Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
"Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 20 тамыздағы N 3621
Жарлығына толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасының
Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына
енгізілсін.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы
Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 20 тамыздағы
N 3621 Жарлығына толықтыру енгізу туралы
"Қазақстан - 2030" ұзақ мерзімді стратегиясы шеңберінде Қазақстан Республикасының фармацевтік секторын одан әрі дамыту мақсатында қаулы етемін:
1. Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының Фармацевтік және медициналық өнеркәсібін дамытудың мемлекеттік бағдарламасы туралы" 1997 жылғы 20 тамыздағы N 3621 U973621_ Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1997 ж., N 39, 367-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының
фармацевтік және медициналық өнеркәсібін дамытудың мемлекеттік
бағдарламасының 1-қосымшасында:
реттік нөмірі 12-жолдың 4, 5, 6 және 7-бағандары мынадай мазмұндағы
жолмен толықтырылсын:
"Екафарма" 4,0 млн.$ 2000 2002
қазақстан-бельгия инвестициялар
бірлескен кәсіпорны ".
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Мамандар:
Багарова Ж.А.
Қасымбеков Б.А.