Қазақстан Республикасының бiлiм және мәдениет ұйымдарына, сондай-ақ әскери бөлiмге есiмдер беру және оларды қайта атау туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2000 жылғы 20 қазан N 1576

      "Қазақстан Республикасындағы кәсiпорындарды, ұйымдарды, мекемелердi, темiр жол станцияларын, әуежайларды, сондай-ақ физикалық-географиялық объектiлердi атау мен қайта атаудың және олардың атауларының транскрипциясын өзгертудiң тәртiбiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1996 жылғы 5 наурыздағы N 281 P960281_ қаулысына сәйкес және Атырау, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Маңғыстау, Солтүстiк Қазақстан, Оңтүстiк Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстары әкiмдерiнiң ұсыныстарын ескере отырып Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
      1. 1-қосымшаға сәйкес бiлiм және мәдениет ұйымдарына, сондай-ақ

 

әскери бөлiмге есiмдер берiлсiн.

     2. 2-қосымшаға сәйкес бiлiм ұйымдары қайта аталсын.

     3. Қазақстан Республикасының мүдделi министрлiктерi осы қаулыдан

туындайтын қажеттi шараларды қабылдасын.

     4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енедi.


     Қазақстан Республикасының

         Премьер-Министрі


                                                 Қазақстан Республикасы

                                                       Yкiметiнiң

                                                 2000 жылғы 20 қазандағы

                                                     N 1576 қаулысына

                                                        1-қосымша


         Белгiлi мемлекет және қоғам қайраткерлерiнiң, ғалымдардың,

          жазушылардың, педагогтардың есiмдерi берiлген бiлiм және

          мәдениет ұйымдарының, сондай-ақ әскери бөлiмнiң тiзбесi


                           Атырау облысы бойынша


     Атырау қаласының N 16 орта мектебiне - Жапақ Қаражiгітовтiң есiмi;


                           Жамбыл облысы бойынша



 
       Тараз қаласының көп балалы және аз қамтамасыз етiлген отбасыларына

 

арналған облыстық мектеп-интернатына - Нұрғиса Тiлендиевтiң есiмi;


                         Қарағанды облысы бойынша


     Нұра ауданының Талдысай ауылдық округiндегі орта мектепке - Өмiрзақ

Тұрлыбековтың есiмi;

     Қарқаралы ауданының Қайнарбұлақ ауылдық округіндегі N 18 орта

мектепке - Рамазан Сағымбековтың есiмi;

     "Химия-металлургия институты" еншiлес мемлекеттiк кәсiпорнына -

Жантөре Әбiшевтiң есiмi;

     Ақтоғай ауданының Сарытерек ауылдық округiндегi орта мектепке - Жабас

Кеңесбаевтың есiмi;


                          Қостанай облысы бойынша


     Қостанай облыстық қазақ драма театрына - Iлияс Омаровтың есiмi;


                     Оңтүстiк Қазақстан облысы бойынша


     Сайрам ауданының Ақсу ауылдық округiндегі N 93 орталау мектебiне -

Абылай ханның есiмi;

     Сайрам ауданының Жаңаталап ауылдық округiндегi N 85 орталау мектебiне

- Кенесары Қасымұлының есiмi;

     Сайрам ауданының Қайнарбұлақ ауылдық округі Ошақты ауылындағы

бастауыш мектепке - Құрманғазы есiмi;

     Шардара ауданының Қазақстан ауылдық округi Қазақстан ауылындағы орта

мектепке - Сырбек Кәттебековтың есiмi;


                     Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша


     Тимирязев ауданының Тимирязев жалпы бiлiм беретiн мектеп-гимназиясына

- Сәбит Мұқановтың есiмi;

     Ақжар ауданының Жаңа ауыл орта мектебiне - Қали Хадесовтың есiмi;


                       Шығыс Қазақстан облысы бойынша


     05325 әскери бөлiмiнiң Қызыл Ту ордендi Невель механикаландырылған

құрамасына - Қабанбай батырдың есiмi.


                                                   Қазақстан Республикасы

                                                         Yкiметiнiң

                                                   2000 жылғы 20 қазандағы

                                                      N 1576 қаулысына

                                                          2-қосымша


               Қайта аталуға жататын бiлiм ұйымдарының тiзбесi


                           Маңғыстау облысы бойынша


     Маңғыстау ауданының Тұщықұдық ауылдық округiндегі "1 Май" орта

мектебi - "Қаратөбе" орта мектебi;

     Тұпқараған ауданының Баутино кентiндегi А.Е. Баутин атындағы орта

мектеп - Жалау Мыңбаев атындағы орта мектеп;

     Бейнеу ауданының Төлеп селосындағы Камен орта мектебi - Әбiлғазы

Махутов атындағы орта мектеп;

     Бейнеу ауданының Бейнеу селосындағы Калинин атындағы орта мектеп -

Жұмағали Қалдығараев атындағы орта мектеп;


                     Оңтүстiк Қазақстан облысы бойынша


     Түркiстан қаласының Иасы ауылдық округiндегi "Коммунизм" орта мектебi

- Сабыр Рахымов атындағы орта мектеп;

     Түркiстан қаласының Қарашық ауылдық округiндегi "Победа" орта мектебi

- "Тұран" орта мектебi;

     Қазығұрт ауданының Рабат ауылдық әкiмшiлiгiндегi "Атбұлақ" орта

мектебi - Жамбыл Қаппаров атындағы орта мектеп;

     Ордабасы ауданының Бадам ауылдық округiндегi "Қызыл ту" бастауыш

мектебi - Сәбит Мұқанов атындағы бастауыш мектеп;

     Сайрам ауданының Қайнарбұлақ ауылдық округiндегi В.И. Ленин атындағы

орталау мектеп - Ханай Әдебеков атындағы орталау мектеп.



Оқығандар:

     Багарова Ж.А.

     Икебаева А.Ж.





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады