ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің Еңбек, көші-қон және халықты әлеуметтік қорғау жөніндегі консультативтік кеңесінің мәжілісін әзірлеу және оны 2000 жылдың 30 қараша - 1 желтоқсанында Астана қаласында өткізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2000 жылғы 17 қараша N 1729

      ТМД-ға қатысушы мемлекеттер арасында әлеуметтік-еңбек қатынастары саласындағы ынтымақтастықты нығайту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі:
      1) Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен бірлесіп ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің Еңбек, көші-қон және халықты әлеуметтік қорғау жөніндегі консультативтік кеңесінің мәжілісін (бұдан әрі - мәжіліс) әзірлеу және оны 2000 жылдың 30 қараша - 1 желтоқсанында Астана қаласында өткізу жөнінде ұйымдастыру іс-шараларын қамтамасыз етсін;
      2) мәжілісті өткізу үшін 2000 жылға арналған республикалық бюджетте "Өкілдік шығыстар" бағдарламасы бойынша көзделген қаражат есебінен қаражат бөлсін;
      3) Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен бірлесіп ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің ресми делегациялары мүшелерін орналастыру және оларға қызмет көрсету жөнінде қажетті шаралар қабылдасын.
      2. Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім

 

министрлігі мәжіліс шеңберіндегі шаралардың бұқаралық ақпарат құралдарында

жариялануын қамтамасыз етсін.

     3. Осы қаулының іске асырылуын бақылау Қазақстан Республикасының

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне жүктелсін.

     4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

        Премьер-Министрі



Мамандар:

     Багарова Ж.А.

     Икебаева А.Ж.







Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады