Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар
жөніндегі агенттігінің 2001-2005 жылдарға арналған Мемлекеттік өртке қарсы
қызметін дамыту және жетілдіру тұжырымдамасы мақұлдансын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2000 жылғы 27 қазандағы
N 1617 қаулысымен
мақұлданған
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөнiндегi
агенттiгiнiң 2001-2005 жылдарға арналған Мемлекеттiк өртке
қарсы қызметiн дамыту және жетiлдiру тұжырымдамасы
1. Кiрiспе
Қазiргi уақытта Қазақстан Республикасында өрт қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету iсi өте қиын жағдайда. Республикада болған өрттiң жалпы саны, жолдағы көлiк оқиғаларын қоса алғанда, барлық табиғи және техногендiк төтенше авариялар санының жартысынан астамын құрайды, ал материалдық шығын олардың сексен пайыздан астамын құрайды.
"Өрт қауiпсiздiгi туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру жөнiнде Қазақстан Республикасының Үкiметi, орталық және жергiлiктi атқарушы органдар қолданған шаралар өрт жағдайын белгiлi бiр дәрежеде тұрақтандыруға мүмкiндiк бередi. Сонымен қатар, Бiрiккен Ұлттар Ұйымының мәлiметтерi бойынша соңғы онжылдықтарда дүние жүзiнiң iс жүзiнде, барлық аймақтарында өрттiң, дүлей зiлзалалардың және олар келтiрген зиянның саны тұрақты өсуi атап өтiлдi, мұның өзi, Қазақстанды да айналып өте алмайды.
Тұрғын үйлерде, электр және газ шаруашылықтарын пайдалануда өрт қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудi бақылау жөнiндегi мемлекеттiк органдарды қысқарту, құрамында өндiрiстiк-технологиялық жанар-жағар майдың, жарылғыш, қатты әсер ететiн улы және радиоактивтi заттардың едәуiр қоры бар өндiрiстiк-технологиялық кешендердің көп болуы, сондай-ақ ескiрген технологиялар мен жабдықтарды пайдалану тұрғын үйлерде, кәсiпорындарда және ұйымдарда төтенше жағдайлар мен апаттардың туындауы ықтимал қауiпке жағдай жасайды.
Ескiрген технологиялар мен өндiрiстiк жабдықтарды пайдаланатын мемлекеттерде зардабы ауыр өрт, авария және апаттар туындау ықтималдығы едәуiр артады, олардың қатарына, өкiнiшке орай, Қазақстан да жатады.
Мамандардың бағалауы бойынша, өрттен кейiн зардап шеккен кәсiпорындардың 29 пайызы 3 жылдан кейiн жабылады, 43 пайызы одан кейiн мүлдем ашылмайды және тек 28 пайызы ғана өрттен кейiн де жұмыс iстей бередi.
Республикада өрт қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мәселелерiн шешу үшiн өрттер мен олардың зиянын болдырмауға бағытталған экономикалық, әлеуметтiк, ұйымдастырушылық, ғылыми-техникалық және құқықтық шараларды бiртұтас қабылдау қажет.
Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар кезiнде өрттi жою, құтқару және басқа да шұғыл жұмыстар жүргiзу үшiн Мемлекеттiк өртке қарсы қызметтiң құрамында 339 аудандық, қалалық өрт сөндiру бөлiмдерi, олар 1,5 мыңға жуық негiзгi және арнайы өрт сөндiру техникасымен жабдықталған, оның iшiнде арнайы техникамен жабдықталған және жергiлiктi атқарушы органдардың инженерлiк және коммуналдық қызметтерiнiң негiзгi күштерi мен құралдары келiп жеткенше адамдарды құтқаруды және әртүрлi аварияларды жоюды жүргiзуге қабiлеттi 21 мамандандырылған өрт сөндiру бөлiмi бар. Мемлекеттiк өртке қарсы қызмет өрт болуы және өрт қауiпсiздiгi ережелерiнiң бұзылғандығы туралы iстер бойынша анықтауды жүргiзетiн орган болып табылады, оның құрылымына арнаулы қадағалау органы - мемлекеттiк өрттi қадағалау органы кiредi.
