"Қазақавтожол" республикалық мемлекеттік кәсіпорнының жол-құрылыс техникасын сатып алуы жөніндегі шаралар туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2000 жылғы 7 желтоқсан N 1818

      Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
      1. "Қазақавтожол" республикалық мемлекеттiк кәсiпорны (бұдан әрi - Кәсiпорын) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 31 желтоқсандағы N 1389 P981389_ қаулысымен бекiтiлген Мемлекеттiк инвестициялар бағдарламасын әзiрлеу және iске асыру ережесi талаптарына сәйкес Кәсiпорынның жол-құрылыс техникасын сатып алу инвестициялық жобасының техникалық-экономикалық негiздемесiн экономикалық сараптама жасау үшiн Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгiне табыс етсiн.
      2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi заңнамада белгiленген тәртiппен:
      тартылып отырған мемлекеттiк емес қарыз бойынша мiндеттемелердi Кәсiпорынның орындауын қамтамасыз ету ретiнде несиегерге "2000 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Z990473_ 1999 жылғы 11 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңымен бекiтiлген мемлекеттiк кепiлдiктер беру лимитi шегiнде жалпы сомасы 5 000 000 (бес миллион) АҚШ доллары көлемiнде Қазақстан Республикасының мемлекеттiк кепiлдiгiн берсiн;
      көрсетiлген мемлекеттiк кепiлдiктiң берiлуiне байланысты туындайтын

 

мiндеттемелердi қамтамасыз ету туралы Кәсiпорынмен тиiстi келiсiм жасассын.

     3. Кәсiпорын мемлекеттiк кепiлдiктi алуға үмiткер тұлғаларға

қойылатын талаптардың орындалуын заңнамада белгiленген тәртiппен

қамтамасыз етсiн.

     4.



     ЕСКЕРТУ. 4-тармақ күшін жойды - ҚР Үкіметінің 2000.12.30. N 1963     

              қаулысымен. 


P001963_
 


     5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы

Премьер-Министрінің орынбасары Е.Ә.Өтембаевқа жүктелсін.

     6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

        Премьер-Министрі



Мамандар:

     Багарова Ж.А.

     Қасымбеков Б.А.








Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады