Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Орал қаласы, Некрасов көшесі, 30/1 мекен-жайы бойынша орналасқан ғимаратты Батыс Қазақстан облысының коммуналдық меншігіне беру туралы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігінің ұсынысына келісім берілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және
жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кіріс
министрлігімен бірлесіп заңмен белгіленген тәртіппен Батыс Қазақстан
облысының әкімімен келісім бойынша көрсетілген ғимаратты
қабылдау-тапсыру жөніндегі қажетті ұйымдастыру іс-шараларын жүзеге
асырсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрінің
бірінші орынбасары
Мамандар:
Қобдалиева Н.М.
Орынбекова Д.К.