Халықты, шаруашылық жүргiзетiн объектілердi және елдiң аумағын соғыс және бейбiт уақытта туындаған төтенше жағдайлардан және оның қаупiнен қорғау мақсатында Мемлекеттiк өртке қарсы қызмет жүйесiнде жалпы саны 10 мың бiрлiктен астам қосымша арнайы құралымдар құрылады.
Сонымен бiрге, қазiргi қолда бар күштер мен құралдар өрт қауiпсiздiгi, өрттердi жою саласында профилактикалық iс-шараларды жүзеге асыру, бiрiншi кезектегi авариялық-құтқару жұмыстарын жүргiзу, зардап шеккендерге медициналық көмек көрсету үшiн жеткiлiксiз.
Қазiргi уақытта, Қазақстанда өрт нағыз ұлттық апатқа айналды, алайда, шығындар ауқымын халық және көптеген мемлекеттiк құрылымдар әрдайым түсiне бермейдi. Өртке қарсы қызметтiң қабылдаған шараларына қарамастан, 1999 жылы 16 мың өрт болды, оның келтiрген зияны 2,9 миллиард теңгенi құрады. Өрт кезiнде 579 адам қаза тапты, 490 адам жарақат алды. Өрттен келген залал өсiмiнiң орташа жылдық қарқыны орта есеппен 5-7 пайызға өсуде (бiрiншi жартыжылдықта өрт саны 9 пайызға өстi), әлеуметтiк-экономикалық қайта құрулардың қарқынына едәуiр керi әсерiн тигiздi. Мамандардың бағалауы бойынша 2000 жылы өрттен келетiн шығын 3 миллиардтан астам теңге құрауы мүмкiн, (инфляция процестерiн есепке алмағанда), өрттен зардап шеккендердiң саны 800 адамнан асады, жарақат алғандар - 600 адамнан асады. Таяудағы 3 жыл iшiнде өрттiң саны екi есе, ал материалдық шығын шамамен - 4 есе өсуi мүмкiн. Мұның өзi, көбiнесе, апат сипатында болып келетiн едәуiр экологиялық зиянды (ормандағы, мұнай және газ кен орындарындағы, химиялық кәсiпорындардағы, электр станцияларындағы өрттерден және т.б.) ескермегенде.
Қазақстандағы өрттiң келтiрген салыстырмалы шығын деңгейi ТМД елдерiнiң iшiндегi салыстырмалы көрсеткiштердiң ең жоғарыларының бiрi (адамдардың қайтыс болуы мен жарақаттануы шығындарын ескермегенде), Украинамен салыстырғанда - 1,5 есе, Қырғызстанмен - 2 есе, Белоруссия және Өзбекстанмен - 3 есе асып кетедi.
Қазақстан Республикасындағы өртке байланысты қалыптасқан жағдай ондаған жылдар бойы жинақталған және өзiнiң шешiмiн таппаған экономикалық, әлеуметтiк, нормативтiк-құқықтық, қаржылық және материалдық-техникалық сипаттағы проблемалар кешенiнен туындады.
Өртке қарсы қызметтiң дайындығын қолдауда қабылданған шаралар, онсыз да әлсiз өрттен қорғаудың қазiргi әлеуетiн қирату жөнiндегi керi тенденцияларды тоқтатуға мүмкiндiк бермейдi.
Жекелеген жергiлiктi атқарушы органдар, ұйымдар мен кәсiпорындардың өрт сөндiру қызметiн қысқарту немесе оны ұстаудан бас тарту есебiнен қаржылық қаражатты үнемдеуге ұмтылысы артуда, мұның өзi, өртке қарсы күрес проблемасын таяу уақытта, одан әрi шиеленiстiруi мүмкiн. Колхоздар мен совхоздардың қайта ұйымдастырылуына, ұйымдар мен кәсiпорындардың меншiк нысанының өзгеруiне байланысты ерiктi өрт сөндiру жасақтары мен өрт сөндiру-техникалық комиссиялары, iс жүзiнде жойылды, мұның өзi, олардың өрттен қорғана алмауына әкеп соқты.
Жаңа тұрғын үй заңнамасының қабылдануына байланысты, азаматтардың өздерiнiң тұрғын үйлерiн өрт қауiпсiздiгi жағдайында ұстау жөнiнде тиiстi шаралар қолдануға шамасы жетпейдi, сонымен бiр мезгiлде сақтандыру органдары, сақтандырудың мейлiнше жоғары рентабельдiгiне қарамастан, тұрғын үй қорын ғана емес және кәсiпорындардың, ұйымдар мен мекемелердiң негiзгi қорларын өрттен сақтандырумен айналыспайды, ал объектiлердiң басшылары мен азаматтар оның келешегiн түсiнбейдi.
Халықтың басым көпшілiгi өрттiң нақты қаупi, өртке қарсы насихат жүргiзу жөнiнде шаралар жүйесi туралы анық түсiнiктерi жоқ. Нәтижесiнде, азаматтардың көпшілiгi үшiн өрт болуының ықтималдығы мардымсыз оқиға сияқты болып көрiнедi, өртке қарсы талаптар еленбейдi және өрттiң шығуына, көбiнесе адам факторы деп аталатынның себептерiнен болып жатады.
Өртке қарсы қызметтi ресурстық жағынан қамтамасыз етудi шектеу өрт сөндiру iсiнде, сондай-ақ соларға байланысты авариялық-құтқару жұмыстарын жүргiзуде дағдарысты жағдайға әкеп соқтырды, жедел өрт сөндiру бөлiмшелерiнiң әскери дайындығының өсуi тежелуде. Өрт сөндiруге қажеттi техникалық құралдардың тиiстi өндiрiстердiң Қазақстанда болмауынан, құны жоғары көптеген өнiм түрлерiнiң 10-15 пайызы ғана қанағаттандырылады, өртке қарсы қызмет объектiнiң 30 пайызына дейiн күрделi жөндеудi қажет етедi, өрт сөндiру техникасының 56 пайызы есептен шығаруды және жаңартуды қажет етедi, авариялық құтқару жұмыстарын жүргiзу үшiн қажеттi арнайы техника, мүлде iс жүзiнде жоқ. Қазақстандағы өртке қарсы қызмет бөлiмшелерiнiң қолда бар саны өрттен сақтандыру және оны сөндiру жөнiнде тиiмдi жұмыспен қамтамасыз ету үшiн жеткіліксiз, өрттің 60 пайызы болатын ауылдық жерлерде, iс жүзiнде, Мемлекеттiк өртке қарсы қызметтiң жұмыс iстеуге қабiлеттi бөлiмшелерi жоқ.
Қазақстандағы өрт қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету iсiнiң дағдарысты жағдайына және өртке қарсы күрестi ұйымдастыру iсiнде келеңсiз тенденциялардың бел алуына қарамастан, проблемалардың бүкiл кешенiн мемлекеттiк деңгейде қарау жүргiзiлмеген.
2. Мақсаттары мен мiндеттерi
Тұжырымдаманың мақсаты адамдардың өмiрi мен денсаулығын, меншiгiн, ұлттық байлықты және өрт қауiпсiздiгi саласында қоршаған ортаны қорғау, ұйымдар мен адамдардың қызметiндегi қатер деңгейiн анықтау, өрттiң алдын алу және оны жою шараларына үйрету жөнiндегi орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың қызметiн жетiлдiру және төтенше жағдайларда өрттi уақытылы және тиiмдi сөндiру жөнiндегi Мемлекеттiк өртке қарсы қызметтiң тұрақты дайындығын қамтамасыз ету және қызметiн одан әрi жетiлдiру болып табылады, қойылған мақсаттарға қол жеткiзу үшiн мынадай мiндеттердi шешу көзделедi:
- өрт қауiпсiздiгi саласындағы бiрыңғай саясаттың негiзгi бағыттарын әзiрлеу;
- орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың өрт қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудегi қызметiн үйлестiруге қатысу, олардың өрт қауiпсiздiгi саласындағы нормативтiк құқықтық кесiмдердi орындауын бақылау;
- кадр әлеуетiн нығайту, өрт сөндiрушiлердiң құқығын қорғауды қамтамасыз ету (кәсiби iрiктеу жөнiнде стандарттар жүйелерiн және құралдарын жасау, жинақтаудың баламалы нысандарын енгiзу және т.с.с.);
- өртке қарсы қызметтiң материалдық-техникалық базасын дамыту (сериямен шығарылатын өртке қарсы өнiмдердi шығару және сатып алу және т.с.с.);
- өрттен зардап шеккендердi әлеуметтiк қорғау жағдайларын жақсарту, өрт кезiнде азаматтардың өлiмiн және жарақаттануын төмендету жөнiндегi шаралармен қамтамасыз ету (өтемақы төлеу, мiндеттi сақтандыру);
- аймақтық-құтқару отрядтарының және мамандандырылған бөлiмдердiң желiсiн құру және дамыту;
- өртке қарсы қызметтiң ұйымдық құрылымын жетiлдiру (жаңа функцияларға сәйкес қайта құру).
3. Жағдайды сипаттау
Әлемнiң дамыған елдерiнен өзгешiлiгi, Қазақстан Республикасында, қазiргi уақытта, өрт қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету саласындағы қарым-қатынасты реттейтiн құқықтық база, ендi ғана, қалыптасуда.
Бұл саладағы қазiргi нормативтiк құқықтық кесiмдер шашыраңқы, "Өрт қауiпсiздiгi туралы" Қазақстан Республикасы Заңының ережелерiне жауап бермейдi, көптеген талаптарына қайшы келедi, өрт қауiпсiздiгi мәселелерiн, сондай-ақ Мемлекеттiк өртке қарсы қызметтiң, салалық өртке қарсы қызметтiң өзара қарым-қатынасын, олардың орталық және жергiлiктi атқарушы органдармен, жаңа әлеуметтiк-экономикалық жағдайлардағы меншiк иелерiмен құқықтық қарым-қатынастар реттейтiн тетiгi ескiрген.
МӨҚҚ органдарының, оның функцияларының артуына, қызмет көрсету аймағына қосымша объектiлердiң қосылуына, елдi мекендердің шекараларының кеңеюiне байланысты жұмыс көлемi де өсуде.
Тұрғын үй секторы бiр бөлiгiнiң қайта жаңартылып, өнеркәсiптiк, қойма кәсiпорындарына, дүкендерге, кеңселерге қайта жабдықталуы, жаңа өнеркәсiптiк кәсiпорындардың, оның iшiнде, шалғай аудандарда, салынуы, жұмыс iстеп тұрған кәсiпорындардың кеңейтілуi.
Өндiрiстiк аймақтарда профилактикалық жұмыстың, бiлiмнiң насихатталуы, халық пен мамандарды өрт қауiпсiздiгi шараларына үйрету, ғылыми-зерттеу қызметiнiң, лицензиялау мен сертификаттаудың тиiмсiз жүргiзiлуi.
Өрттi, өрт-жарылу қаупi бар кәсiпорындарды және олар пайдаланатын қауiптi химиялық өндiрiстер мен технологиялар, заттар мен материалдарды есепке алу жөнiндегi арнайы ақпараттық жүйелер мен деректер банкiнiң болмауы.
Өртке, сондай-ақ, оның қоғамдық, өндiрiстiк ғимараттар мен құрылыстардағы зардаптарына қарсы күрестiң неғұрлым тиiмдi құралдары ретiнде өрттi анықтау мен сөндiрудiң автоматтандырылған жүйелерiн енгiзу жағдайы ауыр күйiнде қалуда. Көрсетiлген жүйелер үшiн элементтер мен жабдықтарды шығаратын негiзгi кәсiпорындар Украина, Белоруссия, Ресей мен Латвияда орналасқан. Қазiргi уақытта қалыптасқан экономикалық жағдайға байланысты, Қазақстанның шаруашылық жүргiзушi объектiлерiнiң қажеттiлiгiн бұл кәсiпорындардың өндiрiстiк қуаты қанағаттандыра алмайды, осыған байланысты, шет елдерден жабдық сатып алу үшiн мемлекет едәуiр валюталық қаражат жұмсауда, көптеген жағдайда, сатып алынған жабдықтар пайдаланудың белгiленген нормативiне сай келмейдi. Сондықтан да, қазiргi техникалық деңгейге сай келетiн отандық жабдықтар мен жүйелердiң сериялық өндiрiсiн игеру қажеттiлiгi пiсiп жетiлдi. Одан басқа, қысқа мерзiм iшiнде олардың деңгейi еуропалық және американдық стандарттарға сай келетiн бiрқатар мемлекеттiк нормативтiк құжаттар жасау қажет.
Өртке қарсы қызмет қазiргi заманғы ғимараттар мен тұрғын үйлерде, өнеркәсiп объектiлерiнде, әкiмшiлiк, сондай-ақ, көпқабатты үйлерде өртпен нәтижелi күресуге мүмкiндiк беретiн сапалы жаңа техникалық құралдармен жабдықталмаған, атап айтқанда:
- тез жанатын және жағармай сұйықтарын, сондай-ақ, сұйытылған көмiрсутектi газдарды сақтайтын сыйымдылығы мол резервуарлары бар өрт сөндiретiн техникалық құралдар;
- негiзгi және арнайы мақсаттағы, қазiргi заманғы шассидi тiрек ететiн жаңа өрт сөндiретiн автомобильдер;
- тұрғын үй секторында өрттi тиiмдi сөндiруге жабдықталған өрт сөндiретiн техникалық құралдар;
- экологиялық зияны жоқ өрт сөндiретiн қоспалар;
- адамдарды құтқаратын және эвакуациялайтын қазiргi заманғы құралдар.
Қазақстанның облыс орталықтарында Мемлекеттiк өртке қарсы қызметтiң жедел хабарлау жүйесiне бiрiккен, есептеушi техниканың жергiлiктi желiлерi базасында автоматтандырылған жүйелер мен өртке қарсы қызметтi жедел басқаруды дамыту және енгiзудi қамтамасыз ету қажет, мұның өзi, жедел ден қою уақытын өрт туралы әрбiр хабарламадан 1,5-2 минутқа қысқартуға мүмкiндiк бередi, өрт шығынын 9 пайызға дейiн азайтады, өрттi сөндiру кезiнде және бiрiншi кезектегi авариялық құтқару жұмыстарын жүргiзуде өрт сөндiру басшысын қажеттi ақпаратпен қамтамасыз етедi, өрт сөндiрудiң байланыс жүйелерiн елдi мекендер мен кәсiпорындардың тiршiлiгiн қамтамасыз ететiн ақпараттық қолдау жүйелерiмен қосады.
Шет елдерде 50 мыңнан асатын халқы бар барлық қалаларда, жедел ден қоятын бөлiмшелердiң уақытын 30-40 пайызға қысқартатын осындай автоматтандырылған жүйелер бар.
Қазақстан Республикасында өртке қарсы қызметке ведомстволық бағынышты 375-ке жуық объект бар немесе норма бойынша талап етiлетiннiң 56 пайызы, оның 10 пайызы (38) толық амортизацияланғандықтан, одан әрi пайдалануға жарамайды. Одан басқа, өрт сөндiру депо құрылысының қарқынын қалалардағы азаматтық және өнеркәсiп құрылысының қарқынынан едәуiр артта қалуда және
қорыта келгенде көптеген қалалардағы өрт сөндiру депосының қызмет көрсету
радиусы нормативтен 3-5 есе жоғары, мұның өзi өрт кезiнде адамдардың
ықтимал жарақат алуы мен қайтыс болуы, өрттiң келтiрген шығынының өсуiне
әкеп соғады. Мемлекеттiк өртке қарсы қызметтің қалыпты жұмыс iстеуiн
қамтамасыз ету үшiн әртүрлi мақсаттағы 290-ға жуық объект салуды талап
етіледi.
4. Тұжырымдаманы iске асыру жөнiндегi iс-шаралар
Анықталған проблемаларды шешу үшiн:
- Мемлекеттiк өртке қарсы қызметтi дамыту және жетiлдiру салалық
бағдарламасын әзiрлеудi;
- өрт қауiпсiздiгi жөнiндегi заңнамаға талдау жүргізу және оларды
жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар дайындауды;
- орталық атқарушы органдармен бiрлесiп өрт қауiпсiздiгi жөнiнде
келiсiмдер әзiрлеудi;
- орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың өрт қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету саласындағы жұмысын үйлестiру жөнiндегi қызметтi жандандыруды;
- өрт қауiпсiздiгi саласында ғылыми-зерттеу қызметiн дамыту, бiлiмдi насихаттау, азаматтар мен мамандарды оқыту, заттар мен материалдарға сертификациялық сынау жүргiзу жөнiндегi шараларды қабылдауды;
- өрттiң алдын алу жөнiндегi мемлекеттiк өрттi қадағалау органдарының және өрт туындауы себебiн анықтау бойынша тергеудi жүргiзетiн органдардың қызметiн;
- өрт сөндiру қызметтерiн ұйымдастыруды және авария және құтқару жұмыстарын жүргiзудi жетiлдiрудi;
- кадрларды даярлау, қайта даярлау кәсiптiк шеберлiгiн және жұмысқа жарамдылығын арттыру жөнiндегi шаралар кешенiн қабылдауды жүзеге асыру қажет.
5. Қорытынды
Тұжырымдамада белгіленген iс-шараларды орындауға инвестициялар уақытылы жүзеге асырылған жағдайда 2005 жылға дейiнгi кезеңде көптеген дамыған елдерге тән өртпен күресудiң нәтижелерiне қол жеткiзiп, өрттің шығынын 20-30 пайызға қысқарту, өрт кезiнде адамдардың қаза болуы мен жарақаттануын азайтуға, өрт қауiпсiздiгiнiң тиiмдi жүйесiн құруды және өртке қарсы қызметтiң жұмыс iстеуi үшiн қажеттi материалдық-техникалық база құруды қамтамасыз ету мүмкiн болады.
Бұдан басқа, тұжырымдамада көзделген iс-шараларды iске асыру:
- өрт қауiпсiздiгi саласындағы экономикалық, әлеуметтiк, ұйымдастырушылық, ғылыми-техникалық және құқықтық сипаттағы мәселелердi шешуге;
- адамдардың денсаулығын, меншiгiн, ұлттық байлықты және қоршаған ортаны өрттен қорғау жөнiндегi шараларды арттыруға;
- өрттен болатын адамдар өлiмiн және жарақатын, сондай-ақ, тiкелей және жанама шығынды төмендетуге қол жеткiзуге;
- азаматтар мен ұйымдардың қызметiндегi қатер деңгейiн айқындау, өрт қауiпсiздiгi саласындағы алдын алу шаралары мен профилактикалық iс-шараларды жүзеге асыруға азаматтарды оқытуға;
- орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың өрт қауiпсiздiгi саласындағы қызметiн үйлестiрудi күшейтуге;
- құқықтық қайшылықтарды шешу және өрт кауiпсiздiгi саласындағы мемлекеттiк реттеудiң кешендi жүйесiн құруға;
- бiрiншi кезектегi өртке қарсы және авариялық-құтқару жұмыстарын жүргiзудi және зардап шеккендерге алғашқы көмек көрсетуге арналған қазiргi заманғы құралдармен жабдықталған авариялық-құтқару отрядтарының мамандырылған бөлiмшелерiнiң аймақтық желiлерiн көбейтуге;
- өрт сөндiретiн арнайы өртке қарсы қызмет бөлiмiнiң құрамында арнайы
өрт сөндiру және авариялық-құтқару техникасымен, соның iшiнде,
автомобильдермен жабдықталған жедел ден қою бөлiмшелерiн құруға,
құралдармен (көбiк жинағыш, қатты-аэрозольды және су-аэрозольды өрт
сөндiргiштерiмен, қазiргi заманғы арнайы құралдарымен) жабдықтауға;
- жедел ден қою және жедел байланыс жүйелерiмен жабдықтау және
қолданудың тактикалық тәсiлдерi мен нормативтерiн әзiрлеу және енгiзу әрi
қолдануға мүмкiндiк бередi.
Оқығандар:
Багарова Ж.А.
Омарбекова А.Т.