Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасының Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігіне "Астана" халықаралық табиғи туристік кешенінің құрылысын жүргізуге 2000 жылға арналған республикалық бюджетте Z990473_ табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға және өзге де
шығыстарға көзделген Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен 50 000
000 (елу миллион) теңге бөлінсін.
2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі бөлінетін қаражаттың
мақсатты пайдаланылуын бақылауды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
бірінші орынбасары
Мамандар:
Қобдалиева Н.М.
Орынбекова Д.К.