Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен қаражат бөлу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2000 жылғы 26 шілде N 1126

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Оңтүстік Қазақстан облысының әкіміне 2000 жылға арналған республикалық бюджетте табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою мен өзге де күтпеген шығыстарға көзделген Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен "Сарыағаш санаторийі" ашық акционерлік қоғамының мүліктік кешенін сатып алуға 24 755 500 (жиырма төрт миллион жеті жүз елу бес мың бес жүз) теңге бөлінсін.
      ЕСКЕРТУ. 1-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2000.11.02. N 1654
               қаулысымен. P001654_
      1-1. Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі осы қаулының 1-тармағына сәйкес сатып алынған мүлікті жекешелендірген жағдайда, заңнамада белгіленген тәртіппен тиісті жылға арналған облыстық бюджетте 24 775 500 (жиырма төрт миллион жеті жүз елу бес мың бес жүз) теңге сомасында республикалық бюджетке берілетін трансферттерді көздесін.
      ЕСКЕРТУ. Жаңа 1-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2000.11.02. N 1654 қаулысымен. P001654_

     ЕСКЕРТУ. 1-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.11.06. N 796 қаулысымен. P010796_

     2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен Оңтүстік Қазақстан облысының әкімімен тиісті несиелік келісім жасалуын және бөлінетін қаражаттың мақсатты пайдаланылуын бақылауды қамтамасыз етсін.
      ЕСКЕРТУ. 2-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2000.11.02. N 1654 қаулысымен. P001654_

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады