"Халықтың көші-қоны туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерiстер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы жөнінде

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2000 жылғы 29 қараша N 1779

 


     Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

     "Халықтың көші-қоны туралы" Қазақстан Республикасының Заңына     

өзгерiстер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы 


Z970204_



Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына

енгізілсін.


     Қазақстан Республикасының

         Премьер-Министрі


                                                                Жоба


                        Қазақстан Республикасының Заңы

                          "Халықтың көші-қоны туралы"

                       Қазақстан Республикасының Заңына

                  өзгерiстер мен толықтырулар енгізу туралы



 
       "Халықтың көшi-қоны туралы" 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Z970204_ Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., N 24, 341-құжат) мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
      1. Кiрiспедегi "сондай-ақ өзiнiң тарихи Отанына қайтып оралатын адамдар мен отбасылар үшiн жаңа жерде қажеттi тiршiлiк жағдайларын жасауды" деген сөздер алып тасталсын.
      2. 1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      "1-бап. Негiзгi ұғымдар
      Осы Заңда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
      босқындар - нәсiлдiк, дiни нанымы, азаматтық, ұлттық белгiлерi, белгiлi бiр әлеуметтiк топқа жататындығы немесе саяси сенiмi бойынша қудалау құрбаны болуы мүмкiн екендiгінiң толық негiзделген қаупi төнуi себептi өзi азаматы болып табылатын елден тыс жерде тұруға мәжбүр болған және осындай қауiп салдарынан өз елiнiң қорғауын пайдалана алмайтын немесе ондай қорғауды пайдаланғысы келмейтiн шетелдiктер; немесе, осындай қауiп салдарынан өзiнiң бұрынғы кәдуiлгi тұрғылықты елiнен тыс жерде тұрып жатқан, осындай қауiп салдарынан оған қайтып орала алмайтын немесе қайтып оралғысы келмейтiн азаматтығы жоқ адамдар;
      iшкi көшi-қон - жеке адамдардың Қазақстан Республикасының ішiнде бiржола немесе уақытша орын ауыстыруы;
      мәжбүрлi қоныс аударушылар - басқа мемлекет аумағындағы өзiнiң тұрақты тұратын жерiнен қарулы және ұлтаралық жанжалдарда өмiрiне нақты қауiп төнуi себептi, сондай-ақ дүлей зiлзалалар салдарынан мәжбүрлi түрде кеткен және өзi азаматы болып табылатын елге қайтып оралған, Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын адамдар;
      көшiп келу - шетелдiктердiң немесе азаматтығы жоқ адамдардың басқа мемлекеттерден Қазақстан Республикасына уақытша немесе тұрақты тұру үшін келуі;
      көшiп келушiлер - Қазақстан Республикасына уақытша немесе тұрақты тұруға келген шетелдiктер немесе азаматтығы жоқ адамдар;
      ұжымдық көшiп келу - Қазақстан Республикасына ұйымдасып қоныс аудару;
      көшi-қон - жеке адамдардың бiр мемлекеттен екiншi мемлекетке, сондай-ақ мемлекет iшiнде бiржолата немесе уақытша орын ауыстыруы;
      көшiп-қонушылар - Қазақстан Республикасына келген және Қазақстан Республикасынан кеткен, сондай-ақ себептерiне және уақытының ұзақтығына қарамастан Қазақстан Республикасының iшiнде қоныс аударған адамдар;
      заңсыз көшiп келушiлер - шетелдiктердiң немесе азаматтығы жоқ адамдардың келу, болу, транзиттiк жүрiп өту тәртiбiн реттейтiн заңдарды бұза отырып Қазақстан Республикасына келген және онда болып жатқан, аталған санаттағы адамдар;
      оралмандар - Қазақстан Республикасы егемендiк алған кезде оның шегiнен тыс жерлерде тұрған және Қазақстанға тұрақты тұру мақсатымен келген ұлты қазақ шетелдiктер немесе азаматтығы жоқ адамдар;
      репатриация - азаматтардың өз отанына ерiктi түрде қайтып оралуы;
      репатрианттар - отанына ерiктi түрде қайтып оралған Қазақстан Республикасының азаматтары;
      реэмигранттар - Қазақстан Республикасының бұрынғы азаматтары арасынан отанына қайтып оралған шетелдiктер немесе азаматтығы жоқ адамдар;
      отбасымен көшiп келу - Қазақстан Республикасына уақытша немесе тұрақты тұру үшiн туыстар тобының келуi;
      еңбек көшi-қоны - жеке адамдардың еңбек қызметiн жүзеге асыру үшiн бiр мемлекеттен екiншi мемлекетке, сондай-ақ мемлекет iшiнде уақытша орын ауыстыруы;
      уақытша орналастыру орталығы - өздерiн оралмандар, босқындар деп тану туралы өтiнiш берген адамдардың және отбасы мүшелерiнiң Қазақстан Республикасының аумағында уақытша болуына мүмкіндiк жасалатын орын;
      халықтың көшi-қоны мәселелерi жөнiндегi орталық атқарушы орган - халықтың көшi-қоны саласында мемлекеттiк саясатты жүзеге асырушы және жұмысты үйлестiрушi мемлекеттiк орган (бұдан әрi - уәкілеттi орган);
      эмиграция (көшiп кету) - Қазақстан Республикасы азаматтарының басқа мемлекетке уақытша немесе тұрақты тұру үшін кетуі;
      эмигранттар (көшiп кетушiлер) - басқа мемлекетке тұрақты тұру үшiн көшiп кеткен Қазақстан Республикасының азаматтары.".
      3. 3-бапта:
      бесiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "ұлты қазақ адамдарды Қазақстан Республикасына көшiрiп қоныстандыруға жан-жақты жәрдемдесу, олардың қоныс тебуiн ұйымдастыру, жұмыс орындарын ашу, оралмандарды әлеуметтiк қорғауды және оларға әлеуметтiк көмек көрсетудi қамтамасыз ету;";
      тоғызыншы абзац алып тасталсын;
      оныншы абзацтағы "жасырын" деген сөз "заңсыз" деген сөзбен ауыстырылсын.
      4. 4-бапта:
      1) бiрiншi бөлiк мынадай редакцияда жазылсын:
      "Басқа мемлекеттерден Қазақстан Республикасына қоныс аударған көшiп келушiлерге, осы Заңда көзделгендерден басқа жағдайларда, оралмандар, босқындар мәртебесi берiледi.";
      2) екiншi бөлiкте:
      "алты айдан астам мерзiмге тұрақты тұруға" деген сөздер алып тасталсын;
      "Қазақстан Республикасының шет елдердегi елшiлiктерi мен өкілдiктерiнiң қызметкерлерi" деген сөздер "Қазақстан Республикасының халықаралық ұйымдар жанындағы дипломатиялық өкiлдiктерiнiң консулдық мекемелерiнiң және өкілдiктерiнiң қызметкерлерi" деген сөздермен ауыстырылсын;
      3) үшiншi бөлiктегі "мәжбүрлi" деген сөз алып тасталсын;
      4) мынадай мазмұндағы төртiншi бөлiкпен толықтырылсын:
      "Қазақстан Республикасының аумағындағы әрбiр көшi-қон субъектi өзiнiң тұрақты тұратын немесе уақытша болып жатқан жерi бойынша тiркелуге мiндеттi. Көшi-қон субъектiлерiн тiркеу жеке адамды куәландыратын құжат бойынша жүзеге асырылады. Жеке адамды куәландыратын құжаттар тiзбесiн және тiркеу тәртiбiн Қазақстан Республикасының Yкiметi белгiлейдi.".
      5. 5-бапта:
      бiрiншi бөлiктегi "және Қазақстан Республикасының заңдары мен Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында өзгеше көзделмесе, уәкiлеттi органның және оның жергiлiктi жерлердегi қызметтерiнiң рұқсатымен және бақылауымен жүзеге асырылады" деген сөздер алып тасталсын.
      6. 9-бапта:
      1) бiрiншi бөлiктегi "әрбiр күнтiзбелiк жылға" деген сөздер "осы Заңға сәйкес жеңiлдiктер мен өтемақылар берiлетiн адамдар үшiн алдағы жылға және (немесе) болашаққа арналған" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2) екiнші бөлiктегi "репатрианттар (оралмандар) мен реэмигранттар" деген сөздер "оралмандар" деген сөздермен ауыстырылсын.
      7. 10-бапта "Көшiп келушi деп танылған және тұруға ықтиярхат алған

 

адам" деген сөздер "Тұруға ықтиярхат алған көшiп келушiлер" деген

сөздермен ауыстырылсын.

     8. 11-бапта:

     бiрiншi бөлiкте:

     "азаматтығы жоқ адамдарға," деген сөздер "азаматтығы жоқ адамдар,"

деген сөздермен ауыстырылсын, ал 8) тармақшадағы "көшiп келушiлер

мәртебесi берiлмейдi" деген сөздер "көшiп келушiлер болып табылмайды"

деген сөздермен ауыстырылсын;

     "жүрген" деген сөз қазақша мәтiнде өзгерiссiз қалады.

     4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

     "4) Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметiн жүзеге

асырса;";

     9. 12-бап алып тасталсын.

     10. 13-бап мынадай редакцияда жазылсын:

     "13-бап. Көшi-қон шараларын қаржымен қамтамасыз ету


 
       Көшi-қон шараларын қаржымен қамтамасыз ету республикалық бюджетте осы мақсатқа көзделген қаражат, сондай-ақ ұйымдардың, соның ішiнде шетелдiк ұйымдардың ерiктi аударымдары, жеке адамдардың қайырмалдығы есебiнен құралады.".
      11. 14-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      "14-бап. Өтiнiштердi беру, оларды қарау және адамдарды оралмандар деп тану тәртiбi
      Адамдар өздерiн оралмандар деп тану туралы өтiнiшiн тiкелей өздерi немесе оған уәкiлеттiгi бар өкiлi арқылы Қазақстан Республикасының шет елдердегi дипломатиялық өкілдiгiне немесе консулдық мекемесiне бередi.
      Оралман мәртебесiн беру туралы өтiнiштi тiркелген күннен бастап екi ай iшiнде аумақтық көшi-қон қызметтерi қарап, осы мәселе бойынша шешiм қабылдайды.
      Оралмандар деп танылған адамдарға белгіленген үлгiдегi куәлік беріледі.
      Оралманның куәлiгi қатаң есепте болатын құжат болып табылады және осы Заңда көзделген жеңiлдiктердi, өтемақыларды алу үшiн негiз болып есептеледi.
      Оралман мәртебесi ол Қазақстан Республикасының азаматтығын алғаннан кейiн тоқтатылады.
      Мәжбүрлi қоныс аударушы мәртебесi ол осы Заңда көзделген жеңiлдiктердi, өтемақыларды және атаулы көмектiң басқа да түрлерiн алғаннан кейiн тоқтатылады.
      Адамдарды оралмандар деп танудан бас тарту туралы шешiмге Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жоғары тұрған уәкiлеттi органға немесе сотқа шағым жасалуы мүмкін.".
      12. 15-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      "15-бап. Өздерiн оралмандар деп тану туралы өтiнiш бергендердiң құқықтары мен мiндеттерi
      Қазақстан Республикасының шет елдердегi дипломатиялық өкiлдiктерiне немесе консулдық мекемелерiне өздерiн оралмандар деп тану туралы өтiнiш берген және Қазақстан Республикасының аумағына келген адамдар Қазақстан Республикасының шетелдiктер және азаматтығы жоқ адамдар үшiн қолданылып жүрген заңдарында көзделген құқықтарды пайдаланады.
      Өздерiн оралмандар деп тану туралы өтiнiш берген адамдардың уақытша орналастыру орталықтарында тұру жағдайын Қазақстан Республикасының Yкiметi белгiлейдi.
      Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкiлдiктерiне немесе консулдық мекемелерiне өздерiн оралмандар деп тану туралы өтiнiш берген және Қазақстан Республикасының аумағына келген адамдар:
      уақытша орналастыру орталығына жолдама алғаннан кейiн үш күн ішiнде сол жерге жүрiп кетуге;
      тұрып жатқан жерi туралы тиiстi аумақтық көшi-қон қызметтерiн хабардар етуге және заңдарда белгiленген тәртiппен iшкi iстер органдарында тiркеуден өтуге;
      уақытша орналастыру орталығында тұрудың белгiленген тәртiбiн сақтауға;
      денсаулық сақтау органдарының талап етуi бойынша медициналық

 

тексеруден өтуге, ектiруге, емделуге, сондай-ақ денсаулық сақтау

органдарының нұсқауларын орындауға;

     өтiнiштi қарау үшiн қажеттi мәлiметтердi тиiстi көшi-қон қызметiне

хабарлауға мiндеттi.".

     13. 16 және 17-баптар алып тасталсын.

     14. 18-бапта:

     Баптың атауы мынадай редакцияда жазылсын:

     "18-бап. Лауазымды адамдардың заңсыз көшiп келушiлердi жұмысқа

қабылдағаны үшiн жауапкершiлiгі";

     бiрiншi бөлiкте "жасырын" деген сөз "заңсыз" деген сөзбен

ауыстырылсын.

     15. 23-бапта:

     бiрiншi бөлiк мынадай редакцияда жазылсын:


 
       "Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұруға iшкi iстер органдарынан рұқсат алған шетелдiктерге шетелдiк азаматтың Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхат, ал азаматтығы жоқ адамдарға - азаматтығы жоқ адамның куәлігі берiледi.".
      16. 24-бапта:
      баптың атауы және бiрiншi бөлiк мынадай редакцияда жазылсын:
      "24-бап. Шетелдiкке және азаматтығы жоқ адамға Қазақстан

 

Республикасында тұрақты тұруға рұқсат беруден бас тарту негiздерi

     Шетелдiкке немесе азаматтығы жоқ адамға Қазақстан Республикасында

тұрақты тұруға рұқсат беруден:";

     бiрiншi бөлiктiң 1) тармақшасында:

     "жасырын" деген сөз "заңсыз" деген сөзбен ауыстырылсын;

     қазақ тiлiндегі мәтiнде 5) тармақшадағы "тәртіппен" деген сөзден

кейiн нүктелi үтiр қойылып, "бас тартылуы мүмкiн" деген сөздер алып

тасталсын;

     мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:

     "6) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де

жағдайларда бас тартылуы мүмкiн.";

     17. 25 және 26-баптар алып тасталсын.

     18. 27-бап мынадай редакцияда жазылсын:

     "27-бап. Оралмандардың туыстары болып табылатын адамдар

     Оралмандардың туыстары болып теңдей негiзде мыналар танылады:

     оралманның балалары (соның ішiнде асырап алған балалары), жұбайы

(зайыбы);


 
       оралманның аға-iнiлерi мен апа сiңлiлерi (қарындастары), сондай-ақ

 

шыққан тегi бойынша қандас туыстары және олардың отбасы мүшелерi;

     оралманның немерелерi мен шөберелерi;

     оралманның кәмелетке толған балалары, немерелерi мен шөберелерi

құрған отбасыларының мүшелерi.".

     19. 28-бап алып тасталсын.

     20. 29-бап мынадай редакцияда жазылсын:

     "29-бап. Оралмандарға берiлетiн жеңiлдiктер, өтемақылар мен басқа да

атаулы көмек түрлерi

     1. Мемлекет оралмандарға Қазақстан Республикасына көшiп келiп

қоныстану үшiн жеңiлдiктi жағдайлар жасайды және:

     жұмысқа орналасуға, бiлiктiлiгiн арттыруға және жаңа кәсiптi

меңгеруге көмек көрсетудi;

     мемлекеттiк және орыс тiлдерiн оқып-үйрену үшiн жағдай

жасауды;

     мұқтаждарға мектептерден, мектепке дейiнгi ұйымдардан, сондай-ақ

әлеуметтiк қорғау мекемелерiнен орын берудi;

     Қазақстан Республикасының заңдарына немесе халықаралық шарттарға

сәйкес зейнетақы мен жәрдемақы төлеуді;


 
       азаматтықты қалпына келтiруге, "Жаппай саяси қуғын-сүргiндер құрбандарын ақтау туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгiленген өтемақыларға құқықты іске асыруды;
      Қазақстан Республикасына келуге виза бергенi үшiн консулдық алымдардан босатуды;
      Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес медициналық көмектiң тегiн кепiлдi көлемiн алуды;
      Қазақстан Республикасының азаматтары үшiн көзделген мемлекеттiк атаулы көмектi берудi қамтамасыз етедi.
      2. Квота бойынша келген оралмандарға осы баптың 1-тармағында көрсетiлген жеңiлдiктер мен өтемақылардан басқа, мемлекет:
      шекара арқылы кеден төлемдерi мен салықтарды алмай өткiзудi;
      тұрақты тұратын жерiне дейiн тегiн жүрiп-тұруды және мүлкін апаруды;
      Қазақстан Республикасының Yкiметi белгiлеген тәртiппен тұрғылықты жерi бойынша тұрғын үй сатып алу үшiн қаражат бөлудi және бiр жолғы жәрдемақы төлеудi қамтамасыз етедi.
      3. Оралмандарға жеке тұрғын үй құрылысына арнап жер учаскелерiн нақты

 

гранттар, олар экономиканың түрлi салаларында өндiрiстердi инвестициялаған

және құрған кезде преференциялар бөлу тәртiбiн Қазақстан Республикасының

Yкiметi белгiлейдi.".

     21. 34-бапта:

     1) 1-тармақта:

     1.1. тармақшасындағы ", сондай-ақ еңбек көшi-қоны жөнiнде" деген

сөздер алып тасталсын.

     1.3. тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

     "1.3. оралмандардың өтiнiштерi бойынша олардың мәртебесiн тану туралы

немесе одан бас тарту туралы шешiмдер қабылдауға;";

     1.4. және 1.5. тармақшалары алып тасталсын;

     2) 2-тармақта:

     2.4. тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

     "2.4. бекiтiлген көшiп келу квотасы шегiнде оралмандарды көшiрудi,

қабылдау мен жайластыруды ұйымдастыруға";

     2.6. тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

     "2.6. келген оралмандарды тiркеудi, есепке алуды, сондай-ақ оларға

Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен сараланған

жәрдемақылар төлеу мен жеңілдiктер берудi жүзеге асыруға;".

     2.7., 2.8. және 2.9. тармақшалары алып тасталсын.

     22. 35-бап алып тасталсын.


     Қазақстан Республикасының

            Президенті



Мамандар:

     Багарова Ж.А.

     Шарипова М.Е.





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады