"Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің аймақтық әскери госпиталі" мемлекеттік мекемесін құру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2000 жылғы 3 қазан N 1493

      Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің әскери емдеу-профилактикалық мекемелері кешенін дамыту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. "Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара

 

қызметінің аймақтық әскери госпиталі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі -

Аймақтық госпиталь) құрылсын.

     2. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі (келісім бойынша)

заңнамада белгіленген тәртіппен:

     1) Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің 01061 әскери

бөлімінен берілген мүлікті (ғимараттарды, құрылыстарды, медициналық

жабдықтарды) жедел басқару құқығымен Аймақтық госпитальге беруді;

     2) Аймақтық госпиталь туралы ережені бекіту мен тіркеуді;

     3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз

етсін.

     3. Осы қаулы 2001 жылдың 4 қаңтарынан бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

         Премьер-Министрі





Оқығандар:


     Багарова Ж.А.

     Икебаева А.Ж.






Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады