Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң ақпараттық-маркетингтiк жүйесiн қалыптастыру мәселелерi туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2000 жылғы 30 қазан N 1627

      Нарық жағдайында ауыл шаруашылығы өндiрiсi субъектiлерiнiң ақпараттық қамтамасыз етiлуiн арттыру және ауыл шаруашылығы саласын тиiмдi мемлекеттiк реттеудi қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
      1. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң ақпараттық-маркетингтiк жүйесiн (бұдан әрi - АШМ АқМЖ) қалыптастырудың тұжырымдамасы мақұлдансын.
      2. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгiнiң келiсiмiмен Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi ақпараттық-маркетингтiк жүйесiнiң жұмыс iстеу ережелерiн әзiрлесiн және бекiтсiн.
      3. Облыстардың әкiмдерi, Қазақстан Республикасының мемлекеттiк кірiс, көлiк және коммуникациялар, энергетика, индустрия және сауда министрлiктерi, Қазақстан Республикасының Статистика жөнiндегi агенттiгi, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi (келiсiм бойынша) АШМ АқМЖ Тұжырымдамасына сәйкес Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгiне мәлiметтердiң уақытылы берiлуiн қамтамасыз етсiн.
      4. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi 78 "Мемлекеттiк органдарды ақпараттандыру жөнiндегi бағдарламаны iске асыру" бағдарламасы бойынша республикалық бюджетте көзделетiн қаражаттың есебiнен АШМ АқМЖ-ны қаржыландыруды қамтамасыз етсiн.
      5. Облыстардың әкiмдерiне "Ауыл шаруашылығының ақпараттық-маркетингтiк жүйесiн дамыту" бюджеттiк бағдарламасын көздеу ұсынылсын.
      6. "Агроөнеркәсiп кешенiнде бiрыңғай ақпараттық-маркетингтiк жүйе

 

құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 22 желтоқсандағы

N 1815 


P971815_


  қаулысының (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1997 ж.,

N 57, 513-құжат) күшi жойылды деп танылсын.

     7. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы

Премьер-Министрінің орынбасары Д.К. Ахметовке жүктелсін.

     8. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

         Премьер-Министрі


                                       Қазақстан Республикасы Үкіметінің

                                            2000 жылғы 30 қазандағы

                                                N 1627 қаулысына

                                                     қосымша


            Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң

                  ақпараттық-маркетингтiк жүйесiн (АШМ АқМЖ)

                                қалыптастырудың

                                 ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ


     1. Мақсаты



 
       1.1. Ауыл шаруашылығы тауар өндiрушiлерi мен мемлекеттiк органдар, сондай-ақ аграрлық рынокқа басқа да қатысушылар арасында талдау және маркетингтiк ақпаратты жедел алмасуды қамтамасыз ету.
      1.2. Саланы тиiмдi мемлекеттiк реттеудi қамтамасыз ету.
 
      2. Нысанасы және объектiсi
 
      2.1. Ауыл шаруашылығы секторында жұмыс iстейтiн мемлекеттiк және

 

мемлекеттiк емес органдарды бiрыңғай ақпараттық желiге бiрiктiру және оның

негiзiнде тенденциялары серпiнiн көрсетуге қабiлеттi икемдi ақпараттық

базаны құру болып табылады.

     2.2. Өзiне сандық және сапалық көрсеткiштердi, статистикалық ақпарат

пен мәтiндiк деректердi қамтитын агроөнеркәсiп сипатындағы ақпарат объект

болып табылады.


     3. Мiндеттерi


     Мынадай мақсаттарда ақпаратты жинау мен талдамалық өңдеу АШМ АқМЖ-нiң

мiндеттерi болып табылады:

     3.1. ауыл шаруашылығы тауар өндiрушiлерiн ақпараттық қамтамасыз ету:

     - өткiзу рыногы мен баға конъюнктурасы жөнiндегi ақпаратты;

     - ауыл шаруашылығы өндiрiсiне несие беру жөнiндегi ақпаратты;

     - агротехнологиялар, сондай-ақ техникалық және технологиялық сервис

жөнiндегі ақпаратты;

     - талдау материалдарын;

     - бизнес байланыстарын, әрiптес iздеу мен iскерлiк байланыстар

орнатуды;

     - ұсынымдарды;

     - салық және кеден заңнамасы жөнiндегi консалтингтi, нормативтiк

құқықтық қамтамасыз етудi және т.б. қамтиды;

     3.2. мемлекеттiк басқару органдарын ақпараттық қамтамасыз ету:

     - ауыл шаруашылығы өндiрiсiнiң негiзгi өндiрiстiк-қаржылық

көрсеткiштерi жөнiндегi ақпаратты;

     - экспорт-импорттың көлемi мен баға көрсеткiштерiн;

     - өндiрiстiң тауар топтары, салалары және аймақтары бойынша

шығындарын;

     - ауыл шаруашылығы өнiмдерiнiң негiзгi түрлерi бойынша

қаржылық-өндiрiстiк және баға теңгерiмдерiн;


 
       - ауыл шаруашылығы мен басқа да шаруашылықтардың стратегиялық

 

маңызды көрсеткiштерi мен бағыттары жөнiндегi ағымдағы жағдай туралы жедел

деректерiн қамтиды.


     4. АШМ АқМЖ-нiң қызметiне әкiмшілiк жүргiзу мен үйлестiру


     АШМ АқМЖ-нiң қызметiн қамтамасыз ету жөнiндегi әкiмшiлiк функцияларын

Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi жүзеге асырады,

сондай-ақ оған АШМ АқМЖ-не қатысушылардың өзара iс-қимыл жасауын үйлестiру

мәселелерi жүктеледi.


     5. АШМ АқМЖ-нiң ақпараттық ағындары


     5.1. АШМ АқМЖ-не енетін ақпарат

     Ұсынылатын ақпараттың көздерi:

     Ауыл шаруашылығының облыстық департаменттері (1-қосымша).

     Министрлiктер мен ведомстволар (2-қосымша)

     - Мемлекеттiк кiрiс министрлiгi;

     - Энергетика, индустрия және сауда министрлiгi;

     - Статистика жөнiндегі агенттiк;

     - Ұлттық Банк;

     - Көлiк және коммуникациялар министрлiгi;

     - Тауар биржалары және көтерме рыноктар.


     5.2. АШМ АқМЖ-нен шығатын ақпарат

     Ақпарат ҚР Ауыл шаруашылығы министрлiгi бекiтетiн тiзбеге сәйкес

берiледi (3-қосымша).


     6. Техникалық шешiм



 
       АШМ АқМЖ-сiн құру қолданылып жүрген корпоративтiк жүйенiң тасымалдау

 

мүмкiндiктерiн пайдалану негiзiнде жүргiзiледi. Мұнда ҚР Ауыл шаруашылығы

министрлiгiн және ауыл шаруашылығының облыстық департаменттерiн - бөлiнген

жүйелер бойынша, ал аудандарды - коммутациялық жүйе бойынша iске қосу

көзделедi. АШМ АқМЖ-нiң негiзгi құрылымы мынадай тораптарды қамтиды:

     - Әкiм (1 бiрлiк, сервер және АШМ АқМЖ жабдығы)

            (10 бiрлiк, 1 компьютер мен 1 модемнен)

     - Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң аумақтық комитеттерi:

       - облыстық (14 бiрлiк, 2 компьютер мен 2 модемнен)

       - қалалық (36 бiрлiк, 1 компьютер мен 1 модемнен)

       - аудандық (161 бiрлiк, 1 компьютер мен 1 модемнен)

     - Ауыл шаруашылығы департаменттерi:

       - облыстық (14 бiрлiк, 2 компьютер мен 2 модемнен)

       - аудандық (161 бiрлік, 1 компьютер мен 1 модемнен)


     АШМ АқМЖ-сiн құру мынадай екi кезеңде жүзеге асырылады:


     1. АШМ АқМЖ-нiң iске қосылуы, 2000 жыл

     - Ауыл шаруашылығы министрлiгiн (Әкiмшiнi) техникалық қамтамасыз ету:

       - АШМ АқМЖ-сi үшiн жабдық сатып алу;

       - бағдарламалық қамтамасыз етудi әзiрлеу және сатып алу.

     - АШМ АқМЖ-сiнiң тораптарын техникалық қамтамасыз ету.

       Республикалық деңгей:

       - компьютерлердi сатып алу - 10 бiрлiк;

       - модемдердi сатып алу - 10 бiрлiк.

     Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң аумақтық комитеттерi, соның iшiнде:

     облыстық:

     - компьютерлерді сатып алу - 28 бірлік;

     - модемдерді сатып алу - 28 бірлік.

     қалалық:

     - компьютерлерді сатып алу - 6 бірлік;

     - модемдерді сатып алу - 6 бірлік.


                                                               (мың теңге)

--------------------------------------------------------------------------

    Шығындардың             | Қажеттілік  | Қаржыландыру көздері |Сомасы

       атауы                |-------------|----------------------|--------

                            |жалпы |баға. |Республикалық бюджет**| жиыны

                            |саны  |сы*   |----------------------|

                            |      |      |   саны     | сомасы  |

--------------------------------------------------------------------------

АқМЖ-нің тораптарын іске       16      140    16          2 240      2 240

қосу


Компьютерлер, соның ішінде:    44      280    44         12 320     12 320


Республикалық деңгей           10             10          2 800


Облыстық деңгей                28             28          7 840


Қалалық деңгей                  6              6          1 680


Модемдер,

оның ішінде:                   44       25                1 100      1 100


Республикалық деңгей           10             10            250


Облыстық деңгей                28             28            700


Қалалық деңгей                  6              6            150


Бағдарламалық қамтамасыз ету                              2 850      2 850


Жабдық (серверлер,                                        2 290      2 290

маршрутизаторлар, кәсіптік   

модемдер, НUВЕ (қосуға   

арналған құрылғы), желілік

карталар, спутник антенналары,

спутник модемдері)


Барлығы                         х                        20 800     20 800

---------------------------------------------------------------------------

     * - болжамды бағалар бойынша

     ** - 2000 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген қаражат

шегінде


     2. АШМ АқМЖ-сін дамыту, 2001 жыл.

     - АШМ АқЖМ-сі тораптарын техникалық қамтамасыз ету:

     Ауыл шаруашылығы министрлігінің аумақтық комитеттері, оның ішінде:

     қалалық: 

     - компьютерлерді сатып алу - 30 бірлік

     - модемдерді сатып алу - 30 бірлік

     аудандық:

     - компьютерлерді сатып алу - 161 бірлік

     - модемдерді сатып алу - 161 бірлік

     Ауыл шаруашылығы департаменттері, оның ішінде:

     облыстық:

     - компьютерлерді сатып алу - 28 бірлік

     - модемдерді сатып алу - 28 бірлік

     аудандық:

     - компьютерлерді сатып алу - 161 бірлік

     - модемдерді сатып алу - 161 бірлік


          АШМ АқМЖ-сін дамытуға 2001 жылға арналған шығындар, теңге*

---------------------------------------------------------------------------

   Шығындардың   |Қажеттілік  | Қаржыландыру көздері   

      атауы      |------------|--------------------------------------------

                 |Жалпы |Баға.|Республикалық бюджет**  | Жергілікті бюджет

                 |саны  |сы*  |------------------------|-------------------

                 |      |     |   саны     |  сомасы   |  саны   |  сомасы

---------------------------------------------------------------------------

Компьютерлер,       380    280                              189    52 920

оның ішінде:         


Облыстық деңгей      28                                      28     7 840


Қалалық деңгей       30


Аудандық деңгей     322                                     161    45 080


Модемдер,           380    25                               189     4 725

оның ішінде:           


Облыстық деңгей      28                                      28       700


Қалалық деңгей       30


Аудандық деңгей     322                                     161     4 025


Жабдық                х     х       22 196   

(серверлер,  

маршрутизаторлар,

кәсіптік модемдер,

НUВЕ (қосуға        

арналған құрылғы),

жүйелік карталар,

спутник антенналары,

спутник модемдері)


Барлығы               х             22 196                         57 645

---------------------------------------------------------------------------


таблицаның жалғасы:

-----------------------------------------------------

   Шығындардың   |Қаржыландыру көздері     | Сомасы

      атауы      |-------------------------|      

                 |     Сыртқы заемдар***   | Барлығы

                 |-------------------------|

                 |    саны     |  сомасы   |

-----------------------------------------------------

Компьютерлер,        191          53 480     106 400

оның ішінде:        


Облыстық деңгей 


Қалалық деңгей        30           8 400


Аудандық деңгей      161          45 080


Модемдер,            191           4 775       9 500

оның ішінде:        


Облыстық деңгей     


Қалалық деңгей        30             750


Аудандық деңгей      161           4 025


Жабдық                                         22 196

(серверлер,  

маршрутизаторлар,

кәсіптік модемдер,

НUВЕ (қосуға        

арналған құрылғы),

жүйелік карталар,

спутник антенналары,

спутник модемдері)


Барлығы                           58 255      138 096

---------------------------------------------------------------------------

     * - болжамды бағалары бойынша

     ** - 2001 жылғы арналған республикалық бюджетте көзделген қаражат

шегінде

     *** - "Ауыл шаруашылығын жекешелендіруден кейінгі қолдау" жобасы

бойынша ХҚДБ заемы шегінде


     7. Бағдарламалық қамтамасыз ету


     АШМ АқМЖ-сі үшін бағдарламалық қамтамасыз ету мыналарға мүмкіндік

беруге тиіс:

     7.1. желіге қатысушылар арасында құжаттық айналымды жүйеге келтіруге;

     7.2. дерекқорды басқаруға;

     7.3. ақпаратты талдамалық өңдеудi жүргiзуге;

     7.4. өңделген ақпаратты түпкi нысанды ұсынуды қамтамасыз етуге.


     8. Ақпарат құпиялылығының мәселелерi



 
       Әкiмшi "Мемлекеттiк статистика туралы" ҚР Заңының "Заңды және жеке

 

тұлғалар құқықтарының кепiлдiктерi" 13-бабына сәйкес АШМ АқМЖ-сi берген

бастапқы статистикалық мәлiметтiң құпиялылығын қамтамасыз етедi.

     8.1. Қол жеткiзу дәрежесi бойынша ақпаратты бөлу:

     а) қорытылған, жиынтық ақпарат (ақысыз);

     б) ақылы негiзде ұсынылатын негізгi ақпарат шегiнен тыс мақсатты

топтардың қажеттiктерiн қамтамасыз ететiн ақпарат;

     в) жеке тапсырыс - жеке келiсiм негiзiнде жеке құн бойынша ұсынылатын

арнайы ақпарат.

     8.2. Бақылау.

     Әкiмшi желiге қол жеткiзудiң құпиялылығын қамтамасыз етудiң

бақылануын жүзеге асырады.


     9. Түпкi нәтиже



 
       Ауыл шаруашылығы секторына тiкелей және жанама қатысы бар ақпаратты

 

жинақтау және саралау оны Үкiметке, мемлекеттiк органдарға және аграрлық

рыноктың қатысушыларына жедел ұсыну.

     9.1. Ақпаратты ұсынудың нысаны.

     а) Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң ақпараттық бюллетенiн ай сайын

және тоқсандық кезеңде шығару.

     б) Әлемдiк Интернет жүйесiнде "Қазақстанның ауыл шаруашылығы" жеке

WЕВ-сайтын қалыптастыру.

     в) Бұқаралық ақпарат құралдарындағы жарияланымдар.

     г) Жүйенiң пошта қызметi бойынша нақты сұраныстар бойынша ақпарат

беру.

     9.2. АШМ АқМЖ-сiн пайдаланушылар.

     - Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшiлiгi;

     - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Кеңсесi;

     - Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi;

     - Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi;

     - Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кiрiс министрлiгi;

     - Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігі;

     - Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда

министрлігі;

     - Қазақстан Республикасының Статистика жөніндегі агенттігі.


                                                                1-қосымша 


             Ауыл шаруашылығы департаменттерiнiң АШМ АқМЖ-не

                          беретiн ақпараттарының

                                  ТIЗБЕСI


     - ауыл шаруашылығы дақылдарының көктемгi егiсiнiң барысы туралы

ақпарат;

     - шаруашылықтардың барлық санаттары бойынша жаздық дәндi дақылдар

тұқымдарының сапасы туралы ақпарат;

     - облыстардың ұсыныстары бойынша егiстiк алқаптарының белгiленетiн

құрылымы;

     - дәндi дақылдар егiнiн жинау туралы ақпарат;

     - облыста бар астық;

     - облыста бар астық пен астық өнiмдерi;

     - қызмет түрiне лицензия алушы шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң

мемлекеттiк тiзiлiмдерi;

     - республикада бар элеваторлар мен астық қабылдау пункттерi;

     - облыстар тұрғысында суармалы алқаптарының суды тұтынуы;

     - облыста машина-технологиялық стансалар (МТС) құру және олардың

жұмысы туралы жедел ақпарат;

     - облыстың ауыл шаруашылығы құрылымдарында меншiк құқығындағы,

сенiмгерлiкпен басқару құқығындағы (заңды тұлғалар және шаруа қожалықтары

(фермерлiк) шаруашылықтары тұрғысында) бар ауыл шаруашылығы техникасы мен

басқа да көлiк құралдарының санаттары мен шығарылған жылы бойынша саны

туралы ақпарат;

     - облыс бойынша ауыл шаруашылығы құрылымдарының егiс жұмыстарына

техниканы дайындауы жөнiндегi ақпарат;

     - облыстың МТС-ларында бар ауыл шаруашылығы техникасы;

     - облыстағы МТС-ларының орналасуы туралы ақпарат;

     - егiс жұмыстарына қажеттi жанар-жағармай материалдарының (ЖЖМ) есебi;

     - ауыл шаруашылығы техникасына есептiк және нақты қажеттiктер;

     - малдың жұқпалы емес аурулары туралы есеп;

     - малдың жұқпалы аурулары туралы есеп;


 
       - шаруашылықтар мен ұйымдардың қасапхана пункттерiндегi, мал

 

дәрiгерлiк-санитарлық сараптама (МСС) зертханаларындағы мал

дәрiгерлiк-санитарлық қадағалау туралы есеп;

     - рыноктағы ет және басқа да тағам өнiмдерiнiң МСС;

     - эпизоотияға қарсы iс-шаралар туралы есеп;

     - шекарадағы мал дәрiгерлiк постар туралы ақпарат;

     - облыс бойынша мал шаруашылығындағы мал тұқымын асылдандыру жұмысы

жөнiндегi жедел есеп;

     - сиырлар мен құнажындарды қолдан ұрықтандыру үшiн сатылған және

пайдаланылған бұқалар ұрығының саны және тиесiлi дотациялардың сомасы

туралы жиынтық анықтама (ай сайын);

     - өнеркәсiптiк шошқа кешендерi мен құс фабрикаларының негiзгi

өндiрiстiк көрсеткiштерi;

     - көктемгi тексерулер мен шегiрткеге қарсы күрес жүргiзудiң барысы

туралы ақпарат;

     - шегiрткеге қарсы күрес жөнiндегi жұмыстардың барысы туралы ақпарат;

     - өсiмдiктердi қорғаудың дәрi-дәрмектерi жөнiндегi негiзгi ақпарат;

     - негізгi тағам өнiмдерiнiң және ЖЖМ орташа бағасы;

     - базардағы тiрi малдың бағасы;

     - дәндi дақылдардың бағасы;

     - диiрмендер мен элеваторлардың қызмет көрсету тарифтерi;

     - ауыл шаруашылығы өнiмдерiнiң түрлерi бойынша экспорт пен импорттың

көлемi;

     - рыноктық инфрақұрылымдарды дамыту туралы ақпарат;

     - әртүрлi арналар арқылы ауыл шаруашылығы өнiмдерiн сату;

     - ауыл шаруашылығы өнiмi мен оны ұқсату өнiмдерiнiң 1 тоннасының

өзiндiк құны мен шығындарының құрылымы;

     - өсiмдiк және мал шаруашылығы өнiмдерiнiң заттай теңгерiмдерi;

     - ауыл шаруашылығы құрылымдарының ұйымдастыру-құқықтық нысандар

тұрғысындағы саны туралы мәлiметтер;

     - ауыл шаруашылығы кәсiпорындарын инвесторлардың басқаруына беру

туралы анықтама;


 
       - ауыл шаруашылығы ұйымдарының әлеуметтiк саласының объектiлерiн жергiлiктi органдардың теңгерiмiне беру туралы анықтама;
      - ауыл шаруашылығындағы экономикалық реформалардың нәтижелерi туралы анықтама;
      - банкроттық және оңалту рәсiмдерi қолданылатын шаруашылықтарда конкурстық өндiрiс жұмыстарын жүргiзудiң барысы туралы анықтама;
      - конкурстық басқарушылар туралы ақпарат;
      - патент негiзiнде салық салу режимiне ауыстырылған шаруашылық жүргізушi субъектiлер туралы анықтама;
      - ауыл шаруашылығы өнiмдерiнiң негiзгi түрлерiнiң мамандандыру аймақтары бойынша өзiндiк құны;
      - ауыл шаруашылығы тауар өндiрушiлерiнен бюджетке түсетiн салықтар мен басқа да мiндетті төлемдер туралы ақпарат;
      - ауыл шаруашылығы техникасы мен жабдықты лизинг негізінде сатып алу туралы ақпарат;
      - тауар-шикiзат биржаларының қызметi туралы ақпарат;
      - меншiк құқығында, сенiмгерлiкпен басқару құқығында (заңды тұлға

 

және қожалық (фермерлiк) шаруашылықтар тұрғысында) бар мүлiк туралы, оның

қалдық бағасы көрсетiлген ақпарат;

     - ауыл шаруашылығы құрылымдарында (заңды тұлға және қожалық

(фермерлiк) шаруашылықтар тұрғысында) бар жер учаскелерi туралы, көлемi

көрсетiлген ақпарат;

     - ауыл шаруашылығы құрылымдарында (заңды тұлға және қожалық

(фермерлiк) шаруашылықтар тұрғысында), жұмыс iстейтiн қызметкерлердiң саны

және жалақы қоры туралы ақпарат.


                                                                2-қосымша


                Қазақстан Республикасының министрлiктерi мен

                      ведомстволары беретiн ақпараттың

                                  ТIЗБЕСI


     Мемлекеттiк кiрiс министрлігі:

     - ауыл шаруашылығы өнiмдерiнің экспорт-импорты жөнiнде ақпарат беру;

     - ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлерге салық салу жөнiндегi

нормативтiк құқықтық базаны беру;


 
       - ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлердiң республикалық бюджет

 

алдындағы берешегi жөнiндегi жағдай туралы ақпарат;

     - ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлердiң салықтар мен басқа да

міндетті төлемдердi төлегендiгi туралы ақпарат;

     - патент негiзiнде салық салу режимiне ауыстырылған шаруашылық

жүргiзушi субъектiлер туралы ақпарат.


     Статистика жөнiндегi агенттiк

     - ауыл шаруашылығы өндiрiсi статистикалық есебiнiң бекiтiлген

нысандары бойынша ақпарат беру.


     Энергетика индустрия және сауда министрлiгi:

     - берiлген электр энергиясы үшiн ауыл шаруашылығы тауар

өндiрушiлерiнiң Қазақстан Республикасы аймақтық электр желiлерi

компаниялары алдындағы берешектерi туралы ақпарат;

     - тұқым себу және егiн жинау жұмыстарының ЖЖМ-мен қамтамасыз етiлуi,

республиканың өңдеу зауыттарындағы өндiрiлген өнiм мен қалдықтары

жөнiндегi ақпарат.


     Ұлттық Банк:

     - екiншi деңгейдегі банктердiң ауыл шаруашылығына несие беруi туралы

ақпарат беру.


     Көлiк және коммуникациялар министрлігі:

     - ауыл шаруашылығы өнiмдерiнiң әлемдiк рыноктағы бағасындағы көлiк

шығындары;

     - iшкi рыноктағы және ТМД елдерi рыногындағы ауыл шаруашылығы

өнiмдерi бағасындағы көлiк шығындары;

     - Қазақстанда, ТМД елдерiнде және алыс шет елдерде ауыл шаруашылығы

өнiмдерiн көлiктiң барлық түрлерiмен тасымалдау саласындағы тарифтiк

саясат жөнiндегi ақпарат.


     Тауар биржалары және көтерме рыноктар:

     - ауыл шаруашылығы өнімдерінің негізгі түрлері бойынша баға деректері;

     - ауыл шаруашылығы өнімдерін түрлері бойынша сатудың көлемдері;

     - ауыл шаруашылығы өнімдерінің рынокта қажеттігін талдау және болжам

жасау.


                                                               3-қосымша


              АШМ АқМЖ-сiн пайдаланушылар беретiн ақпараттың

                                 ТIЗБЕСI


     - ауыл шаруашылығы өнiмдерiнiң негізгi түрлерiн өндiру;

     - ауыл шаруашылығы өнiмдерiн сату;

     - ауыл шаруашылығы өнiмiн өндiру және тұтыну теңгерiмдерi;

     - ауыл шаруашылығы өнiмiнiң экспорты мен импорты;

     - ауыл шаруашылығы өнiмiнiң негiзгі түрлерiнiң бағалары;

     - тірі малдың рыноктардағы бағасы;

     - облыстардың орталықтары рыноктарындағы бөлшек сауданың орташа

бағасы;

     - дәндi, майлы және техникалық дақылдар өнiмдерi негiзгi түрлерiнiң

әлемдiк бағалары;

     - шегiрткеге қарсы күрес жөнiндегi жұмыстарды жүргiзу;

     - ауыл шаруашылығы дақылдарын егу жұмыстарын өткiзу;

     - жанар-жағармай материалдарымен қамтамасыз ету;

     - ауыл шаруашылығы дақылдарын жинау жұмыстарын жүргiзу;

     - ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлердi несиелендiру;

     - ұйымдастыру-құқықтық нысандар тұрғысындағы ауыл шаруашылығы

құрылымдарының саны туралы мәлiмет;

     - ауыл шаруашылығы субъектiлерiнiң қаржылық жағдайы;

     - ауыл шаруашылығы құрылымдарында және (заңды тұлғалар мен шаруа

қожалықтары (фермерлiк) шаруашылықтары тұрғысындағы) жұмыс iстейтiн

қызметкерлердің саны және жалақы қоры туралы ақпарат;

     - нарықтық инфрақұрылымын дамыту;

     - машина-технологиялық стансалардың жұмысы туралы ақпарат;

     - лизинг негiзiнде ауыл шаруашылығы техникасы мен жабдықтарды сатып

алу туралы ақпарат;

     - тауар-шикiзат биржаларының қызметi туралы ақпарат;

     - мал шаруашылығындағы мал тұқымын асылдандыру iсi жөнiндегi ақпарат;

     - республикада бар астық;

     - республикада бар элеваторлар мен астық қабылдау пункттерi;

     - қызмет түрiне арналған лицензия алушы шаруашылық жүргізушi

субъектiлердiң мемлекеттiк тiзiлiмдерi;

     - өсiмдiктердi қорғаудың дәрi-дәрмектерi жөнiндегi негiзгі ақпарат;

     - диiрмендер мен элеваторлардың қызмет көрсету тарифтерi;

     - шекарадағы мал дәрiгерлiк постылар туралы ақпарат;

     - мамандандырылған аймақтар бойынша ауыл шаруашылығы тауарларының

негiзгi түрлерiнiң өзiндiк құны;

     - ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлерден бюджетке түсетiн салықтар

мен мiндеттi төлемдердiң түсiмi туралы ақпарат;


 
       - сүт өңдейтiн кәсiпорындар мен шағын цехтар бойынша шығарылатын өнiмдердiң және қолда бар өндiрiстiк қуаттардың көлемi;
      - ет өңдейтiн кәсiпорындар мен шағын цехтар бойынша шығарылатын өнiмдер және қолда бар өндiрiстiк қуаттардың көлемi;
      - қолда бар өндiрiстiк қуаттар және жүн өңдеудiң көлемi;
      - Қазақстан Республикасы облыстарының тұрғысында суармалы алқаптардың суды тұтынуы;
      - ТМД және шет елдер рыноктарындағы ауыл шаруашылығы өнiмдерiнiң негiзгi түрлерiнiң орташа бағалары;
      - ауыл шаруашылығы өндiрiсiне несие беру;
      - республиканың ауыл шаруашылығы құрылымдарында меншiк, сенiмгерлiк басқару құқығындағы (заңды тұлғалар және шаруа қожалықтары (фермерлiк) шаруашылықтары тұрғысында) ауыл шаруашылығы техникасы мен басқа да көлiк құралдарының (санаттары мен шығарылу жылы тұрғысында) саны туралы ақпарат;
      - қалдық құны көрсетiлген, меншiк, сенiмгерлiк басқару құқығындағы

 

қолда бар мүлiк туралы (заңды тұлғалар және шаруа қожалықтары (фермерлiк)

шаруашылықтары тұрғысында) ақпарат;

     - ауыл шаруашылығы құрылымдарында бар, көлемi көрсетiлген жер

учаскелерi туралы ақпарат (заңды тұлғалар және шаруа қожалықтары

(фермерлiк) шаруашылықтары тұрғысында).








Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады