Агроөнеркәсiп кешенiнде бiрыңғай ақпараттық-маркетингтiк жүйе құру туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1997 жылғы 22 желтоқсан N 1815. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2000.10.30. N 1627 қаулысымен. ~P001627

      Саланы тиiмдi мемлекеттiк басқаруды қамтамасыз ету, ауыл шаруашылығы өндiрiсi субъектiлерiнiң рыноктың барлық инфрақұрылымымен өзара iс-қимылын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Агроөнеркәсiп кешенiнде бiрыңғай ақпараттық-маркетингтiк жүйе (бұдан әрi - жүйе) құруға арналған тендер жариялансын.
      2. Жүйенiң мiндеттерi:
      Қазақстан Республикасының аумағы бойынша агроөнеркәсiп кешенiнiң, оның материалдық-техникалық базасының тұқыммен, тыңайтқыштармен, улы химикаттармен, жанар-жағармай материалдармен қамтамасыз етуiнiң жай-күйi туралы ақпаратты жинау, өңдеу, жинақтау;
      ауыл шаруашылығы өнiмi әлемдiк рыногының жай-күйi туралы ақпаратты жинау, өңдеу, жинақтау;
      ақпаратты талдамалық өңдеу, болжамдар, ұсынымдар жасау және т.б.;
      Қазақстан Республикасының аумағы бойынша және әлемдiк ақпараттық желiлерде талдамалық, баға және өзге де ақпаратты тарату болып табылады деп айқындалсын.
      3. Жүйе:
      Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң және тауар биржаларының жергiлiктi желiлерiн бiрыңғай желiге бiрiктiрудi;
      ақпаратты құпиялық және қол жеткiзу дәрежесi бойынша:
      құпия - мемлекеттiк органдар мен корпоративтiк желi мүшелерiнiң қолы жететiн;
      ақылы - жекелеген келiсiмдер бойынша ақы төлей отырып кең түрде пайдаланылатын;
      еркiн - Қазақстан Республикасының аумағындағы және оның шегiнен

 

тысқары жерлердегi ақпараттық желiнiң ашық арналары арқылы қол

жеткiзетiн деп бөлудi;

     Қазақстан Республикасының Үкiметi шешiмiнiң негiзiнде жеке

шарттар бойынша мемлекеттiк құрылымдар желiлерiн ақпараттық базаларға

қосуды;

     Қазақстан Республикасы агроөнеркәсiп кешенi субъектiлерiн

корпоративтiк желiге қосуды;

     Қазақстан Республикасының аумағы бойынша ақпарат жинауды және оны

жүйенiң орталық торабына жеткiзудi;

     әлемдiк ақпараттық жүйелермен тұрақты байланысты қамтамасыз етедi

деп белгiленсiн.

     4. Ақпараттық-маркетингтiк жүйе:

     бағдарламалық - математикалық қамтамасыз етудi;

     телекоммуникациялық желiнi;

     банк мекемелерiмен бағдарламалық байланысты қамтиды деп

белгiленсiн.

     5. Тендерге берiлетiн ұсыныстар жүйенiң мiндеттерiн кешендi

шешудi қамтамасыз етуi тиiс.


 
       6. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгiне

 

тендердi өткiзудiң талаптары мен шарттарын әзiрлеу тапсырылсын.

     7. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Қазақстан

Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөнiндегi

агенттiгiмен бiрлесе отырып құрылатын жүйенi тендерде жеңiп шыққан

ұйымның қаражатын барынша тарта отырып, қаржыландыру көздерiн

белгiлесiн.

     Ақпараттық-маркетингтiк жүйенiң ұйымдастырушысы мемлекет

тарапынан салынған қаражатты қайтару шартымен, оның меншiк иесi болып

табылады.


     Қазақстан Республикасының

          Премьер-Министрi





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады