Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау iсi жөнiндегі агенттiгінiң "Ақтөбе мемлекеттiк медицина академиясы" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорнының жекелеген мәселелерi

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2000 жылғы 14 қараша N 1708

      Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң "Қазақстан Республикасының кәсiпорындарды, ұйымдарды, мекемелердi, темiр жол станцияларын, әуежайларды, сондай-ақ физикалық-географиялық объектілердi атау мен қайта атаудың және олардың атауларының транскрипциясын өзгертудiң тәртiбiн бекiту туралы" 1996 жылғы 5 наурыздағы N 281 P960281_ және "М.Т. Оспановтың есiмiн мәңгi есте қалдыру туралы" 2000 жылғы 24 шiлдедегi N 1099 P001099_ қаулыларына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау iсi жөнiндегi агенттiгiнiң "Ақтөбе мемлекеттiк медицина академиясы" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорнына Марат Оспановтың есiмi берілсiн.
      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау iсi жөнiндегi агенттiгiнiң "Ақтөбе мемлекеттiк медицина академиясы" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау iсi жөнiндегi агенттiгiнiң "Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттiк медицина академиясы" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны (бұдан әрi - Кәсiпорын) болып қайта аталсын.
      3. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау iсi жөнiндегi агенттiгi Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртiппен:
      1) Кәсiпорынның әдiлет органдарында қайта тiркелуiн қамтамасыз етсiн;
      2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
      4. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
      1) күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен;
      2) "Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау iсi жөнiндегi агенттiгiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 3 желтоқсандағы N 1852 P991852_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 53, 527-құжат):
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау iсi жөнiндегi агенттiгiнiң қарауындағы ұйымдардың тiзбесiнде:
      "Мемлекеттiк кәсiпорындар" 2-бөлiмiндегi реттiк нөмiрi 30-жол мынадай редакцияда жазылсын:
      "30. Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттiк медицина академиясы".
      Ескерту. 4-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен.
      5. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады