырыбы салық заңдарын сақтау мен осы саладағы заң бұзушылыққа қарсы күрес мәселелерi бойынша Тараптардың құзыреттi органдарының ынтымақтастығы мен өзара көмегi болып табылады.
      Тараптардың құзыреттi органдары өз мемлекеттерiнiң ұлттық заңдары мен халықаралық мiндеттемелерiн басшылыққа ала отырып, осы Келiсiмнiң шеңберiнде ынтымақтастықты жүзеге асырады.
      Осы Келiсiмнiң ережелерi Тараптардың арасында, сондай-ақ осы Келiсiмге қатысушы-мемлекеттер мен осы Келiсiмге қатыспайтын мемлекеттер арасында жасалған өзге де келiсiмдерге сәйкес құзыреттi органдардың ынтымақтастығына кедергi келтiрмейдi.
                                   3-бап



      Осы Келiсiмнiң шеңберiнде Тараптардың құзыреттi органдары өздерiнiң ұлттық заңдарына сәйкес ынтымақтастықтың мынадай нысандарын қолданады:
      ұлттық салық жүйелерi туралы, салық заңдарындағы өзгерiстер мен толықтырулар туралы ақпаратты, сондай-ақ салық заңдарын бұзушылықтан сақтандыруға, оларды анықтауға және жолын кесуге бағытталған әдiстемелiк ұсыныстарды табыс ету:
      салық заңдарын бұзуға байланысты ақпаратты қоса алғанда, салық төлеушiлердiң салық заңдарын сақтауы туралы ақпаратпен алмасу;
      салық заңдарын бұзушылықтың алдын алуға, анықтауға және оның жолын кесуге бағытталған iс-шараларды жүргізудегі өзара iс-қимыл;
      заңды және жеке тұлғаларға салық салуға байланысты құжаттардың тиiстi түрде куәландырылған көшiрмелерiн табыс ету;
      Тараптардың құзыреттi органдарының жұмысын қамтамасыз ететiн электронды байланыс құралдарын құруда оларды iске қосу мен өзара iс-қимылында тәжiрибе алмасу және өзара көмек көрсетуi;
      ынтымақтастық барысында туындайтын мәселелер бойынша жұмыс топтарын құру және сарапшылар алмасу;
      ғылыми-практикалық конференциялар мен семинарлар өткiзу және бiрлескен iс-қимыл талап ететiн ынтымақтастықтың басқа да түрлерiн пайдалану;
      Тараптардың құзыреттi органдары осы Келiсiмдi орындауға байланысты мәселелер бойынша бiр-бiрiмен тiкелей байланыс жасайды.
      Осы Келiсiмдi орындау үшiн Тараптар қажет болған жағдайда өздерiнiң құзыретті органдарында тиiстi құрылымдық бөлiмшелердi құруы мүмкiн.
      Осы Келiсiмнiң шеңберiндегi ынтымақтастықты іске асырудың нақты нысандары Тараптардың құзыреттi органдары арасында жасалатын тиiстi шарттармен белгіленедi.
                                   4-бап



      Салық заңдарын бұзушылық туралы ақпарат алмасу осы Келiсiмнiң 6 бабындағы ережелерге сәйкес көмек көрсету туралы сұрау салудың негізiнде мынадай мәлiметтер берудi көздейдi:
      - салық төлеушiлердiң, орналасқан жерi, бағыныстылығы, меншiк нысаны және басқалары туралы мәлiметтердi қоса алғанда, оларды тiркеу;
      - Тараптардың аумақтарында алынған салық салу мен кiрiстер объектiлерi салық салуға байланысты төленген салық сомалары мен басқа да ақпарат;
      - Тараптардың заңнама талаптарына сәйкес салық төлеушiлердiң мемлекеттiк және коммерциялық банкiлердегі есепшотының есебi;
      - Тараптардың құзыреттi органдарының өкiлеттiлігі iшiндегі басқа да ақпараттар.
      Ақпаратты екiншi Тараптың құзыреттi органдарының көмек көрсету туралы сұрау Тараптардың бiрiнiң құзыреттi органдары салуының негiзiнде бередi, бұл орайда мұндай ақпараттарды беру сұрау салынған Тараптың ұлттық заңдарына қайшы келмеуi тиiс.
      Егер Тараптардың бiрiнiң құзыреттi органдары өздерiнде бар ақпаратқа екiншi Тараптың құзыреттi органдары мүдделi деп есептесе, онда мұндай ақпараттарды өздерiнiң қалауы бойынша бере алады.
                                   5-бап



      Салық заңдарын бұзушылықтың алдын-алу, анықтау және олардың жолын кесу жөнiндегi iс-шараларды өткiзу кезiнде Тараптардың құзыреттi органдарының өзара iс-қимылы бiрлескен жоспарлауды, қаражаттарды пайдалануды және мамандарды тартуды, осы iс-шараларды өткiзудiң барысы мен нәтижелерi туралы ақпарат алмасуды қамтуы мүмкiн.
                                   6-бап



      Көмек көрсету туралы сұрау салу жазбаша нысанда немесе телетайптық, факсимильдiк байланыс немесе электрондық байланыстың құралдарын пайдалану арқылы берiлуi тиiс.
      Телетайптық, факсимильдiк байланысты немесе байланыстың электрондық құралдарын пайдаланған кезде сұрау салудың немесе оның мазмұнының растығына қатысты күмән туындаған жағдайда сұрау салынған құзыреттi орган жазбаша нысанда расталуын сұрай алады.
      Көмек көрсету туралы сұрау салуда:
      - сұрау салушы құзыретті органның атауы;
      - сұрау салынған құзыреттi органның атауы;
      - сұрау салуға қатысты жасалатын салық төлеушiнiң деректемесi;
      - сұрау салудың қысқаша мазмұны және оның негiздемесі, сондай-ақ сұрау салуды орындау үшiн қажеттi басқа да мәлiметтер;
      - қажетті жағдайда ұсынылатын құжаттардың көшiрмелерiн куәландыру тәртiбi болуы тиiс.
      Көмек көрсету туралы сұрау салу мен оның жауабы орыс тiлiнде немесе орыс тiлiндегі куәландырған аудармасы қоса тiркелiп ұлттық тiлде жасалады.
      Сұрау салынған құзыреттi орган сұрау салуды орындау үшiн қажеттi қосымша ақпаратты талап етуге құқылы.
      Сұрау салынған құзыреттi орган көмек көрсету туралы сұрау салу бойынша нормативтiк актiлердi, өздерi куәландырған құжаттардың көшiрмелерiн және сұрау салуды орындау үшiн қажеттi басқа да материалдарды ұсынады.
      Құжаттар мен басқа да материалдардың түпнұсқалары келiсiлген мерзiмде ұсынылуы мүмкiн.
                                   7-бап



      Тараптар нақты салық төлеушiлерге қатысты ақпараттың құпиялылығын сақтауға және Тараптардың ұлттық заңдары мен сұрау салынған құзыреттi органның талаптарына сәйкес ақпарат құпиялылығын қорғау режимiн қамтамасыз етуге мiндеттенедi.
      Алынған ақпаратты Тараптардың құзыреттi органдары осы Келiсiмде көзделген мақсаттарға, оның iшiнде әкiмшiлiк немесе соттың талқылауларына ғана пайдалануы мүмкiн.
      Тараптар алынған ақпаратты заңсыз пайдалануға жол бермеуге мiндеттенеді.
                                   8-бап



      Тараптардың құзыреттi органдары өз құзыреттерiнiң шегiнде өздерiнiң ұлттық заңдарына сәйкес бiр-бiрiне көмек көрсетедi.
      Сұрау салушы құзыреттi орган оның өтiнiшi бойынша көмек көрсету туралы сұрау салуды орындау жүзеге асырылатын iс-қимылды өткiзудің уақыты мен орны туралы хабарлануы мүмкiн, ал оның өкiлдерi қосымша келiсiм бойынша аталған iс-қимылдарды өткiзуге қатыса алады.
      Егер сұрау салуды сұрау салынған құзыреттi орган орындай алмайтын болса, онда ол сұрау салу түскен күннен бастап бiр ай iшiнде бұл туралы сұрау салушы құзыреттi органға жазбаша хабарлайды.
                                   9-бап



      Тараптардың құзыреттi органдары өз мемлекеттерiнiң аумақтарында осы Келiсiмдi орындауға байланысты шығыстарды көтередi.
      Қосымша шығыстарды талап ететiн көмек көрсету туралы сұрау салулар салынған жағдайда, оларды қаржыландыру туралы мәселенi Тараптардың құзыреттi органдары өзара уағдаластық бойынша қарайтын болады.
      Бiрлескен iс-шараларды өткiзу кезiнде екiншi Тараптың аумағындағы өз қызметкерлерiнiң жұмысын қамтамасыз ету жөнiндегi шығыстарды егер Тараптармен өзгеше келiспесе, жiберушi Тарап өз мойнына алады.
                                   10-бап



      Тараптар осы Келiсiмдi қолдану кезiнде туындауы мүмкiн даулы мәселелердi реттеуде өзара келiсiмге келуге қол жеткiзуге ұмтылады.
      Тараптар қажет болған жағдайда осы Келiсiмдi iске асыру барысын бағалау үшiн консультациялар өткiзедi және оларды өткiзудiң мерзiмдерiн белгілейдi.
      Тараптар осы Келiсiмнiң ережелерiн iске асыру мақсатында жекелеген мәселелер бойынша қосымша келiсiмдер жасаса алады.
      Осы Келiсiмнiң ережелерi басқа да халықаралық шарттарға сәйкес Тараптар қабылдаған мiндеттемелерге ықпал етпейдi.
                                   11-бап



      Құзыреттi органдардың тiзбесiн әрбiр Тарап белгілейдi және осы Келiсiм күшiне енгеннен кейiн бiр ай iшiнде Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығының Атқарушы комитетiне жiберiледi.
      Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығының Атқару комитетi Тараптардан алынған хабарламалардың негізiнде Тараптардың құзыреттi органдарының тiзбесiн қалыптастырады және оны Келiсiмге қатысушы мемлекеттердiң барлығына жiбередi, сондай-ақ Тараптардан алынған хабарламалардың негізiнде аталған тiзбедегi барлық өзгерiстер туралы хабарлайды.
                                   12-бап



      Осы Келiсiм оның күшiне енуi үшiн қажетті мемлекетiшiлiк рәсiмдердi қол қойған Тараптардың орындағаны туралы үшiншi хабарламаны депозитарийге сақтауға тапсырылған күннен бастап күшiне енедi. Мемлекетiшiлiк рәсiмдердi кешiрек орындаған Тараптар үшiн Келiсiм тиiстi құжаттарды депозитарийге тапсырған күннен бастап күшiне енедi.
                                   13-бап



      Осы Келiсiм оның күшiне енген күнiнен бастап 5 жыл бойы қолданылады. Егер Тараптар өзгеше шешiм қабылдамаса, жоғарыда аталған мерзiм өтiсiмен Келiсiм әрбiр жолы 5 жыл кезеңге өздігінен ұзартылады.
                                   14-бап



      Тараптар өзара келiсiм бойынша осы Келiсiмге хаттамалармен ресiмделетiн және осы Келiсiмнiң 12 бабында көзделген тәртiппен күшiне енетiн өзгерiстер мен толықтырулар енгізуi мүмкiн.
                                   15-бап



      Әрбiр Тарап өзi шыққанға дейiн кем дегенде 6 ай бұрын бұл туралы депозитарийге жазбаша хабарлама жiберiп, осы Келiсiмнен шыға алады.
                                   16-бап



      Осы Келiсiм оның мақсаттары мен қағидаттарын бөлiсетін және барлық

Тараптардың келiсiмiмен қосылу туралы құжаттарды депозитарийге тапсыру 
арқылы басқа да мемлекеттердiң қосылуы үшiн ашық.

     Минск қаласында 1999 жылы 4 маусымда орыс тiлiнде бiр түпнұсқа 
данада жасалды. Түпнұсқа данасы Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығының 
Атқарушы комитетiнде сақталады, ол оның куәландырылған көшiрмесiн осы 
Келiсiмге қол қойған әрбiр мемлекетке жiбередi.

Әзірбайжан Республикасы                       Молдова Республикасы
Үкіметі үшін                                  Үкіметі үшін 

Армения Республикасы                          Ресей Федерациясы
Үкіметі үшін                                  Үкіметі үшін     

Беларусь Республикасы                         Тәжікстан Республикасы
Үкіметі үшін                                  Үкіметі үшін     

Грузия Республикасы                           Түркіменстан Республикасы
Үкіметі үшін                                  Үкіметі үшін     

Қазақстан Республикасы                        Өзбекстан Республикасы
Үкіметі үшін                                  Үкіметі үшін     

Қырғыз Республикасы                           Украина Республикасы
Үкіметі үшін                                  Үкіметі үшін     

     
     Мамандар:
     Қобдалиева Н.М.
     Орынбекова Д.Н.
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады