Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен қаражат бөлу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 26 шілдедегі N 1126 P001126_ қаулысына мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:
1-тармақтағы "27000000 (жиырма жеті миллион)" деген сөздер "24 755 500 (жиырма төрт миллион жеті жүз елу бес мың бес жүз)" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
"1-1. Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі осы қаулының 1-тармағына
сәйкес сатып алынған мүлікті жекешелендірген жағдайда, бөлінген қаражатты
республикалық бюджетке қайтаруды қамтамасыз етсін";
2-тармақтағы "белгіленген тәртіппен" деген сөздерден кейін "Оңтүстік
Қазақстан облысының әкімімен тиісті несиелік келісім жасалуын және" деген
сөздермен толықтырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Оқығандар:
Багарова Ж.А.
Омарбекова А.Т.