"Қару жараққа, әскери техникаға және екiұдай мақсаттағы өнiмге экспорттық бақылау туралы" Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 18 маусымдағы Z960009_ Заңына және "Экспорттық бақылауға жататын өнiм транзитiнiң жекелеген мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 11 тамыздағы N 1143 P991143_ қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасының аумағы арқылы Ресей Федерациясынан Өзбекстан Республикасына "Нитро-Взрыв" ашық акционерлiк қоғамы (Мәскеу қаласы, Ресей Федерациясы) 1999 жылғы 16 қарашадағы N 03/2000-НВ келiсiм-шартына 2000 жылғы 5 сәуiрдегі 1-толықтыруға сәйкес Науаи тау-кен-металлургиялық комбинатына (Науаи қаласы, Өзбекстан Республикасы) берiлетiн жарылғыш материалдардың 1-қосымшаға сәйкес санда транзитiне рұқсат етiлсiн.
2. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi Халықаралық темiр жол жүк қатынасы туралы келiсiмнiң қолданылып жүрген "Қауiптi жүктердi тасымалдау ережелерiне" және басқада нормативтiк құқықтық кесiмдерiне сәйкес қауiпсіздiктiң ерекше шараларын қамтамасыз ете отырып, Қазақстан Республикасының аумағы арқылы, 2-қосымшаға сәйкес қозғалыс бағыты бойынша, темiр жол көлiгiмен жүк тасымалын жүзеге асыруды қамтамасыз етсiн.
3. Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiнiң Кеден
комитетi белгіленген тәртiппен жарылғыш материалдардың Қазақстан
Республикасының аумағы арқылы транзитiн бақылауды қамтамасыз етсiн.
4. Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда
министрлігі осы қаулыны жүзеге асыру мақсатында қажетті шараларды
қабылдасын.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2000 жылғы 9 қазандағы
N 1509 қаулысына
1-қосымша
"Нитро-Взрыв" ашық акционерлiк қоғамы (Мәскеу қаласы,
Ресей Федерациясы) 1999 жылғы 16 қарашадағы N 03/2000-НВ
келiсiм-шартына 2000 жылғы 5 сәуiрдегі 1-толықтыруға сәйкес
санда Науаи тау-кен-металлургиялық комбинатына (Науаи қаласы,
Өзбекстан Республикасы) беретін тауарлардың саны
---------------------------------------------------------------------
р/с ! Тауардың атауы, ! Өлшем ! Саны ! Бағасы АҚШ ! Жалпы құны
N ! СЭҚ ТН коды ! бірлігі ! ! долларымен ! АҚШ долларымен
---------------------------------------------------------------------
1 ! ТУ 84-08629124- ! т ! 100 ! 4800.00 ! 480000.00
! 692-97 ТГФ-850 Э!
! шашкалары, !
! 360200000 !
---------------------------------------------------------------------
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2000 жылғы 9 қазандағы
N 1509 қаулысына
2-қосымша
Жарылғыш материалдардың қозғалыс бағыты
Жарылғыш материалдардың қозғалыс бағыты мына бағыттар бойынша жүзеге
асырылады:
Жүк жөнелтушi: "Нитро-Взрыв" ашық акционерлік қоғамы (Мәскеу қаласы,
Ресей Федерациясы)
Шекарадан өту станциясы: Локоть-Шеңгелдi (Қазақстан Республикасы);
Алушы: Науаи тау-кен-металлургиялық комбинаты (Науаи қаласы,
Өзбекстан Республикасы)
Оқығандар:
Багарова Ж.А.
Икебаева А.Ж.