Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 30 қарашадағы N 1816 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2000 жылғы 2 қазан N 1491

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. "Жапонияның "Осака" зоологиялық паркіне барыс әкетуге рұқсат беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 30 қарашадағы N 1816 P991816_ қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
      қаулының атауындағы:
      "әкетуге рұқсат беру" деген сөздер "әкету" деген сөзбен ауыстырылсын;
      "Осака" деген сөз "Тама" деген сөзбен ауыстырылсын;
      1-тармақтағы:
      "Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасына "Осака" зоологиялық паркінің коллекциясын толықтыру үшін Қазақстан Республикасынан Жапонияға барыс әкетуге рұқсат етсін" деген сөздер "Осака" зоологиялық паркінің коллекциясын толықтыру үшін Қазақстан Республикасынан Жапонияға барыс әкетуді ұйымдастырсын" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "Осака" деген сөз "Тама" деген сөзбен ауыстырылсын;

 

     2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

     "2. Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасы (келісім

бойынша), Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі және

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігінің Кеден комитеті

заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасынан барысты әкетуге

көмек көрсетсін".

     2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

        Премьер-Министрі



     Оқығандар:


     Багарова Ж.А.

     Омарбекова А.Т.









Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады