Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. "Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Қырғыз Республикасының Үкiметi арасындағы 2000 жылы Нарын-Сырдария су қоймалары сарқырамаларының су-энергетика ресурстарын пайдалану туралы келiсiмдi iске асыру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 12 маусымдағы N 882 P000882_ қаулысына мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
1 -тармақтағы:
"Ертiс-Қарағанды каналын пайдалану жөнiндегi" деген сөздер "Қаныш Сәтпаев атындағы канал" республикалық мемлекеттiк кәсiпорны" деген сөздермен ауыстырылсын;
"ЕҚКПЖ" РМК" деген сөздер "Қаныш Сәтпаев атындағы канал" РМК" деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақ мынадай абзацпен толықтырылсын:
"Қазақстан темiр жолы" РМК" көмiр жеткiзу үшiн жылжымалы темiр жол
составын iркiлiссiз берiп тұруды қамтамасыз етсiн";
4-тармақтың бесiншi жолындағы "2000 жылғы 1 маусым - 31 қазан
кезеңiне" деген сөздер "2000 жылғы 1 маусым - 31 желтоқсан кезеңiне" деген
сөздермен ауыстырылсын;
6-тармақ мынадай абзацпен толықтырылсын:
"Қарағанды облысының әкімі "Қаныш Сәтпаев атындағы канал" РМК-на
көмiр жіберу жөнінде нақты көмек көрсетсiн".
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Оқығандар:
Багарова Ж.А.
Омарбекова А.Т.