1. Қоса берiлiп отырған Мемлекеттiк тапсырыс шеңберiнде орындалатын республикалық және жергiлiктi бюджеттiк бағдарламаларды қаржыландыру ережесi бекiтiлсiн.
2. Орталық және жергілiктi атқарушы органдар, өзге де орталық мемлекеттік органдар бiр ай мерзiмде бұрын қабылданған шешiмдердi Мемлекеттiк тапсырыс шеңберiнде орындалатын республикалық және жергiлiктi бюджеттiк бағдарламаларды қаржыландыру ережесiне сәйкес келтiрсiн.
3. Мыналардың күшi жойылды деп танылсын:
1) "Мемлекеттiк бюджеттiң қаражаты есебiнен орындалатын мемлекеттiк
тапсырыс туралы үлгi ережелердi әзiрлеу жөнiндегі нұсқаулықты бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 22 желтоқсандағы N 1314 P981314_ қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1998 ж., N 48, 440-құжат); 2) "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 22 желтоқсандағы N 1314 қаулысына өзгерiс пен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 17 тамыздағы N 1169 P991169_ қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 41, 361-құжат). 4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 6 қарашадағы N 1675 қаулысымен бекiтiлген Мемлекеттік тапсырыс шеңберiнде орындалатын республикалық және жергiлiктi бюджеттік бағдарламаларды қаржыландыру ережесi
Осы Ереже бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнiң мемлекеттiк тапсырысты орындауға арналған шығыстарын республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң есебiнен төлеудiң негізгі шарттары мен тәртiбiн көздейдi.
1. Жалпы ережелер
1. Осы Ережеде мынадай ұғымдар қолданылады:
мемлекеттiк тапсырыс - Тапсырыс берушiнiң атынан бюджеттiк бағдарламалар республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң ақшасы есебiнен қызметтердi (тауарларды, жұмыстарды) мемлекеттiң сатып алуы түрiнде орындалатын республикалық және жергiлiктi бюджеттiк бағдарламаны (бұдан әрi - бюджеттiк бағдарлама) iске асыру нысаны;
Тапсырыс берушi - белгілi бiр мемлекеттiк функцияларды орындауына байланысты мемлекеттiк тапсырысты орналастыруды жүзеге асыратын республикалық және жергiлiктi бюджеттерден қаржыландырылатын орталық және жергiлiктi атқарушы органдар, сондай-ақ олардың құрылымдық бөлiмшелерi немесе заңды тұлға болып табылатын аумақтық мемлекеттiк органдар;
Орындаушы - мемлекеттiк тапсырысты Тапсырыс берушiмен жасалған шартқа сәйкес орындайтын заңды немесе жеке тұлға.
2. Мемлекеттiк тапсырысты қаржыландыру тиiстi қаржы жылына арналған республикалық немесе жергiлiктi бюджеттерде көзделген қаражаттың есебiнен жүргiзiледi.
3. Мемлекеттiк тапсырысты орналастыру мемлекеттiк сатып алулар туралы заңға сәйкес жүзеге асырылады.
4. Мемлекеттiк тапсырыс негізiнде бағдарламаларды (кiшi бағдарламаларды) iске асыру үшiн Тапсырыс берушi Орындаушылармен шарттар (келiсiм-шарттар) жасасады.
5. 1-қосымшаға сәйкес Бюджеттiк бағдарламаның әкiмшiсi мемлекеттiк тапсырыс шеңберiнде орындалатын әрбiр бағдарлама (кiші бағдарлама) бойынша, республикалық және жергiлiкті бюджеттердiң қаражаты есебiнен орындалатын осы бағдарлама (кiшi бағдарлама) бойынша, мемлекеттiк тапсырыс туралы ереженi (бұдан әрi - Мемлекеттiк тапсырыс туралы ереже) әзiрлейдi және бекiтедi.
Бюджеттiк бағдарламаның әкiмшiсi Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiмен немесе қаржы мәселелерi бойынша жергiлiктi атқарушы органмен Мемлекеттiк тапсырыс туралы ереженi келiседi және оларды Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Қазынашылық комитетiнiң тиiстi аумақтық органдарына (бұдан әрi - Қазынашылықтың аумақтық органдары) ұсынады.
2. Мемлекеттік тапсырысты қаржыландырудың шарттары
6. Республикалық және жергiлiктi бюджеттерден қаржыландырылатын, iске асырылу нысаны мемлекеттiк тапсырыс ретiнде анықталған бағдарламалар (кiшi бағдарламалар) екi топқа бөлiнедi:
орындалған жұмыстардың (көрсетiлген қызметтердiң) көлемiне сәйкес қаржыландырылатын бағдарламалар (кiшi бағдарламалар) (бұдан әрi - I топ);
мемлекеттiк тапсырыс құнының бiрлiгіне шағып қаржыландырылатын бағдарламалар (кiшi бағдарламалар) (бұдан әрi - II топ).
7. Ағымдағы қаржы жылы мемлекеттiк тапсырысты орындауға арналған шарт (келiсiм-шарт) жасасқан кезде мынадай талаптарды сақтау қажет:
1) өткен қаржы жылдары жасалған мемлекеттiк тапсырысты орындауға арналған шарт (келiсiм-шарт), өткен қаржы жылдарының орындалмаған мiндеттемелерiнiң сомасына, ағымдағы қаржы жылы Қазынашылықтың аумақтық органдарында қайта тiркелуге жатады;
2) ағымдағы қаржы жылында мемлекеттiк тапсырысты орындауға арналған шарт (келiсiм-шарт), (егер заңнамада өзгеше көзделмесе) ағымдағы қаржы жылы Қазынашылықтың аумақтық органдарында қайта тiркелген, өткен қаржы жылдарының орындалмаған мiндеттемелерiнiң сомаларын шегере отырып, республикалық немесе жергiлiктi бюджеттерде бекiтiлген тиiстi бағдарлама (кiшi бағдарлама) бойынша жылдық соманың шегiнде жасалуы мүмкiн.
8. Республикалық немесе жергiлiктi бюджеттердi нақтылау нәтижесiнде мемлекеттiк тапсырыс шеңберiнде орындалатын бағдарлама (кiшi бағдарлама) бойынша жылдық сома өзгерген жағдайда, осы бағдарлама (кiшi бағдарлама) бойынша мемлекеттiк тапсырысты орындауға арналған шарттар (келiсiм-шарттар) жеткiзiлетiн тауарлардың, орындалатын жұмыстардың (көрсетiлетiн қызметтердiң) сандық (заттай) және құндық түрде берiлетiн көлемi бөлiгiнде өзгертiлуге және Қазынашылықтың аумақтық органдарында қайта тiркелуге жатады.
9. Егер бiр бағдарламаны (кiшi бағдарламаны) орындау үшiн шарттар (келiсiм-шарттар) бiрнеше Орындаушылармен жасалатын болса, осындай шарттардың (келiсiм-шарттардың) жалпы сомасы өз шегінде осы бағдарлама (кiшi бағдарлама) бойынша шарт жасасуға рұқсат етiлетiн бюджеттiк тағайындаулардың сомасынан аспайды.
10. Заңнамалық кесімдермен анықталған шарттардан басқа, мемлекеттiк тапсырысты орындауға арналған шарт (келiсiм-шарт) мыналарды:
2 және 3-қосымшаларға сәйкес шартқа қоса беріліп отырған нысандармен расталатын сандық (заттай) және құндық түрде берiлетiн тауарлардың, орындалатын жұмыстардың (көрсетiлетiн қызметтердiң) көлемiн. Осы қосымшаларда айлар бойынша сома осы бағдарлама (кіші бағдарлама) бойынша Тапсырыс берушiнiң шығыстарының сметасында көрсетiлген тиiстi соманың шегінде келтiрiлуi тиiс;
егер бағдарлама (кiшi бағдарлама) I топқа жататын болса, орындалған жұмыстар (жеткiзiлiмдер, көрсетiлген қызметтер) актiсiнiң мiндеттi түрде жасалуын және Қазынашылықтың аумақтық органдарына ұсынылуын көздейтiн шартты, егер II топқа жататын болса, мемлекеттiк тапсырыс құны бiрлiгiнiң iс жүзiндегi санын көрсете отырып, есептемелердi;
тауарларды, жұмыстарды және қызмет көрсетулердi мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру рәсiмдерiнің нәтижелерi бойынша ресiмделген хаттаманың нөмiрi мен күнiн қамтуы тиiс.
11. Қазынашылықтың аумақтық органдары шарттарды (келiсiм-шарттарды) тiркеген кезде осы Ереженiң 10-тармағында көрсетiлген ережелердiң бар-жоғын тексередi.
12. Орындалған жұмыстардың (көрсетiлген қызметтердiң) актілерінде және мемлекеттiк тапсырыс құнының есептемесінде мыналар:
Тапсырыс берушi мен Орындаушының атауы;
есептi кезеңде берiлген тауарлардың, орындалған жұмыстардың (көрсетiлген қызметтердiң) құны;
Орындаушыдан ұсталатын аванстың бөлiгi немесе толық сомасы;
белгiлi бiр уақыт кезеңiнде (күнi көрсетiледi) сандық (заттай) түрдегi І топ үшiн берiлген тауарлардың, орындалған жұмыстардың (көрсетiлген қызметтердiң) көлемiн көрсете отырып, түрлерi және II топ үшiн мемлекеттiк тапсырыс құны бiрлiгiнiң iс жүзiндегi саны;
қаржыландырылатын айға арналған бағдарлама (кiшi бағдарлама) бойынша лимиттiң қалдығынан аспауы тиiс ұсталатын авансты ескере отырып, есептi кезеңде берiлген тауарларға, орындалған жұмыстарға (көрсетiлген қызметтерге) ақы төлеу үшiн Орындаушыға аудару талап етiлетiн сома көрсетiледi.
Орындалған жұмыстардың актiлерi мен есептемелерге басшылар қол қояды және Тапсырыс берушi мен Орындаушының мөрлерiмен бекiтiледi.
13. Орындалған жұмыстардың (көрсетiлген қызметтердiң) актiлерi мен мемлекеттік тапсырыс құнының есептемелерi деректерiнiң растығы үшiн Тапсырыс берушi мен Орындаушы жауап бередi.
14. Қазынашылықтың аумақтық органының жауапты атқарушысы ұсталатын авансты ескере отырып, орындалған жұмыстардың актiсiне, мемлекеттiк тапсырыс құнының есептемесiне сәйкес төлем тапсырмасында көрсетiлген сома мен мемлекеттiк тапсырысқа ақы төлеу үшiн Орындаушыға аудару талап етiлетiн соманың сәйкестiгiн тексередi.
3. Мемлекеттiк тапсырысты қаржыландыру тәртiбi
15. Мемлекеттiк тапсырысты орындағаны үшiн Орындаушымен есеп айырысу Тапсырыс берушiнiң бюджеттiк шотынан екiншi деңгейдегi банктердегi не Қазынашылықтың аумақтық органдарындағы Орындаушылардың шоттарына ақша аудару жолымен жүзеге асырылады.
16. Мемлекеттiк тапсырыс шеңберiндегi бағдарламаларды (кiшi бағдарламаларды) орындау үшiн бiрiншi топқа жататын Орындаушыларды республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң қаражаты есебiнен авансылау мынадай тәртiппен жүргiзіледi:
1) құнында жұмыстарды орындау (қызметтердi көрсету) үшiн қажеттi материалдар мен жабдықтар сатып алуға арналған шығыстар кемiнде 40 пайызды құрайтын жұмыстардың орындалуын (қызметтердiң көрсетiлуiн) көздейтiн бюджеттік бағдарламалар (кiшi бағдарламалар) бойынша Орындаушыларға бағдарлама (кiшi бағдарлама) бойынша бекiтiлген жылдық соманың 30 пайызынан аспайтын жалпы сомада және Тапсырыс берушiнiң осы бағдарлама (кiшi бағдарлама) бойынша шығыстарының сметасы шегiнде аванс беруге рұқсат етiледi;
2) арнайы жабдықтармен, көлiк құралдарын, мал дәрiгерлiк және биологиялық препараттарды, өсiмдiктердi қорғау құралдарын, дәрi-дәрмектердi тек орталықтандырылған түрде сатып алуды көздейтiн бағдарламалар (кiшi бағдарламалар) бойынша жүргізiлетiн сатып алудың 50 пайызынан аспайтын сомаға, бiрақ Тапсырыс берушiнiң осы бағдарлама (кiшi бағдарлама) бойынша шығыстарының сметасы шегiнде Орындаушыларды авансылауға рұқсат етiледi;
3) 1, 2-тармақшаларда көрсетiлмеген басқа бағдарламалар (кiшi бағдарламалар) бойынша бағдарлама (кiшi бағдарлама) бойынша бекiтiлген жылдық соманың 10 пайызынан аспайтын сомаға және Тапсырыс берушiнiң осы бағдарлама (кiшi бағдарлама) бойынша шығыстарының сметасы шегінде авансылауға жол берiледi.
Орындаушыларға аванс Мемлекеттiк тапсырыс туралы ережеге сәйкес жыл бойына бөлiп-бөлiп берiлуi мүмкiн.
17. Қазынашылықтың аумақтық органдары үшiн Тапсырыс берушiнiң бюджеттiк шотынан мемлекеттiк тапсырыс шеңберiнде орындалатын жұмыстарды (көрсетiлетiн қызметтердi) Орындаушының есеп шотына ақша аудару үшiн:
Тапсырыс берушi мен Орындаушы арасындағы Қазынашылықтың аумақтық органында тiркелген мемлекеттiк тапсырысты орындауға арналған шарттың (келiсiм-шарттың);
Бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiсi бекiткен және Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiмен немесе қаржы мәселелерi жөнiндегi жергiлiктi атқарушы органмен келiсiлген Мемлекеттiк тапсырыс туралы ереженiң;
егер бағдарлама (кіші бағдарлама) I топқа жататын болса, орындалған жұмыстар (қызмет көрсетулер) актiсiнiң және егер II топқа жататын болса, мемлекеттiк тапсырыс құны есептемелерiнiң болуы негiз болып табылады.
Бұл ретте, төлем тапсырысында тауарларды, жұмыстарды және қызмет көрсетулердi жүргізiлген мемлекеттiк сатып алу рәсiмдерiнiң нәтижелерi бойынша ресiмделген хаттаманың нөмiрi мен күнi, шарттың (келiсiм-шарттың) нөмiрi мен күнi, мемлекеттiк мекеме мiндеттемесiнiң нөмiрi және орындалған жұмыстардың актiсiне, тиiстi есептемеге сiлтемемен бiрге төлемнiң мақсаты
(аванс, орындалған берудiң немесе жұмыстың, көрсетiлген қызметтердiң ақысы) көрсетiледi. І топқа жататын мемлекеттiк тапсырыс шеңберiнде бағдарламаларды (кiшi бағдарламаларды) орындау үшiн Орындаушыларды авансылау кезiнде орындалған жұмыстардың актiсiн беру талап етiлмейдi. 18. Қазынашылықтың аумақтық органдары ақша аударған кезде ағымдағы бақылауды жүзеге асырады. 1-қосымша Республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң қаражаты есебiнен орындалатын бағдарлама (кішi бағдарлама) бойынша Мемлекеттік тапсырыс туралы ереженi әзiрлеу жөнiндегі нұсқаулық Республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң қаражаты есебiнен орындалатын мемлекеттiк тапсырыс туралы ереже (бұдан әрi - Мемлекеттiк тапсырыс туралы ереже) мынадай тарауларды қамтуы тиiс: 1. Жалпы ережелер 1. Өзiне бағдарламаның (кiшi бағдарламаның) атауын, осы бағдарламаның (кiшi бағдарламаның) қажеттілiгi мен дамуын анықтайтын нормативтiк құқықтық кесiмдерге сiлтемелерi қамтиды. 2. Бағдарламаның (кiшi бағдарламаның) мазмұны 2. Мыналарды: бағдарламаның (кiшi бағдарламаның) мақсатын;
осы бағдарламаның (кiшi бағдарламаның), олардың түрлерi бойынша жұмыстардың және қызмет көрсетулердiң орындалуын қамтамасыз ететiн сипаттауды. Бұл ретте, егер осы бағдарламаны (кiшi бағдарламаны) iске асыру бiрнеше жылға есептелген болса, онда iс-шараларды, жұмыстарды және қызмет көрсетулердi сипаттау жылдар бойынша бөле отырып ұсынылады;
Мемлекеттiк тапсырыс шеңберiнде орындалатын республикалық және жергiлiктi бюджеттiк бағдарламаларды қаржыландыру ережесiне сәйкес осы бағдарлама (кiшi бағдарлама) бойынша мемлекеттiк тапсырысты орындауға Тапсырыс берушiнi өзiне белгiлеудi қамтиды;
3. Мемлекеттiк тапсырысты орналастыру
3. Осы тарауда мемлекеттiк тапсырыстың орындаушысын таңдаудың тәсiлдерi көрсетiледi және мемлекеттiк сатып алулар туралы заңнамаға сәйкес таңдаудың осындай негiздемесi келтiрiледi.
4. Мемлекеттiк тапсырысты конкурстық негiзде орналастырған жағдайда, осы тарауда конкурстық өтiнiмдi жеңiп алушыны анықтау кезiнде конкурстық комиссия ескеретiн өлшемдердiң тiзбесi көрсетiледi.
4. Мемлекеттiк тапсырысқа ақы төлеу тәртiбi
5. Осы тарау өзiне мыналарды:
Мемлекеттiк тапсырыс шеңберiнде орындалатын республикалық және жергiлiктi бюджеттiк бағдарламаларды қаржыландыру ережесiнiң 6-тармағына сәйкес қаржыландыру кезiнде қолданылатын мемлекеттік тапсырысты Орындаушылармен есеп айырысу қағидаттарын, яғни бағдарламаның (кiшi бағдарламаның) орындалған жұмыстардың (көрсетiлген қызметтердiң) көлемiне сәйкес қаржыландырылатын бағдарламаларға (кіші бағдарламаларға) немесе мемлекеттiк тапсырыс құнының бiрлiгiне шаққандағы тиесiлiлiгi;
Мемлекеттiк тапсырыс шеңберiнде орындалатын республикалық және жергiлiктi бюджеттiк бағдарламаларды қаржыландыру ережесiнiң 16-тармағында көзделген жағдайда бағдарламаны (кiшi бағдарламаны) мемлекеттiк тапсырыс шеңберiнде орындау үшiн Орындаушыларды авансылау тәртiбiн, атап айтқанда, авансылаудың мақсатын, жылдық бекiтiлген көлемдегi аванстың үлесiн, төлемдердiң сатысын, аванстың кезең-кезеңдiк мөлшерлерiн, авансты ұстау тәртiбiн;
Тапсырыс берушi өзiнiң бюджеттiк шотынан Орындаушының есеп шотына аудару үшiн Қазынашылықтың аумақтық органдарына ұсынатын құжаттардың тізбесiн қамтиды.
5. Мемлекеттiк тапсырысты орындаудың өлшемдерi
Осы тарауда мемлекеттiк тапсырысты орындаудың мынадай өлшемдерi көрсетiледi:
сандық өлшемдер - қандай тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) және қандай санда (көлемде) берiлетiнiнiң (орындалатынының, көрсетiлетiнінiң) көрсеткіштерi;
сапалық өлшемдер алынған нәтиженiң сапасы қалай бағаланатынын анықтайды;
уақытылық өлшемi, ол бағдарламадан нәтижелер қандай уақыт кезеңiнде
болғанын және алынатынын немесе қандай да бiр қызмет көрсетудiң немесе жұмыстың орындалуының орташа ұзақтығын анықтайды; тиiмдiлiк өлшемi - орындалатын жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң бiрлiгiне шығыстардың көлемiн өлшеу. Тиiмдiлiк өлшемi бағдарламаның қаншалықты үнемдi, неғұрлым аз шығындармен орындалатынын анықтауы тиiс; нәтижелiлiк өлшемi - бағдарлама қандай дәрежеде қойылған мiндеттерге қол жеткiзiп отырғанының көрсеткiштерi. 2-қосымша Бекітемін Бекітемін __________________________ _________________________ (Тапсырыс берушінің атауы) (Орындаушының атауы) __________________________ _________________________ (аты-жөні, лауазымы, қолы) (аты-жөні, лауазымы, қолы) ___ жылғы "___"___________ ___ жылғы "___"__________ М.О. М.О. Мемлекеттік тапсырыс шеңберінде орындалатын жұмыстардың (қызмет көрсетулердің) жоспары Кодтары Мемлекеттік мекеме-бағдарламалардың әкімшісі _______ Бағдарлама _______ Кіші бағдарлама _______ Мемлекеттік тапсырысты орындаушы _______ ------------------------------------------------- ! _____ жылға арналған !___ жылға !жұмыстардың (қызмет ! сомасы !көрсетулердің) атауы !(мың теңге) ------------------------------------------------- қаңтар ақпан наурыз сәуір мамыр маусым шілде тамыз қыркүйек қазан қараша желтоқсан ------------------------------------------------- Жиыны о.і.материалдар мен жабдықтар сатып алуға жұмсалатын шығыстардың үлес салмағы: мың теңгемен %-бен ------------------------------------------------ Тапсырыс берушінің қаржы бөлімшесінің бастығы _________________________ (аты-жөні, лауазымы, қолы) Ескерту: Осы нысан орындалған жұмыстардың (көрсетілген қызметтердің) көлеміне сәйкес қаржыландырылатын бағдарламалар (кіші бағдарламалар) үшін толтырылады. 3-қосымша Бекітемін Бекітемін __________________________ _________________________ (Тапсырыс берушінің атауы) (Орындаушының атауы) __________________________ _________________________ (аты-жөні, лауазымы, қолы) (аты-жөні, лауазымы, қолы) ___ жылғы "___"___________ ___ жылғы "___"__________ М.О. М.О. Мемлекеттік тапсырыс шеңберінде орындалатын жұмыстардың (қызмет көрсетулердің) жоспары Кодтары Бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі _________ ______ Құн бірлігіне арналған шығыстардың негізгі түрлері _________ ______ Бағдарлама бойынша _________ ______ Кіші бағдарлама бойынша _________ ______ Мемлекеттік тапсырысты орындаушы _________ ______ (теңге) --------------------------------------------------------------------------- Кодтары! Атауы !____ жылға! ! !арналған ! ! !жоспар !қаңтар!ақпан!наурыз!сәуір!мамыр!маусым! --------------------------------------------------------------------------- !Жалпы саны, !бірл. _______ ! (құн бірлігі) !жұмсалатын !шығыстар !Жалпы сан үшін !барлық шығыстар --------------------------------------------------------------------------- таблицаның жалғасы: -------------------------------------------- шілде!тамыз!қыркүйек!қазан!қараша!желтоқсан -------------------------------------------- Тапсырыс берушінің қаржы бөлімшесінің бастығы _________________________ (аты-жөні, лауазымы, қолы) Ескерту: Осы нысан мемлекеттік тапсырыс құнының бірлігіне шағын қаржыландырылатын бағдарламалар (кіші бағдарламалар) үшін толтырылады. Оқығандар: Багарова Ж.А. Икебаева А.Ж.