Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен қаражат бөлу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2000 жылғы 26 желтоқсан N 1893

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. 2000 жылға арналған республикалық бюджетте Z990473_ табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға және өзге де күтпеген шығыстарға көзделген Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен Оңтүстік Қазақстан облысының Сырдария өзеніндегі "Көксарай" теріс реттеуші су қоймасының құрылысын салудың техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеу үшін Қазақстан Республикасының Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігіне 5 000 000 (бес миллион) теңге бөлінсін.
      2. "Көксарай" су қоймасының құрылысы" жобасының

 

техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеу жөніндегі басты мердігер

болып "Қазгипросушаруашылығы институты" өндірістік кооперативі белгіленсін.

     3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі бөлінетін қаражаттың

мақсатты пайдаланылуын бақылауды қамтамасыз етсін.

     4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасы

      Премьер-Министрінің

       бірінші орынбасары


    Мамандар:

   Қобдалиева Н.М.

   Орынбекова Д.К. 





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады