Астана қаласының қала құрылысын дамыту мәселелері туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2000 жылғы 28 қараша N 1776

       Қазақстан Республикасының астанасын дамытудың бас жоспарын іске асыру кезінде бірыңғай қала құрылысы саясатын жүргізу, мемлекеттік құпияларды қорғау режимін сақтау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Астана қаласы әкімінің "Астанабасжоспар" шаруашылық жүргізу

 

құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорын  құрғандығы  назарға алынсын.

     2. Астана қаласы әкімінің Астана қаласы аумағына егжей-тегжейлі

жоспарлаудың жобаларын әзірлеумен және астананың мемлекеттік қала құрылысы

кадастрын құрумен байланысты мемлекеттік сатып алуларды заңнамада

белгіленген тәртіпте бір көзден алу тәсілімен жүзеге асыру туралы

ұсынысына келісім берілсін.

     3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.



     Қазақстан Республикасының

        Премьер-Министрі


     Мамандар:

     Қобдалиева Н.М.

     Орынбекова Д.К.





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады