Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің "50185-әскери бөлімі" мемлекеттік мекемесін құрудың кейбір мәселелері туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2000 жылғы 29 қараша N 1786

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің "50185-әскери бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - 50185-әскери бөлім) құрылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің штат саны лимитінің шегінде, 50185-әскери бөлім штат санының лимиті 1210 бірлікте бекітілсін.
      3. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі:
      1) 50185-әскери бөлімнің жарғысын бекітсін және оның әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
      2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шарларды қабылдасын.
      4. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) Қорғаныс министрлігімен және Қарағанды облысының әкімімен бірлесіп, коммуналдық меншіктен республикалық меншікке беруге жататын "Сарыарқа әуежайы" әуеайлағының объектілерін анықтасын және оларды тапсыруды жүзеге асырсын;
      2) "Сарыарқа әуежайы" әуеайлағының анықталған объектілерін 50185-әскери бөлімге берсін;
      3) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін ұстауға республикалық бюджетте көзделген қаражат есебінен және шегінде 50185-әскери бөлімді қаржыландыруды қамтамасыз етсін.
      5. Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігі Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) бірлесіп пайдалану үшін "Қазаэронавигация" республикалық мемлекеттік кәсіпорнының қарамағына жататын "Сарыарқа әуежайы" әуеайлағының объектілерін анықтасын;
      2) Қазақстан Республикасының азаматтық және әскери авиациясы бірлесіп орналасқан әуеайлақтарды пайдалану ережесін үш айлық мерзімде әзірлесін және Қазақстан Республикасы Үкіметінің бекітуіне ұсынсын.
      6. "Сарыарқа әуежайы" ашық акционерлік қоғамы мен "Эйр-Қазақстан"

 

жабық акционерлік қоғамына заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан

Республикасының Қорғаныс министрлігімен бірлесіп пайдалану үшін Қазақстан

Республикасының Қорғаныс министрлігіне тегін берілетін "Сарыарқа әуежайы"

әуеайлағы объектілерінің тізбелерін анықтау ұсынылсын.

     7. Осы қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.



     Қазақстан Республикасының

         Премьер-Министрі



     Мамандар:

     Орынбекова Д.Қ.

     Қобдалиева Н.М.





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады