Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепілдігімен "ҚазТрансГаз" жабық акционерлік қоғамының мемлекеттік емес заем тартуы жөніндегі қосымша шаралар туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2000 жылғы 29 қыркүйек N 1475

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
       1. "ҚазТрансГаз" жабық акционерлiк қоғамының (бұдан әрi - "Қоғам") Қазақстан Республикасының мемлекеттiк кепiлдiгiмен тартылатын мемлекеттiк емес заемның есебiнен қаржыландырылатын Қазақстан Республикасының газ-көлiк және электр энергетикасы салаларындағы "Трактебель С.А." компаниясының активтерiн сатып алу жобасы басымдықты инвестицияльқ жоба ретiнде мақұлдансын.
      2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi заңнамада белгiленген тәртiппен:
      кредиторларға "2000 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Z990473_ Қазақстан Республикасының Заңымен бекiтiлген мемлекеттiк кепiлдiктерді беру лимитiнiң шегiнде 100 000 000 (жүз миллион) АҚШ доллары мөлшеріндегі негізгі борышты, сондай-ақ кепілгердің төлеуіне жататын пайыздарды және өзге де төлемдерді қамтитын сомаға тартылатын заем бойынша Қоғамның міндеттемелерді орындауын қамтамасыз ету ретінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепiлдiгiн берсiн;
      Қоғаммен көрсетiлген Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепiлдiгiн беруге байланысты оның Қазақстан Республикасының алдында туындайтын мiндеттемелерiн қамтамасыз ету туралы тиiсті келiсiм жасассын.
      Ескерту. 2-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2000.11.10. N 1694
               қаулысымен. P001694_
      3. Қоғам заңнамада белгiленген тәртiппен мемлекеттiк кепiлдiктi алуға үмiткер тұлғаларға қойылатын талаптарды орындауды қамтамасыз етсiн.
      4. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
      1) "ҚазТрансГаз" жабық акционерлiк қоғамының кейбiр мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 26 маусымдағы N 953 P000953_ қаулысына:
      1-тармақтың үшiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "Қоғамның заңнамада белгiленген тәртiппен Қоғам сатып алатын Қазақстан Республикасының газ-көлiк және электр энергетикасы салаларындағы "Трактебель С.А." компаниясының 100 миллион АҚШ доллары мөлшерiндегi активтерiн төлеудi қамтамасыз ететiн, Қазақстан Республикасының мемлекеттiк кепілдiгiмен мемлекеттiк емес заемды тарту туралы ұсынысы".
      2)

 

     ЕСКЕРТУ. 4-тармақтың 2) тармақшасы күшін жойды - ҚР Үкіметінің       

              2000.12.30. N 1963 қаулысымен. 


P001963_
 


     5. "ҚазТрансГаз" ЖАҚ-ның мемлекеттiк емес сыртқы заем тартуының

жекелеген мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2000 жылғы

11 тамыздағы N 1236 


P001236_
 

  қаулысының күшi жойылды деп танылсын.

     6. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы

Премьер-Министрiнiң орынбасары Е.Ә.Өтембаевқа жүктелсiн.

     7. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

        Премьер-Министрі



Оқығандар:

     Багарова Ж.А.

     Икебаева А.Ж.






Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады