Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлiгiнiң Орман, балық және аңшылық шаруашылығы комитетi белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасы Президентiнiң Іс Басқармасына (келiсiм бойынша) "Жасыл аймақ" республикалық мемлекеттiк кәсiпорнының "Жарлыкөл" аң шаруашылығын берсiн.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және
жекешелендiру комитетi Қазақстан Республикасы Президентiнiң Іс
Басқармасымен (келiсiм бойынша) бiрлесiп, осы қаулыдан туындайтын қажеттi
шараларды қабылдасын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Мамандар:
Багарова Ж.А.
Икебаева А.Ж.