Қазақстан Республикасында омыртқасыз су жәндiктерiнiң кейбiр түрлерiн пайдалану туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2000 жылғы 14 қараша N 1712

      Омыртқасыз су жәндiктерiнiң кейбiр түрлерiн тиiмдi пайдалану мақсатында Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасының Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлiгi салина артемиясы және гаммарус омыртқасыз су жәндiктерi мекендейтiн жер болып табылатын, оларды пайдалануға рұқсат етiлетiн су айдындарының тiзбесiн заңнамада белгiленген тәртiппен анықтасын.
      2. Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiнiң Кеден комитетi және Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi салина артемиясы мен гаммарусты, сондай-ақ олардың туындыларын Қазақстан Республикасынан тысқары заңсыз әкетудi болдырмау жөнiнде шаралар қабылдасын.
      3. Заңсыз өндiру және Қазақстан Республикасынан тысқары әкету кезiнде алынған салина артемиясы мен гаммарус, сондай-ақ олардың туындылары заңнамада белгіленген тәртiппен Қазақстан Республикасының Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлiгi Орман, балық және аңшылық

шаруашылығы комитетiнiң "Охотзоопром" ӨБ" республикалық мемлекеттiк 
кәсiпорнына беруге жатады деп белгiленсiн.
     4. 
<*>

     Ескерту. 4-тармақ күшін жойды - ҚР Үкіметінің 2002.04.10. N 408       
              қаулысымен.  

P020408_

 
     5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi. 
     
     Қазақстан Республикасының
         Премьер-Министрі
Оқығандар:
     Багарова Ж.А.,
     Икебаева А.Ж.
     
     
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады