"Ауыл шаруашылығы өндiрiсiн дамытудың 2000-2002 жылдарға арналған бағдарламасын iске асыру жөнiндегi iс-шаралардың жоспарын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2000 жылғы 5 ақпандағы N 175 P000175_ қаулысына сәйкес, сондай-ақ iрі қалалардың халқын отандық өндiрiстiң сүт және сүт өнімдерімен қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Yкіметі қаулы етеді:
1. Қоса берiлiп отырған Ірi қалалардың маңындағы аймақтарда сүт
өндiрiсiн дамытудың 2000-2002 жылдарға арналған салалық бағдарламасы
бекiтiлсiн.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрiнiң орынбасары Д.К. Ахметовке жүктелсiн.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2000 жылғы 15 қарашадағы
N 1719 қаулысымен
бекітілген
Ірі қалалардың маңындағы
аймақтарда сүт өндірісін дамытудың
2000-2002 жылдарға арналған
Салалық бағдарламасы
Астана-2000 ж.
Iрi қалалардың маңындағы аймақтарда
сүт өндiрiсiн дамытудың 2000-2002 жылдарға
арналған салалық бағдарламасының
Паспорты
Бағдарламаның атауы Iрi қалалардың маңындағы аймақтарда
сүт өндiрiсiн дамытудың 2000-2002
жылдарға арналған салалық бағдарлама
Бағдарламаны әзiрлеудiң негiзi "Ауыл шаруашылығы өндiрiсiн дамытудың
2000-2002 жылдарға арналған бағдарламасын
iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспарын
бекiту туралы" Қазақстан Республикасы
Yкiметiнiң 2000 жылғы 5 ақпандағы
N 175
қаулысы
Бағдарламаның негiзгi Қазақстан Республикасының Ауыл
әзiрлеушiлерi шаруашылығы министрлiгi, облыстардың
әкiмдерi
Бағдарламаны iске асырудың 2000-2002 жылдар
мерзiмдерi
Бағдарламаның мақсаты Отандық сүт өндiрiсi өнiмдерiнiң кең
ассортиментiне iрi қалалар халқының
төлем қабiлетiн барынша қанағаттандыру
Бағдарламаның мiндеттерi Сүт өңдеушi ұйымдарды қалпына келтiру
және дамыту, олардың шикiзат базасын
және дайындау пункттерi желiсiн кеңейту,
өндiрiлген өнiмдi өткiзудiң рыноктарын
ұйымдастыру.
Сүт өндiрiсiн iрi қалалар маңында
шоғырландыру, сүттi мал шаруашылығының
тектiк әлеуетiн арттыру және жемшөп
базасын жасау
Негiзгi iс-шараларды Бағдарламаны iске асыру жөнiндегi
орындаушылар iс-шараларда белгiленген
Қаржыландыру көздерi мен көлемi Бағдарламаны қаржыландырудың жалпы көлемi
3 930,4 млн. теңге, соның iшiнде:
республикалық бюджет - 672,4 млн. теңге
жергiлiктi бюджет, инвестициялар, заңды
және жеке тұлғалардың меншiктi
қаражаттары - 3 258 млн. теңге
Күтiлетiн түпкiлiктi нәтижелер Бағдарламаны iске асыру iрi қалалар
халқының сүтке қажеттiлiгiн қала
маңындағы аймақтан қамтамасыз етудi
87 %-ға жеткiзуге, сүтке айналдырғандағы
сүт пен сүт өнiмдерiнiң импорты көлемiн
2 есе төмендетуге мүмкiндiк бередi. Сүт
өңдейтiн ұйымдарды қалпына келтiру мен
дамыту, олардың шикiзат базасын және
дайындау пункттерi желiсiн кеңейтуге
жәрдемдеседi.
1. Кiрiспе
Соңғы жылдарда сүт және сүт өнiмдерiн өндiру көлемiнiң төмендеуi тенденциясына байланысты, отандық өндiрiстiң осы өнiмдермен рынокты қанықтыру мәселелерiнiң маңызы арта түсуде. Қолда бар резервтердi пайдалану және ауыл шаруашылығы өнiмi өндiрiсiнiң экономикалық тиімділiгiн арттыру, оның iшiнде сүт өндiрiсiн дамыту өндiріс көлемiн арттыру шарттарының бiрi болып табылады.
Қала маңындағы аймақтарда сүттi мал шаруашылығын дамыту, өзiнiң өткiзу рыногына жақындығынан сүт өндiрiсi бойынша әрқашанда неғұрлым тиiмдi болатын. Алайда, соңғы жылдардағы экономикалық ахуал, халықтың төлемге қабiлеттi сұранысының күрт төмендеуi жоспарлы экономика жылдарында құрылған сүт және оны өңдеу өнiмдерiнiң мамандандырылған өндiрiсiнiң күрт
қысқартылуына әкеп соқты. Сондықтан, сүт және оны өңдеу жөнiндегi шикiзат
базасын кеңейту мәселелерiн шешудiң неғұрлым орынды жолы, осы
бағдарламадағы кешендi iс-шараларда көзделгенiндей, сүт өндiру саласының
ұйымдарын дамытуды ескере отырып, сүттi мал шаруашылығын қалалардың
маңында шоғырландыру.
2. Сүттi өндiру мен тұтынудың қазiргi жай-күйiн талдау
1-кесте
2.1. Республикада сүт өндiру мен тұтынудың 1992-1999
жылдардағы серпiнi
(мың тонна)
--------------------------------------------------------------------------
Жылдары! Өндірісі ! Импорты ! Экспорты ! Халықтың ! Сальдо*
! ! ! ! тұтынғаны !
-------------------------------------------------------------------------
1992 5265,1 46,7 172,9 4577,6 561,3
1993 5576,1 56,5 121,3 4410,6 1100,7
1994 5296,0 41,4 116,9 4120,7 1099,8
1995 4619,1 87,6 87,8 3705,3 913,6
1996 3627,1 109,3 33,6 3391,5 311,3
1997 3334,5 163,3 14,4 3084,5 398,9
1998 3394,3 191,2 21,4 3104,9 459,2
1999 3535,0 163,0 5,6 3150,0 542,4
--------------------------------------------------------------------------
*Сальдо - жыл басындағы қалдығы және тамақтан басқа мақсаттарға
пайдалану.
Сүттi өндiру көлемi республика шаруашылықтарының барлық санаттары
бойынша 1998 жылға дейiн қысқарып келген, ал кейiнгi жылдары өндiрiс
көлемi тұрақтанды және өсуi байқалады. Осындай тенденция республика
халқының сүттi тұтынуында да орын алды. Оның үстiне, сүт импортының көлемi
артты және осы өнiм экспорты едәуiр азайды.
2-кесте
2.2. Республика халқын сүт және сүт өнiмдерiмен 1999 жылы
қамтамасыз етудің жай-күйi
(мың тонна)
---------------------------------------------------------------------------
Көрсеткiштер ! 1999 ж.
! нақты
---------------------------------------------------------------------------
Өндiрiсi 3535,0
Импорты 163,0
Бүкiл кiрiсi: 3698,0
Тұтынылды:
Халықтың тұтынуы 3150,0
Жемшөп мақсатына пайдаланылғаны 353,0
Экспорты 5,6
Шығыны 7,0
Бүкiл шығыс: 3515,6
Жыл соңындағы қалдық 182,4
Өз өндiрiсiнiң сүтiмен қамтамасыз ету, % 100,6
Сүт өнiмiн халықтың жан басына шаққандағы жыл бойы 210
тұтынылғаны, кг
---------------------------------------------------------------------------
Республика халқының төлем қабiлетi, тұтас алғанда, өз сүт өндiрiсiмен
қанағаттандырылуда.
Сүттi жан басына тұтыну ғылыми негiзделген деңгейден 405 кг (52 %)
және 1990 жылғы ең жоғары жетiстiгi 311 кг (67 %) құрады.
3-кесте
2.3. Қалалар маңындағы аймақтардың шегiнен тыс орналасқан
ауылды жерлер мен шағын қалалар халқының 1999 жылы
сүт және сүт өнiмдерiмен қамтамасыз етiлуi (мың тонна)
---------------------------------------------------------------------------
Көрсеткiштер ! 1999 ж. нақты
---------------------------------------------------------------------------
Өндiру 2173,0
Импорты 15,0
Бүкiл кiрiсi: 2188,0
Өз мұқтаждарына жұмсалғаны 1921,4
Экспорты 5,6
Ірі қалалардың рыноктарына апарылғаны 257,0
Шығындары 4,0
Сүттiң тауарлық құндылығы, % 12
Сүт өнiмiн халықтың жан басына шаққанда жыл бойы 195
тұтынылғаны, кг
---------------------------------------------------------------------------
Өндiрiлген сүт, негiзiнен, жергiлiктi жерде тұтынылғанымен, ғылыми
негiзделген деңгейi жан басына шаққанда, орташа тұтыну деңгейiнiң 48 %
ғана құрайды.
Мұның өзiнде, өңделген сүттiң шалғайлығы мен көлiк шығынының
көптiгiнен 12 % iрi қалалардың рыноктарына әкетiледi.
4-кесте
2.4. Республикадағы iрi қалалардың халқының 1999 жылы
сүт және сүт өнiмдерiмен қамтамасыз етiлуi
(мың тонна)
---------------------------------------------------------------------------
Көрсеткiштер ! 1999 ж.
! нақты
---------------------------------------------------------------------------
Қала маңындағы аймақтағы сүт өндiрiсi 1362,0
Қала маңындағы аймақта тауар өндiрушiлердiң өз қажеттерiне 534,0
жұмсағаны
Қала маңындағы аймақтағы тауарлық сүттiң көлемi 825,0
Шығыны 3,0
Қала маңындағы аймақтан шығарылуы 5,0
Қала тұрғындарының тұтынуы 1225,0
Оның iшiнде: қала маңындағы аймақта өндiрiлгенi 825,0
импорты 148,0
қала маңындағы аймақтың шегiнен тыс
әкелiнгенi 257,0
Қала маңындағы аймақта өндiрiлген сүттiң жалпы тұтыну 67
көлемiнiң үлес салмағы, %
Сүт өнiмiн халықтың жан басына шаққандағы жыл бойы 237
тұтынылғаны, кг
---------------------------------------------------------------------------
Iрi қалалар халқының сүт өнiмдерiне қажеттiлiгi қала маңындағы
аймақтан 825 мың тонна көлемiнде немесе 67 % ғана қанағаттандырылады.
Импортталған сүт өнiмi 12 % құрайды және олар терең өңдеу мен сүт
өнiмдерiнiң (қоюлатылған, консервiленген және құрғақ сүт, сары май,
iрiмшiк, балалар тағамы, йогурт) түрiнде ұсынылады.
Сүт өнiмiнiң халықтың жан басына шаққандағы қажеттiлiгi ғылыми
негiзделген нормалардың небәрi 58 % құрайды.
5-кесте
2.5. Республиканың ірі қалалары тұрғысында халықтың 1999 жылы
сүт және сүт өнімдерімен қамтамасыз етілуі
(мың тонна)
---------------------------------------------------------------------------
Қалалар !Халық ! Нақты ! Қала ! Қала ! Қала маңындағы ай. ! Қала
атауы !саны !тұтыныл.!маңын. !маңын.!мақтан тыс әкелінгені!маңын.
! !ғаны !дағы !дағы !---------------------!дағы
!мың ! !аймақ. !аймақ.!Бар. !О.і. !Қала ма.!аймақ.
!адам ! !тан !тан !лығы !импор.!ңындағы !тан тыс
! ! !әкелін.!қамта.! !ты !аймақтан!әкетіл.
! ! !гені !масыз ! ! !тыс әке.!гені
! ! ! !ету % ! ! !лінгені !
---------------------------------------------------------------------------
Астана 313,3 86 59 69 27 17 10
Көкшетау 123,3 32 30 94 2 1,6 0,4
Ақтөбе 253,0 63 50 79 13 9 4
Алматы 1130,1 271 174 64 97 48 49
Талдықорған 98,0 24 25 104 1 1 2
Атырау 141,8 30 6 20 24 7 17
Өскемен 310,9 75 52 69 23 4 19
Семей 269,7 60 43 72 17 2,2 14,8
Тараз 325,5 68 51 75 17 8,3 8,7
Орал 196,1 52 44 85 8 2,4 5,6
Қарағанды 437,7 125 40 32 85 20 65
Жезқазған 90,4 31 6 19 25 6 19
Қызылорда 157,3 32 13 41 19 10 9
Қостанай 222,5 67 41 61 26 2 24
Павлодар 299,7 78 64 82 14 5 9
Петропавл 203,4 57 57 100 3 3 3
Шымкент 357,9 74 70 95 4 1,5 2,5
Барлығы 4930,2 1225 825 67 405 148 257 5
---------------------------------------------------------------------------
Қала маңындағы аймақтан Астана, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Жезқазған,
Қарағанды, Қызылорда, Қостанай, Семей, Тараз, Өскемен қалаларын сүтпен
қамтамасыз етудің % төмен.
6-кесте
2.6. Ірі қалаларда 1999 жылы сүт өнімдерін тұтынудың құрылымы
(мың тонна сүтке айналдырғанда)
---------------------------------------------------------------------------
Сүт және сүт өнімдері!Сүт өнімдерінің! Оның ішінде
!барлық !-------------------------------------
!тұтынылғаны ! отандық сүт ! Импортталып
! ! өңдейтін ! әкелінгені
! ! ұйымдардың !
! ! өндіргені !
---------------------------------------------------------------------------
Барлығы сүтке
айналдырғанда 1225,0 161,0 148,0
оның ішінде:
өнеркәсіптік
өңделмеген сүт
өнімі 916,0
өнеркәсіптік
өңделген сүт
өнімі 309,0 161,0 148,0
оның ішінде:
өнеркәсіптік
өңделген қаймағы
алынбаған сүт
өнімі 99,7 94,1 5,6
ірімшік 31,5 23,2 8,3
сары май 83,6 38,7 44,9
қоюлатылған,
қоюлатылмаған,
құнарлы сүт 33,0 33,0
сүт өнімінің
қайта өңделген
басқа да түрлері 48,6 1,2 47,4
балмұздақ 12,6 3,8 8,8
---------------------------------------------------------------------------
Өңделмеген түрде тұтынылған сүт 916 мың тонна, жалпы тұтынылған
көлемiнiң 75 % құрайды.
Өңделген сүт өнiмiнiң 52 % отандық ұйымдардың үлесiне тиедi.
Отандық ұйымдарда шығарылған сүт өнiмiнiң 94 % қаймағы алынбаған сүт
өнiмiн құрайды.
7-кесте
2.7. Отандық өндiрістегі сүт өнімдерiнiң бәсекеге қабiлеттiлiгi
---------------------------------------------------------------------------
! Рыноктағы сату бағасы (теңге)
Сүт өнiмдерiнiң негiзгi !----------------------------------------
түрлерi !Өздерiнiң өндiргенi (отандық) ! Импорт.
!------------------------------! талған
! Жеке ! Өнеркәсіптік ! өнімі
! меншiктегi !өндірушілердің !
!өндiрушiлердің! өнiмi !
! өнiмi ! !
---------------------------------------------------------------------------
Қаймағы алынбаған сүт (кг) 25-30 35-40
Қаймақ (кг) 150-160 180-200
Сары май (кг) 230-250 280-300 300-350
Ірімшік (кг) 350-400 400-450
Қоюлатылған сүт (400 гр) 55-60
Құнарлы сүт (400 гр) 50-55
Құрғақ сүт (кг) 220-250 250-300
Йогурт (125 гр) 20-25 35-40
---------------------------------------------------------------------------
Жеке меншiктегi өндiрушiлер өнiмiнiң бағасы төмен болғандықтан,
олардың өнiмiне сұраныс жоғары.
Отандық өнеркәсiптiк өндiрушiлер өнiмiнiң бәсекеге қабiлетi
болмауының негiзгi факторлары:
технологияның артта қалуы және жабдықтардың тозуынан өндiрiстiң
шығыны жоғары;
шетел өнiмiмен салыстырғандағы өнiмнiң сыртқы безендiрiлуiнiң
тартымды болмауы.
8-кесте
2.8. Сүттiң жалпы өндiрiсiндегi қайта өңдеудiң үлес салмағы
---------------------------------------------------------------------------
! Жылдар
!---------------------------------------------------------
! 1992 ! 1993 ! 1994 ! 1995 ! 1996 ! 1997 ! 1998 ! 1999
---------------------------------------------------------------------------
Көлемі,
мың тонна 2133 2069 1396 623 349 203 180 161
---------------------------------------------------------------------------
% 40,5 37,1 26,4 13,5 9,6 6,1 5,3 4,6
---------------------------------------------------------------------------
Қазiргi уақытта сүттiң басым бөлiгi, қалалардың рыноктарын қосқанда,
қайта өңдеусiз пайдаланылады. Сапалы шикiзаттың жетiспеуiнен және халықтың
төлем қабiлетi төмен болғандықтан, қаймақ, iрiмшiк, қаймағы алынбаған сүт
сияқты өнiмдердi өндiрудiң үлесi мейлiнше аз.
9-кесте
2.9. Сүтті өңдеу жөніндегі өндірістік қуаттарды 1999 жылы
пайдаланудың жай-күйі
---------------------------------------------------------------------------
Қалалар ! Өндіруге арналған өндірістік қуаттардың болуы
! (ауысым/тонна)
!-----------------------------------------------------------
!Қаймағы ! сары !ірім.!қоюла. !құрғақ!балмұздақ
!алынбаған! май !шік !тылған !сүт !
!сүт ! ! !сүт ! !
---------------------------------------------------------------------------
Астана 250 7,2 5 1,0
Көкшетау 150 8,0 4,0 2,8
Ақтөбе 90 9,5 2,4 2,7
Алматы 360 10,0 14,0
Талдықорған 200 5,0 6,0 1,0
Атырау 10
Өскемен 126 14,7 2,9 0,4 5
Семей 74 4,4 2,0
Тараз 100 4,5 4,0 1,3
Орал 50 5,7 2,8 2,5
Қарағанды 100 2,0 0,4 1,5
Жезқазған 10 0,2 0,4
Қызылорда 10 0,2 0,2
Қостанай 150 4,5 4,0 2,5
Павлодар 220 5,9 9,4 6,2 3,0
Петропавл 100 18 3 3,0
Шымкент 100 6,0 2,5
---------------------------------------------------------------------------
Жиынтығы 2100 105,8 63 8,6 24,3
---------------------------------------------------------------------------
таблицаның жалғасы:
---------------------------------------------------------------------------
Қалалар ! Нақты өндірілген өнім
! (мың тонна)
!-----------------------------------------------------------
!Қаймағы ! сары !ірім.!қоюла. !құрғақ!балмұздақ
!алынбаған! май !шік !тылған !сүт !
!сүт ! ! !сүт ! !
---------------------------------------------------------------------------
Астана 7,1 0,2 0,04 0,5
Көкшетау 2,7 0,1 0,1 0,2
Ақтөбе 2,2 0,12 0,1
Алматы 19,2 0,32 0,4 1,04
Талдықорған 1,8 0,1 0,1 0,1
Атырау 0,8 0,2
Өскемен 7,8 0,16 0,3 0,2
Семей 5,4 0,1 0,14 0,1
Тараз 6,7 0,1 0,36 0,1
Орал 4,5 0,04 0,23 0,06
Қарағанды 2,6 0,03 0,1
Жезқазған 0,8 0,02
Қызылорда 0,3 0,1
Қостанай 8,4 0,15 0,41 0,1
Павлодар 8,2 0,1 0,5 0,1
Петропавл 11,6 0,52 0,4 0,1
Шымкент 4,2 0,17 0,1
---------------------------------------------------------------------------
Жиынтығы 94,1 1,9 2,8 0,5 2,9
---------------------------------------------------------------------------
таблицаның жалғасы:
---------------------------------------------------------------------------
Қалалар ! Өндіруге арналған қуаттарды пайдалану %
!-----------------------------------------------------------
!Қаймағы ! сары !ірім.!қоюла. !құрғақ!балмұздақ
!алынбаған! май !шік !тылған !сүт !
!сүт ! ! !сүт ! !
---------------------------------------------------------------------------
Астана 9 10 2,7
Көкшетау 6 4,2 8,3 1,7
Ақтөбе 8,1 4,3 12
Алматы 18,0 10,6 9
Талдықорған 3,0 6,6 5,5
Атырау 8,0 0 0
Өскемен 20,0 3,6 4,0 13
Семей 24,0 8,0 23,3
Тараз 22,3 7,7 30 25
Орал 30 2,3 28 33
Қарағанды 8 0 2,5 7,0
Жезқазған 27,0 0 16
Қызылорда 10 0 0
Қостанай 19,0 11,0 34 13
Павлодар 12,4 0 3,0 27 11
Петропавл 38,0 9,0 44 11
Шымкент 14 0 22,6
---------------------------------------------------------------------------
Жиынтығы 15,0 6,0 15 19 39
---------------------------------------------------------------------------
Қолда бар қуаттардың жұмыс істеу жүктемесі деңгейі өте төмен. Мұндай
жүктемемен қандай үстеме баға болса да, шығынды өтеу мүмкін емес. Бала
тағамдары, сүт консервілерін өндіретін қуаттар іс жүзінде, жоқ.
10-кесте
2.10. Сүт өңдейтін ұйымдардың жай-күйі
---------------------------------------------------------------------------
Қала және ! Іске !Қуат, бір ! Сумен жабдық. ! Кәріз
ұйымдардың атауы !қосыл. !ауысымда ! тау !
!ған !өңдейді, ! !
!жылы !тн ! !
---------------------------------------------------------------------------
Астана "Сүт"
(Фудмастер) ААҚ 1967 71,4 Қалалық су қалалық арна
құбыры тартуы
Көкшетау "Сүт" ААҚ 1966 66,4 Қалалық су қалалық арна
құбыры тартуы
Ақтөбе "Таң шолпан" ААҚ 1966 71,0 Қалалық су қалалық арна
құбыры тартуы
Алматы "Жігер" ААҚ 1977 257 Қалалық су қалалық арна
құбыры тартуы
Талдықорған Артезиан қалалық арна
"Ақбұлақ" ААҚ 1974 54,3 құдығы тартуы
Атырау "Атырау сүт" ААҚ 1957 22,1 Қалалық су қалалық арна
құбыры тартуы
Өскемен Қалалық су қалалық арна
"Сүткомбинаты" ААҚ 1983 38,0 құбыры тартуы
Семей "Ақбұлақ" ААҚ 1964 135,0 Қалалық су қалалық арна
құбыры тартуы
Тараз "Сүт" ААҚ 1960 42,8 Артезиан қалалық арна
құдығы тартуы
Орал "Береке" ААҚ 1965 42,4 Қалалық су қалалық арна
құбыры тартуы
Қарағанды "Милк" ААҚ 1959 104,5 Қалалық су қалалық арна
құбыры тартуы
Жезқазған "Ғасыр" ЖШС 1964 32,7 Қалалық су қалалық арна
құбыры тартуы
Қызылорда "Ілтипат" ААҚ 1978 42,0 Қалалық су қалалық арна
құбыры тартуы
Қостанай "Ден" ЖШС, Қалалық су қалалық арна
"Молочник" ЖШС 1969 404,5 құбыры тартуы
Павлодар "Сүт" ААҚ 1965 155,0 Қалалық су қалалық арна
құбыры тартуы
Петропавл "Мол-сервис" 1986 577,0 Қалалық су қалалық арна
ААҚ құбыры тартуы
Шымкент "Сүт" ЖШС 1986 243,2 Қалалық су қалалық арна
құбыры тартуы
---------------------------------------------------------------------------
таблицаның жалғасы:
---------------------------------------------------------------------------
Қала және !Жылумен !Суықпен !Соңғы !Жабдықпен ! Тозу
ұйымдардың атауы !жабдықтау!жабдықтау!қайта !жарақтандыру ! %
! ! !құру ! !
! ! !өткізіл. ! !
! ! !ген жылы ! !
---------------------------------------------------------------------------
Астана "Сүт" Орталық Меншікті - отандық 62
(Фудмастер) ААҚ ЖЭО
Көкшетау "Сүт" ААҚ Меншікті Меншікті 1981 отандық 48
Ақтөбе "Таң шолпан" ААҚ Орталық Меншікті 1986 отандық 55
ЖЭО
Алматы "Жігер" ААҚ Орталық Меншікті отандық 35
ЖЭО
Талдықорған Орталық Меншікті отандық 40
"Ақбұлақ" ААҚ ЖЭО
Атырау "Атырау сүт" ААҚ Меншікті Меншікті отандық 67
Өскемен
"Сүткомбинаты" ААҚ Орталық Меншікті отандық 25
ЖЭО
Семей "Ақбұлақ" ААҚ Меншікті Меншікті 1987 отандық 55
Тараз "Сүт" ААҚ Меншікті Меншікті 1972 отандық 80
Орал "Береке" ААҚ Орталық Меншікті - отандық 57
ЖЭО
Қарағанды "Милк" ААҚ Орталық Меншікті - отандық 75
ЖЭО
Жезқазған "Ғасыр" ЖШС Меншікті Меншікті - отандық 48
Қызылорда "Ілтипат" ААҚ ЖЭО Меншікті - отандық 45
Қостанай "Ден" ЖШС, ЖЭО Меншікті - отандық 56
"Молочник" ЖШС
Павлодар "Сүт" ААҚ ЖЭО Меншікті 1973 отандық 45
Петропавл "Мол-сервис" ЖЭО Меншікті отандық 20
ААҚ
Шымкент "Сүт" ЖШС ЖЭО Меншікті отандық 15,0
---------------------------------------------------------------------------
Сүт өңдейтін ұйымдардың объектілері кеңестік өндірістің ескі
жабдықтарымен жарақтандырылған.
Астана, Ақтөбе, Атырау, Семей, Тараз, Орал, Өскемен, Қарағанды,
Қостанай қалаларының сүт өңдейтін ұйымдары 1959-1969 жылдары салынған,
тозуы 45-тен 80 %-ға дейін, жаңғыртуды және техникалық қайта
жарақтандыруды талап етеді. Отандық сүт өңдеу ұйымдарында, іс жүзінде, тек
қана қаймағы алынбаған сүт, кейбірінде сары май мен ірімшік өндіру
мүмкіндігі бар.
11-кесте
2.11. Сүт өңдейтін ұйымдардың 1999 жылы дайындаған және
қайта өңдеген сүттің көлемі
(мың тонна)
---------------------------------------------------------------------------
Қалалар !Қала маңын. !Оның ! % ! соның ішінде
!дағы тауарлы!ішінде ! !-----------------------------
!сүттің !өңдеуші ! !Ауыл шаруа. ! жеке меншік
!өндірілуі !ұйымдардың! !шылығы құры. ! ауласында
! !дайындаға.! !лымдарында !
! !ны ! ! !
--------------------------------------------------------------------------
Астана 59 11,8 20,0 3 8,8
Көкшетау 30 6 20,0 1,2 4,8
Ақтөбе 50 4,8 9,6 1,8 3,0
Алматы 174 31,1 17,8 10,6 20,5
Талдықорған 25 4,9 19,6 0,8 4,1
Атырау 6 1,0 16,6 0,2 0,8
Өскемен 52 14,3 27,5 5,3 5,0
Семей 43 8,7 20,2 1,5 7,2
Тараз 51 10,4 20,4 2,0 8,4
Орал 44 7,7 17,5 0,7 7,0
Қарағанды 40 3,0 7,5 1,2 1,8
Жезқазған 6 1,2 20,0 0,4 0,8
Қызылорда 13 0,4 3,0 0,4
Қостанай 41 13,6 33,2 2,2 11,4
Павлодар 64 13,5 21,1 4,0 5,5
Петропавл 57 22,0 38,6 4,7 17,3
Шымкент 70 6,4 9,1 0,7 5,7
---------------------------------------------------------------------------
Барлығы 825 160,8 19,5 40,3 120,5
---------------------------------------------------------------------------
Сүт өңдеу ұйымдарында сүт дайындайтын тарамдалған желi жоқ және айналым қаражаты жетiспейдi, соның нәтижесiнде, әсiресе, жеке меншiк аулаларда өндiрiлетiн сүттi барынша толық жинау қамтамасыз етiлмеуде.
Жалпы өндiрiлетiн сүт көлемiнде тауарлы-сүт фермаларының (бұдан әрi -
ТСФ) үлес салмағы төмен.
Сапасы ескерiлмей, сүт бiрыңғай дайындау бағасымен сатып алынады.
Негiзгi көлемi сатып алынатын жеке аулаларда, технологиялары мен
санитарлық нормалар сақталмағандықтан, сапасы нашар сүт өндiрiлуде.
Сапалы сүт өндiрiлетiн тауарлы-сүт фермаларының желiсiн кеңейту
шикiзат базасын дамытудың негiзгi факторы бола алады.
12-кесте
2.12. Қалалар маңындағы аймақтардағы мал табынының 1999 жылғы жай-күйі
(мың бас)
---------------------------------------------------------------------------
Қалалар !Сауынды ! оның ішінде !оның ! Оның ішінде
!сиыр саны !------------------!ішінде!------------------------
! !а/ш құ. !жеке ау. !асыл !А/ш құ. !Жеке аулаларда
! !рылымда.!лаларда !тұқым.!рылымда.!(маманданды.
! !рында !(маман. !ды мал!рында !рылмаған
! !(маман. !дандырыл.!басы !(маман. !өндіріс)
! !данды. !маған ! !данды. !
! !рылған !өндіріс) ! !рылған !
! !ТСФ) ! ! !ТСФ) !
---------------------------------------------------------------------------
Астана 55 8 47 2,8 2,8
Көкшетау 26 1 25 0,1 0,1
Ақтөбе 70 7 63 0,5 0,5
Алматы 99 18 81 10,2 10,2
Талдықорған 24 4 20 2,1 2,1
Атырау 14 1 13
Өскемен 38 9 29 5,2 5,2
Семей 35 5 30 1,1 1,1
Тараз 31 3 28 3,2 3 0,2
Орал 31 3 28 0,5 0,5
Қарағанды 42 4 38 0,5 0,5
Жезқазған 13 3 10
Қызылорда 18 1 17 0,03 0,03
Қостанай 29 3 26 2,4 2,4
Павлодар 49 13 36 4 4
Петропавл 34 7 27 7 5,7 1,3
Шымкент 55 2 53 1,4 1,4
Барлығы 663 92 571 41,03 39,53 1,5
---------------------------------------------------------------------------
таблицаның жалғасы:
-----------------------------------------------
Қолдан ұрықтандыру пункттерімен
қамтамасыз етілуі
-----------------------------------------------
Қалалар !керегі !қолда !қамтамасыз
! !бары !етілуі %
-----------------------------------------------
Астана 142 41 29
Көкшетау 60 20 33
Ақтөбе 75 13 17
Алматы 155 55 35
Талдықорған 52 32 61
Атырау 11 5 45
Өскемен 106 51 48
Семей 22 10 45
Тараз 68 26 38
Орал 62 34 55
Қарағанды 133 45 34
Жезқазған 8 2 25
Қызылорда 28 6 21
Қостанай 75 31 41
Павлодар 115 21 18
Петропавл 63 37 59
Шымкент 177 42 24
Барлығы 1352 471 35
-----------------------------------------------
Негізгі сауынды сиыр басының 86 % азаматтардың жеке аулаларында
шоғырландырылған, онда асыл тұқымды мал, іс жүзінде, жоқ.
Сиырлардың тектік әлеуеті өте төмен және асыл тұқымды мал басы,
негізінен, тауарлы-сүт фермаларында шоғырландырылған.
Сиырларды қолдан ұрықтандыру пункттерінің желісі нашар дамытылған,
әсіресе, жеке аулаларда тексіз, шығу тегі белгісіз бұқалармен еркін
шағылыстыру етек алған.
13-кесте
2.13. Қалалар маңындағы аймақтардағы тауарлы-сүт фермаларын дамыту
---------------------------------------------------------------------------
Қалалар !Қолданыс.!ондағы !Сиыр басын!Бұрынғы!Ондағы !жаңа !ондағы
!тағы !бар !қосымша !ТСФ !сиырлар!ТСФ !сиырлар
!барлық !сиыр. !толықтыру !қалпына!басы, !салу !басы,
!ТСФ !лардың !қажет, !келтіру!мың !қажет, !мың бас
! !саны, !мың бас !қажет, !бас !бірлік !
! !мың ! !бірлік ! ! !
! !бас ! ! ! ! !
---------------------------------------------------------------------------
Астана 34 8,1 2,1
Көкшетау 11 0,9 1,3
Ақтөбе 32 6,4 23 4,6
Алматы 40 9,9 5,4
Талдықорған 16 2,1 1,6
Атырау 4 0,8
Өскемен 38 12,4 18 3,6
Семей 15 3,7 11 2,5
Тараз 9 1,8 11 2,2
Орал 20 2 2,0 4 0,9
Қарағанды 25 4,3 0,7 15 3,7
Жезқазған 5 0,4 0,6 15 2,6
Қызылорда 10 1,6 10 1
Қостанай 15 3,1 18 3,6
Павлодар 22 2,2 2,2 45 11,2
Петропавл 7 2,6 0,2 12 4,2
Шымкент 16 3 0,2 14 2
Барлығы 305 62,9 16,3 196 42,7 14 1,8
--------------------------------------------------------------------------
14-кесте
2.14. Тауарлы-сүт фермаларын 1999 жылы жемшөппен қамтамасыз
етудің жай-күйі
------------------------------------------------------------------------
Қалалар !Жай жемшөппен !Балауса жемшөппен ! Жеммен
!қамтамасыз етілу !қамтамасыз етілу ! қамтамасыз етілу
! % ! % ! %
------------------------------------------------------------------------
Астана 88 100 100
Көкшетау 86 100 100
Ақтөбе 120 40 63
Алматы 110 80 100
Талдықорған 102 129 82
Атырау 97 11 14
Өскемен 93 61 78
Семей 106 26 54
Тараз 107 44 111
Орал 95 50 64
Қарағанды 100 0 100
Жезқазған 103 0 100
Қызылорда 83 0 100
Қостанай 100 100 100
Павлодар 111 65 100
Петропавл 100 100 100
Шымкент 115 57 36
Барлығы 103 57 90
------------------------------------------------------------------------
Ақтөбе, Атырау, Өскемен, Семей, Тараз, Орал, Павлодар және Шымкент қалаларының маңындағы аймақта мал балауса жемшөппен нашар қамтамасыз етiлген, ал Қарағанды, Жезқазған және Қызылорда қалалары маңындағы аймақта олар, iс жүзінде, мүлдем өндiрілмейді.
Атырау, Шымкент қалалары маңындағы аймақта сүт өндiрушiлер жеммен нашар қамтамасыз етiледi.
2.15. Қорытынды
Қала маңындағы аймақ өткiзу рыногына жақын болғандықтан, әрқашанда сүт өндiруге тиiмдi аймақ болған. Алайда, соңғы жылдардағы экономикалық ахуалға байланысты халықтың төлем қабiлетi бар сұранысы күрт төмендеп, жоспарлы экономика жылдары құрылған, iрi қалалар маңындағы сүт және оны өңдеудiң мамандандырылған өндiрiсi қысқарды.
Дегенмен де, жалпы алғанда, қала халқының төлем қабiлетi сүт өнiмдерiмен толық қанағаттандырылады, соның iшiнде қала маңындағы аймақта өндiрiлген сүт - 67 %, қала маңындағы аймақтың шегiнен тыс әкелiнетiн сүт - 21 %, импорты - 12 % тең. Өңделген сүт өнiмдерiнiң импорт құрылымының үлесi 48 % құрайды, соның iшiнде сүт өнiмдерінiң терең өңдеу үлесi 68 % тең. Алайда, сүт өнiмдерiнiң жан басына шаққандағы орташа тұтынылуы төмен және ғылыми негiзделген нормаларға сәйкес емес. Халықтың төлем қабiлетi өскен жағдайда, сүт өнiмдерiн тұтынуы да өсуi күтiлуде.
Импортталатын сүт өнiмдерiнiң үлесi жоғары болуы отандық өңдеу өнеркәсiбiнiң тоқыраудағы жағдайын сипаттайды. Іс жүзiнде, олардың бәрiнiң де шығыны жоғары, артта қалған технологиямен, табиғи және сапалық тозған жабдықтармен жұмыс iстейдi, бәсекеге қабiлетi жоқ өнiм шығарғандықтан, айналым қаражатынан айырылып отыр. Осы себептен, олардың жұмысы кең өрiс ала алмай, тауарлық сүттiң негiзгi үлесi халыққа шикi, өңделмеген түрде сатылады. Сүт өңдейтiн барлық ұйымдар жаңғыртуды және техникалық қайта жарақтандыруды қажет етедi.
Қала маңындағы аймақта, бүкiл республикадағыдай тауарлық сүт өндiрудiң негiзгі көлемi (86 %) жеке меншiк ауласында өндiрiледi, мамандандырылған шаруашылықтар мен тауарлы-сүт фермаларының үлесi мардымсыз. Жеке меншiк ауласында сүт өндiру шығыны төмен болғандықтан, тиiмдi болғанымен, өндiру технологиясын сақтамағандықтан, тауарлы-сүт фермаларына қарағанда сапасы төмен. Бұдан басқа, мал тұқымын асылдандыру жұмысы мен мал дәрiгерлiк қызмет көрсетуге, сүт өндiрудiң маусымдылығына және оны сатып алуды ұйымдастырудың қиындығына байланысты күрделi мәселелер орын алуда. Сондықтан, оларды бiрте-бiрте отбасылық немесе iрі тауарлы-сүт ауыл шаруашылығы құрылымдары сияқты мамандандырылған құрылымдарға айналдыру көзделедi.
3. Бағдарламаның мақсаттары мен мiндеттерi
Бағдарламаның мақсаты: Iрi қалалардың төлемге қабiлетті халқының сұранысын отандық сүт өндiрiсi өнiмдерінiң кең ассортиментiнде барынша қанағаттандыру.
Осы мақсатқа қол жеткiзу үшiн мына мiндеттердi шешу алда тұр:
1) сүт өңдейтiн қазiргi объектiлердi қайта жаңарту және техникалық жарақтандыруды қамтамасыз ету;
2) сүттi көп өндiретiн аймақта оны терең өңдейтiн жаңа қуаттарды іске қосу;
3) шикiзат базасын, сүт дайындау жүйесiн баламалы дамыту үшiн мамандандырылған тауарлы-сүт фермаларын ынталандыруға иек арта отырып, жағдай жасау;
4) сауынды сиыр табынының тектiк әлеуетiн және оған мал дәрiгерлiк қызмет көрсетудi жақсарту жөнiнде шаралар қабылдау.
4. Бағдарламаны iске асырудың және
қаржыландырудың тетiгi
Осы Бағдарламаны iске асыру үшiн мынадай жұмыстарды орындау қажет:
1. Солтүстiк Қазақстан облысы Петропавл қаласында бiр ауысымда 50 тонна сүт өңдейтiн қуаты бар немесе бiр ауысымда 25 тонна сүт консервiсiн өндiретiн зауыт салу, бағдар бойынша бағасы 1,3-1,5 млн. АҚШ доллары.
Жобаның әкiмшiсi: Солтүстiк Қазақстан облысының әкiмi, Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлiгiмен және "Эксимбанк" ЖАҚ-мен (келiсiм бойынша) бiрлесiп.
Қаржыландыру көздерi - импортты алмастыру бағдарламасының қаражаты.
2. Астана, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Өскемен, Тараз, Қарағанды, Жезқазған, Қызылорда, Қостанай қалаларында iрiмшiк, сары май, қаймағы алынбаған сүт өнiмдерiн өндiру зауыттарын қайта жаңарту.
Жобаның әкiмшiлерi: облыстардың әкiмдерi.
Қаржыландыру көздерi - инвестициялар, қайтарымды негізде бөлiнетiн жергiлiктi бюджет қаражаттары, жеке және заңды тұлғалардың меншiктi қаражаттары. Қажеттi қаржы ресурстары 715 млн. теңге.
3. Астана, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Өскемен, Тараз, Қарағанды, Жезқазған, Қызылорда, Қостанай қалалары маңында тауарлы-сүт фермаларын дамыту.
Жобаның әкiмшiлерi: облыстардың әкiмдерi.
Қаржыландыру көздерi - инвестициялар, қайтарымды негiзде бөлiнетiн жергiлiктi бюджет қаражаттары, жеке және заңды тұлғалардың меншiктi қаражаттары. Қажеттi қаржы ресурстары 1670 млн. теңге.
4. Қазақстан Республикасының Yкiметi бекiткен тiзбеге енгізiлген, малды аса қауiптi жұқпалы аурулардан қорғау жөнiндегi мал дәрiгерлiк-профилактикалық iс-шаралар жүргiзу арқылы, мал дәрiгерлiк қызмет көрсетудi қамтамасыз ету.
Бюджеттiк бағдарламаның әкiмшiсi: Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi.
Қаржыландыру көздерi - көрсетiлген мақсаттарға республикалық бюджетте көзделген қаражат. Қажеттi қаржы ресурстары 309 млн. теңге.
5. Мал тұқымын асылдандыру орталығын құру, тұқым жақсартқыш бұқалардың ұрығын беру, пайдаланылған және сатылған ұрықтарды, сатылған асыл тұқымды мал төлiн қаражаттандыру.
Бюджеттiк бағдарламаның әкiмшiсi: Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi.
Қаржыландыру көзi - көрсетiлген мақсаттарға республикалық бюджетте көзделген қаражат. Қажеттi қаржы ресурстары 363,4 млн. теңге.
6. Сауынды сиыр шаруашылығындағы iргелi және қолданбалы ғылыми зерттеулер, ауыл шаруашылығының тектiк қорын сақтау дамыту және пайдалану, жаңа тұқымдар, тұрпаттар, желiлер жасап шығару, селекциялық жұмыстың перспективалық жоспарын әзiрлеу.
Бюджеттiк бағдарламаның әкiмшiсi: Қазақстан Республикасының Ғылым
және бiлiм министрлiгi.
Қаржыландыру көзi - көрсетiлген мақсаттарға республикалық бюджетте
көзделген қаражат.
7. Жемшөп өсiру және дайындау үшiн жер бөлу.
Жауаптылар: облыстардың әкiмдерi.
8. Лизингтiк негiзде жемшөп дайындайтын техникамен қамтамасыз ету.
Жауаптылар: Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi.
Қажеттi қаржы ресурстары 670 млн. теңге.
Ескерту: қаржылық қаражат қажеттiлiгiн облыстардың департаменттерi
(басқармалары) анықтаған. Қажеттi қаржы ресурстарының көлемi әрбiр қала
маңындағы аймақ субъектiлерi бойынша бизнес-жоспарлар жасау процесiнде
нақтыланатын болады.
5. Күтiлетiн нәтижелер
Бағдарламаны iске асыру:
iрi қалалардың маңындағы аймақта өндiрiлетiн сүттiң тауарлығын 10 %
өсiруге;
iрi қалалардың халқының қала маңындағы аймақтан сүтпен қамтамасыз
етiлуiн 87 % дейiн жеткiзуге;
импортталатын сүт пен сүт өнiмдерiнiң көлемiн 2 есе төмендетуге;
қала маңындағы аймақта сүт өндiрiсiн шоғырландыруға және қалалар
маңында "сүттi аймақтар" құруға;
сиырларды қолдан ұрықтандыруды мамандандырылған тауарлы-сүт
фермаларында 100 %, халықтың жеке меншiк аулаларында 50 % қамтуға;
сауынды сиыр табынын 100 % толыққанды азықтандырумен қамтамасыз етуге
мүмкiндiк беретiн жемшөп базасын құруға;
сауынды сиыр тұқымдылығының сапалы жаңаруына, тектiк әлеуетiн
жақсартуға, оның өнiмдiлiгiн арттыруға қол жеткiзуге;
сүт өңдеудi жүзеге асыратын объектiлердi техникалық қайта
жарақтандыруды жүргiзуге және жаңа технологиялар енгiзуге, дайындау
желiлерiн құру, сүттi өткiзу және өңдеу проблемаларын шешуге мүмкiндiк
бередi.
Ірі қалалардың маңындағы аймақтарда сүт өндірісін
дамытудың 2000-2002 жылдарға арналған салалық
бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар
---------------------------------------------------------------------------
Іс-шараның атауы ! Аяқтау ! Орындалуына ! Орындау
! нысаны ! жауаптылар ! мерзімі
---------------------------------------------------------------------------
1. АҚ нысанында акцияның Қазақстан Қазақстан 2001 жылдың
мемлекеттiк пакетi 70 %-дан Республикасы Республикасының 3 тоқсаны
кем болмайтын тұқым асылдандыру Үкіметінің Ауыл
орталығын құру. қаулысы шаруашылығы
министрлігі
2. Тұқым асылдандыру өнiмiн Бұйрық Қазақстан 2001 жыл
сату жөнiндегi асыл тұқымды Республикасының
шаруашылықтарды аттестаттаудан Ауыл
өткiзу. шаруашылығы
министрлігі
3. Асыл тұқымды мал Қазақстан Қазақстан Әрбір
шаруашылығын қаражаттандыру. Республикасы Республикасының жылдың
Үкіметіне Ауыл қорытындысы
есеп шаруашылығы бойынша
министрлігі
4. Қазақстан Yкiметi бекiткен Қазақстан Қазақстан Әрбір
тiзбе бойынша, малдың аса Республикасы Республикасының жылдың
қауiптi жұқпалы ауруларынан Үкіметіне Ауыл қорытындысы
малды қорғау жөнiндегi мал есеп шаруашылығы бойынша
дәрiгерлiк алдын алу министрлігі
iс-шараларын жүргiзу арқылы
мал дәрiгерлiк қызмет
көрсетудi қамтамасыз ету.
5. Лизингтiк негiзде сүт Қазақстан Қазақстан Әрбір
бағытындағы ауыл шаруашылығы Республикасы Республикасының жылдың
құрылымдарын жемшөп жинау Үкіметіне Ауыл қорытындысы
техникасымен қамтамасыз ету. есеп шаруашылығы бойынша
министрлігі
6. Асыл тұқымды мал Қазақстан Қазақстан Әрбір
шаруашылығы саласында ғылыми Республикасы Республикасының жылдың
қолданбалы және iргелі Үкіметіне Ғылым және қорытындысы
зерттеулер (жаңа тұқымдар, есеп білім бойынша
топтар, тұрпаттар шығару) министрлігі
жүргізу.
7. Солтүстік Қазақстан облысы Қазақстан Солтүстік Әрбір
Петропавл қаласында қуаты бір Республикасы Қазақстан жылдың
ауысымда 50 тонна сүт өңдейтiн Үкіметіне облысының әкімі қорытындысы
немесе 25 тонна сүт есеп Қазақстан бойынша
консервісін шығаратын зауыт Республикасының
салу. Энергетика,
индустрия және
сауда
министрлігімен
және
"Эксимбанк"
ЖАҚ-мен
(келісім бойынша)
бірлесіп
8. Астана, Ақтөбе, Алматы, Қазақстан Облыстардың Әрбір
Атырау, Өскемен, Семей, Республикасы әкімдері, жылдың
Тараз, Қарағанды, Жезқазған, Үкіметіне Қазақстан қорытындысы
Қызылорда, Қостанай, есеп Республикасының бойынша
Петропавл, Шымкент Ауыл
қалаларының төңірегінде шаруашылығы
сауынды сиырлар мен министрлігі
құнажындарды қолдан
ұрықтандыру пункттерiнiң
жұмыстарын ұйымдастыру мен
тауарлы-сүт фермаларын дамыту.
9. Астана, Ақтөбе, Алматы, Қазақстан Облыстардың Әрбір
Атырау, Өскемен, Тараз, Республикасы әкімдері жылдың
Қарағанды, Жезқазған, Үкіметіне қорытындысы
Қызылорда, Қостанай, Семей есеп бойынша
және Шымкент қалаларында
өңделмеген (қаймағы
алынбаған), сары май және
ірімшік, сүт өнiмдерiн
өндiретiн объектiлердiң
қайта жаңғыртылуы мен
техникалық жаңартылуын жүргізу,
қазіргі және келешекте шикiзат
базасын дамыту есебiнен сүт
дайындайтын пункттер
ұйымдастыру.
10. Тауарлы-сүт фермаларына Облыс Облыстардың 2001 жыл
жемшөп өсіру және дайындау әкімдерінің әкімдері
үшiн, жер учаскелерін бөлуді шешімі
қамтамасыз ету.
---------------------------------------------------------------------------
Мамандар:
Багарова Ж.А.
Икебаева А.Ж.