Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 29 қыркүйектегі N 1475 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2000 жылғы 10 қараша N 1694

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
      1. "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк кепiлдiгiмен "ҚазТрансГаз" жабық акционерлiк қоғамының мемлекеттiк емес заем тартуы жөнiндегi қосымша шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 29 қыркүйектегi N 1475 P001475_ қаулысына мынадай өзгерiс енгiзiлсiн:
      2-тармақтың екiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "кредиторларға "2000 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Z990473_ Заңымен бекiтiлген мемлекеттiк кепiлдiктердi беру лимитiнiң шегiнде 100 000 000 (жүз миллион) АҚШ доллары мөлшерiндегi негiзгi борышты, сондай-ақ кепiлгердiң төлеуiне жататын пайыздарды және өзге де төлемдердi қамтитын сомаға тартылатын заем бойынша Қоғамның мiндеттемелердi орындауын қамтамасыз ету ретiнде Қазақстан

 

Республикасының мемлекеттiк кепiлдiгiн берсiн".

     2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы

Премьер-Министрiнiң орынбасары Е.Ә.Өтембаевқа жүктелсiн.

     3. Осы қаулы 2000 жылғы 26 қазаннан бастап күшiне енедi.


     Қазақстан Республикасының

         Премьер-Министрі

Оқығандар:

     Багарова Ж.А.,

     Икебаева А.Ж.    





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады