Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен қаражат бөлу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2000 жылғы 21 желтоқсан N 1871

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігіне, 2000 жылға арналған республикалық бюджетте Z990473_ табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға және өзге де күтпеген шығыстарға көзделген, Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен "Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы" мемлекеттік мекемесін күрделі жөндеуге 8 000 000 (сегіз миллион) теңге бөлінсін.
      2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі заңнамада

 

белгіленген тәртіппен бөлінетін қаражаттың мақсатты пайдаланылуын

бақылауды жүзеге асырсын.

     3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

     Қазақстан Республикасының

         Премьер-Министрі

     Мамандар:

    Қобдалиева Н.М.

    Орынбекова Д.К.   





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады