Монополияға қарсы келісілген саясат жүргізу туралы шартты бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2000 жылғы 28 желтоқсан N 1922

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

      1. 2000 жылғы 25 қаңтарда Мәскеу қаласында жасалған Монополияға қарсы келісілген саясат жүргізу туралы шарт бекітілсін.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасы
      Премьер-Министрінің
      бірінші орынбасары

Монополияға қарсы келісілген саясат жүргізу туралы
Шарт

Ресми расталған мәтін

      Бұдан әрi Тараптар деп аталатын осы Шартқа қатысушы мемлекеттердiң Yкiметтерi,
      1993 жылғы 12 наурыздағы Монополияға қарсы саясатқа келiсу туралы келiсiмдi дамытуға тiлек бiлдiре отырып,
      осы Шартқа қатысушы мемлекеттердiң мүдделерiне экономикалық нұқсан келтiретiн кез келген iс-қимылдардан тартынуға ұмтылуды қуаттай отырып,
      егемендік, теңдiк, кемсiтушілiктен бас тарту қағидаттарын сақтаудың қажеттiлiгiн тани отырып,
      шаруашылық жүргізушi субъектiлердiң монополиялық iс-әрекетiнiң салдарынан туындауы мүмкiн саудаға және экономикалық дамуға керi факторлардың пайда болуын ескертуге ұмтыла отырып,
      осы Шартқа қатысушы мемлекеттер үшiн монополияға қарсы заңнамалық актiлердi қабылдау және монополияға қарсы тиiмдi саясатты жүргiзу қажеттiлiгiн тани отырып,
      осы Шартқа қатысушы мемлекеттердiң экономикалық дамуына ұлтаралық корпорациялардың өсе түсіп отырған ықпалын назарға ала отырып,
      осы Шартқа қатысушы мемлекеттердiң экономикалық мүдделерiн қамтамасыз етуде монополияға қарсы саясаттың өсе түсiп отырған рөлiн ескере отырып,
      мыналар туралы уағдаласты:

1-бап. Анықтамалар

      Осы Шарттың мақсаттары үшiн мына анықтамалар қолданылады:
      шаруашылық жүргiзуші субъектілер - тауарлар мен қызмет көрсетулердi өндiру, өткiзу, сатып алу жөнiндегі қызметпен айналысатын меншiктің барлық нысанындағы заңды тұлғалар, сондай-ақ жеке кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын жеке тұлғалар;
      тауар рыногы - осы Шартқа қатысушы мемлекеттердің (бұдан әрi - қатысушы мемлекеттер) немесе олардың бөлiктерiнiң аумақтары шегiндегi алмастырушысы жоқ тауарлардың (өнiмдердiң, жұмыстардың, қызмет көрсетулердiң) не өзара алмастырылатын тауарлардың айналым аясы;
      бәсекелестiк - шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң өздерiнiң дербес iс-қимылдары олардың әрқайсысының тиесiлi тауар рыногындағы тауар айналымының жалпы шарттарына бiр жақты ықпал ету мүмкiндiгiн тиiмдi түрде шектейтiн және тұтынушыға қажет тауарларды өндiрудi ынталандыратын бәсекелестігi;
      үстем жағдай - жеке немесе басқа шаруашылық жүргiзушi субъектiлермен бiрлесе отырып, тұтынушыларды және/немесе бәсекелестердi өзiнiң жасаған шарттарын қабылдауға мәжбүр етуге, рынокқа басқа шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң кiруiн немесе бәсекелестiктi басқаша шектеуге мүмкiндiк беретiн шаруашылық жүргiзушi субъектiнiң тауар рыногындағы айрықша жағдайы;
      монополиялық іс-әрекет - шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң, өкiмет пен басқару органдарының бәсекелестiкке жол бермеуге, шектеуге немесе жоюға бағытталған және/немесе тұтынушылардың заңды мүдделерiне нұқсан келтiретiн монополияға қарсы ұлттық заңнамаларға қайшы келетiн iс-қимылдары (әрекетсiздiгi);
      жат пиғылды бәсекелестiк - шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң монополияға қарсы ұлттық заңдарға, iскерлiк айналым әдеттерiне қайшы келетiн және басқа шаруашылық жүргiзушi субъектiлердi шығындарға душар етуi немесе душар еткен не олардың iскерлiк беделiне нұқсан келтiруi мүмкiн кәсiпкерлiк қызметтегi артықшылықтарды иеленуге бағытталған кез келген iс-қимылдары (әрекетсiздiгi);
      монополияға қарсы заңнамалар - қатысушы мемлекеттер аумағында қолданылып жүрген монополиялық iс-әрекетті және жат пиғылды бәсекелестiктi ескерту, шектеу және жолын кесу жөнiндегi ережелерден тұратын нормативтiк құқықтық актілер;
      монополияға қарсы орган - монополияға қарсы заңнамалардың сақталуын бақылауды iске асыруға қатысушы мемлекет органы;
      тергеу (зерттеу) - монополияға қарсы заңнамалардың бұзушылықтар туралы iстердi қарау арқылы қолданылуы, тауар рыноктарын зерттеу, сондай-ақ қатысушы мемлекеттердің құзыреттi органдарының уәкілеттiгiне жатқызылған iс-қимылдарды жасауы.

2-бап. Мақсаттар мен мiндеттемелер

      1. Осы Шарттың мақсаты - монополияға қарсы келiсiлген саясатты жүргiзу және бәсекелестiктi дамыту жөнiндегі Тараптар ынтымақтастығының құқықтық және ұйымдастырушылық негiздерiн құру, сондай-ақ сауда мен экономикалық дамуға қайшы келетiн факторларды жою және монополиялық iс-әрекет және/немесе жат пиғылды бәсекелестiк салдарынан қатысушы мемлекеттердiң экономикалық мүдделерiне нұқсан келтiретiн iс-қимылдарды болдырмау.
      2. Осы Шарттың мiндеттемелерi:
      монополиялық iс-әрекеттi және/немесе жат пиғылды бәсекелестiктi ескерту, шектеу және жолын кесу жөнiндегi бiрлескен iс-қимылдарды үйлестiру;
      монополияға қарсы заңнамаларды осы Шартты iске асыруға қажеттi шамада жақындату;
      бәсекелестiктi дамытуға, тауар рыноктарының тиiмдi жұмыс iстеуiне және тұтынушылардың құқықтарын қорғау үшiн жағдайлар жасау;
      шаруашылық жүргiзушi субъектілердiң, өкiмет және басқару органдарының монополиялық iс-әрекетiн қарау мен бағалау және осы негiзде ынтымақтастық тетiгiн құру тәртiбiн келiстiру болып табылады.

3-бап. Бәсекелестiктiң жалпы қағидаттары

      1. Бәсекелестiкті шектеуге, басқа шаруашылық жүргiзушi субъектілердiң немесе тұтынушылардың заңды мүдделерiне нұқсан келтiретін не нұқсан келтiруi мүмкiн не жат пиғылды бәсекелестiктiң көрiнiсi болып табылатын iс-қимылдарға жол берiлмейдi және қатысушы мемлекеттердiң монополияға қарсы заңнамаларына сәйкес баға берiледi.
      2. Осы баптың 1-тармағында көрсетiлген iс-қимылдарға:
      1) үстем жағдайды терiс пайдалану, атап айтқанда:
      монополиялық жоғары пайда табу немесе бәсекелестердi жою үшін сатып алу немесе сату бағаларына немесе мәмiленiң басқа да әдiлетсiз талаптарын таңу (қолдау);
      тиiстi рынокта тұтынушыларға нұқсан келтiре отырып, бағаларды негізсiз көтеру тапшылықты жасау немесе қолдау мақсатында өндiрудi немесе өткiзудi шектеу;
      шаруашылық жүргiзушi әрiптестерге тең шарттар кезiнде олар үшiн бәсекелестiктiң тең емес талаптарын жасайтын бiрдей емес көзқарасты қолдану;
      басқа шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң рынокқа қол жеткiзуiне кедергi жасау;
      2) шаруашылық жүргiзушi субъектілер арасындағы бәсекелестiкке қарсы келiсiмдер мен келiсiлген iс-қимылдар, олар:
      тауар рыногын аумақтық қағидат бойынша, сатулар немесе сатып алулар көлемi бойынша, ассортимент немесе тұтынушылардың тобы бойынша бөлу;
      басқа шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң сатушылар немесе сатып алушылар ретiнде тиiстi сауда рыногына қол жеткiзуiн шектеу;
      сатып алу немесе сату бағаларын немесе мәмiленiң басқа шарттарын белгiлеу;
      өндiрудi, өткiзудi, техникалық дамуды, инвестициялық процестердi бақылау;
      шаруашылық жүргiзушi әріптестерге осы Шарттың тақырыбына қатысы жоқ және олардың мүдделерiне нұқсан келтiретiн мәмiленiң қосымша шарттарын таңу;
      шаруашылық жүргiзушi әрiптестерге тең шарттар кезiнде тиiстi тауар рыногындағы бәсекелестiк үшiн қолайсыз жағдайлар жасайтын бiрдей емес көзқарасты пайдалану арқылы тауар рыноктарындағы немесе олардың тиiстi бөлiктерiндегi бәсекелестіктiң еркiндiгiн шектей алады;
      3) жат пиғылды бәсекелестiк, атап айтқанда:
      басқа шаруашылық жүргiзушi субъектiге шығын келтiруге не оның iскерлiк атағына нұқсан келтiруге қабiлеттi жалған, дәл емес немесе бұрмаланған мәлiметтер тарату;
      тұтынушыларды тауардың жасалу сипатына, тәсiлi мен орнына, тұтынушылық қасиеттерiне, сапасына қатысты адастыру;
      шаруашылық жүргізушi субъектiнiң жарнама қызметiнiң процесi кезiнде өздерi өндiретiн немесе өткiзетiн тауарларын басқа шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң тауарларымен орынсыз салыстыруы;
      басқа шаруашылық жүргiзушi субъектiнiң тауар белгiсiн, тауардың фирмалық атауын немесе таңбасын өз бетiнше пайдалану, сондай-ақ тауардың нысанын, буып-түйiлуiн, сыртқы безендiрiлуiн көшiрiп алу;
      ғылыми-техникалық өндiрiстiк немесе сауда ақпаратын, олардың iшiнде коммерциялық құпияны оның иесiнiң келiсiмiнсiз алу, пайдалану, жария ету жатады.
      3. Бәсекелестiктi шектейтiн iс-қимылдарды немесе келiсiмдердi бағалау кезiнде олардың техникалық немесе экономикалық прогреске, тауар рыноктарын толтыруға, тауарлардың тұтынушылық қасиеттерiн жақсартуға, олардың бәсекелестiк қабiлетiн арттыруға жәрдемдесу фактiсi ескерiледi.
      4. Осы баптың 1 және 2-тармақтарында көрсетiлген бәсекелестiк қағидаттарына сәйкес қатысушы мемлекеттердiң өзара iс-қимыл рәсiмi осы Шарттың ажырамас бөлiгi болып табылатын мемлекеттердiң монополиялық iс-әрекеттi және жат пиғылды бәсекелестiктi болдырмау жөнiндегi өзара iс-қимылы туралы Ережемен (1-қосымша) айқындалады.

4-бап. Монополияға қарсы саясат жөнiндегі мемлекетаралық кеңес

      1. Тараптар осы Шартты iске асыру үшін Монополияға қарсы саясат жөнiндегi мемлекетаралық кеңес (бұдан әрi - Монополияға қарсы кеңес) құрады.
      2. Монополияға қарсы кеңестiң басты мiндетi монополиялық iс-әрекеттi, жат пиғылды бәсекелестiкті бағалаудың өлшемдерi мен тәсілдерiн, бәсекелестiк ережелерiн бұзу жөнiндегi iстi тексеру рәсiмiн жасау, сондай-ақ бәсекелестiктiң тауар рыногындағы ережелерiн бұзушы шаруашылық жүргiзушi субъектiлерге, өкiмет және басқару органдарына ықпал ету ережелерi мен тетiктерiн жасау және оларды Тараптар арасында келiстiру болып табылады.
      Монополияға қарсы кеңестiң қызметiн қамтамасыз ету үшiн тұрақты негiзде жұмыс iстейтiн Хатшылық құрылады.
      3. Монополияға қарсы кеңестiң мәртебесi мен оның мiндеттемелерi осы Шарттың ажырамас бөлiгi болып табылатын Монополияға қарсы саясат жөнiндегi мемлекетаралық кеңес туралы ережемен (2-қосымша) айқындалады.

5-бап. Тараптардың мiндеттерi

      1. Тараптар осы Шарттан туындайтын мiндеттемелердi iске асыру жөнiнде шаралар қабылдайды.
      2. Тараптар Монополияға қарсы кеңеске оның мiндеттерiн орындауға жәрдемдесуге мiндеттенедi.

6-бап. Ақпарат алмасу

      1. Тараптар ұлттық заңнамалар талаптарын ескере отырып:
      тауар рыноктарының жағдайы, экономиканы құрылымдық қайта құру шеңберiндегi монополиясыздандыру көзқарастары мен нақты нәтижелерi, монополиялық iс-әрекет пен жат пиғылды бәсекелестiктi ескерту, шектеу және жолын кесу жөнiндегi жұмыстың әдiстерi мен тәжiрибесi туралы;
      қатысушы мемлекеттердiң тауар рыноктарына өнiм жеткiзiп тұруды жүзеге асыратын монополиялық кәсіпорындардың ұлттық тiзiлiмдерiнде баяндалатын мәлiметтер туралы;
      монополияға қарсы заңнамаларды бұзушылықтар туралы iстердi қарау тәжiрибесi туралы ақпарат алмасады.
      2. Тараптар монополияға қарсы саясат жөнiндегi ұлттық заңнамалар мен нормативтiк құжаттар әзiрлеу кезiнде ақпарат беру және әдiстемелiк көмек көрсету арқылы ынтымақтасады.

7-бап. Қорытынды ережелер

      1. Осы Шарт қол қойылған күнiнен бастап, ал заңнамалары оның күшiне енуi үшiн қажеттi мемлекетiшiлiк рәсiмдердi жүзеге асыруды талап ететiн мемлекеттер үшiн - олардың көрсетiлген рәсiмдердi орындау туралы хабарламаны депозитарийге сақтауға тапсырған күнiнен бастап күшiне енедi.
      Осы Шарт күшiне енген күнiнен бастап 1993 жылғы 23 желтоқсандағы Монополияға қарсы келiсiлген саясатты жүргiзу туралы шарт пен оның қолданылу мерзiмiн ұзарту туралы 1999 жылғы 4 маусымдағы Хаттаманың күшi жойылды деп танылсын.
      2. Осы Шарт бес жыл мерзiмге жасалады және егер Тараптар өзге шешiм қабылдамаса үнемi бес жылдық кезеңге өздiгiнен ұзартылып отырады.
      3. Осы Шарттың қолданылуына немесе түсiндiрiлуіне байланысты туындайтын даулы мәселелер мүдделi Тараптардың кеңесу және келiссөздер жүргiзу арқылы шешiледi.
      4. Осы Шартқа Тараптардың ортақ келiсiмiмен Шарттың ажырамас бөлiгi болып табылатын жекелеген хаттамалармен ресiмделетiн өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлуi мүмкiн.
      5. Кез келген Тарап осы Шарттан шығуға құқылы, ол өзiнiң ниетi туралы екiншi Тарапты шығатын күнiнен үш ай бұрын хабардар етуге тиiс.
      6. Осы Шарт оның мақсаттары мен қағидаттарын бөлiсетiн және Шарт жөнiндегi мiндеттемелердi өзiне алуға дайын басқа мемлекеттердiң оған қосылуы үшін ашық.
      Мәскеу қаласында 2000 жылғы 25 қаңтарда орыс тiлiнде бiр түпнұсқа дана болып жасалды. Түпнұсқа дана осы Шартқа қол қойған әрбiр мемлекетке расталған көшiрмесiн жiберетiн Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығының Атқарушы комитетiнде сақталады.

      Әзербайжан Республикасының        Молдова Республикасының
      Үкіметі үшін                      Үкіметі үшін

      Армения Республикасының           Ресей Федерациясының
      Үкіметі үшін                      Үкіметі үшін

      Беларусь Республикасының          Тәжікстан Республикасының
      Үкіметі үшін                      Үкіметі үшін

      Грузия                            Түрікменстан
      Үкіметі үшін                      Үкіметі үшін

      Қазақстан Республикасының         Өзбекстан Республикасының
      Үкіметі үшін                      Үкіметі үшін

      Қырғызстан Республикасының        Украина
      Үкіметі үшін                      Үкіметі үшін

2000 жылғы 25 қаңтардағы   
Монополияға қарсы келiсілген 
саясатты жүргiзу туралы   
шартқа 1-қосымша      

Мемлекеттердің монополиялық iс-әрекет және жат пиғылды бәсекелестiктiң жолын кесу жөнiндегі өзара iс-қимылы туралы
ЕРЕЖЕ

1. Жалпы ережелер және қолданылу аясы

      1.1. Осы Ереже бәсекелестiк қағидаттарын қолдану жөнiндегi өзара iс-қимыл рәсiмiн белгiлейдi және қатысушы мемлекеттердiң шаруашылық жүргiзушi субъектiлерiнiң үстем жағдайды терiс пайдалануларына, бiрлестiктерiне, келiсiмдерiне байланысты (келiсілген iс-қимылдарына, жат пиғылды бәсекелестiгiне), сондай-ақ бәсекелестiктi шектейтiн басқа да iс-қимылдарға (әрекетсiздiкке) қатысты қолданылады, егер:
      бұл iс-қимылдарға тауар рыноктарында өзiнiң кәсiпкерлiк қызметiн жүзеге асыратын екi немесе одан да көп шаруашылық жүргiзушi субъектiлер қатысса;
      бұл iс-қимылдар қатысушы мемлекеттердiң бiреуiнiң тауар рыноктарында өзiнің кәсiпкерлiк қызметiн жүзеге асырушы бiр немесе одан да көп шаруашылық жүргiзушi субъектiлермен жасалса және басқа қатысушы мемлекеттердiң немесе олардың бiреуiнің тауар рыноктарындағы бәсекелестiкті (жат пиғылды бәсекелестiктi) шектеуге не басқа шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң немесе тұтынушылардың заңды мүдделерiне нұқсан келуiне әкеп соқса немесе әкеп соғуы мүмкiн болса.
      1.2. Осы Ереже егер шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң, олардың бiрлестiктерiн қоса, келiсiмдерi (келiсiлген iс-қимылдары), сондай-ақ үстем жағдайды терiс пайдалануы, жат пиғылды бәсекелестiк және шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң басқа да iс-қимылдары тек бiр қатысушы мемлекет аумағында жүзеге асырылған, қатысушылар мемлекеттер арасындағы импорт немесе экспортқа қатысы болмаған және басқа қатысушы мемлекеттердiң мүдделерiне ықпал етпеген жағдайда қолданылмайды.
      1.3. Осы Ережеде көзделген өзара iс-қимылдарды монополияға қарсы органдар жазбаша хабарламалар, ақпарат сұратулар, iстi қарау туралы өтiнiштер, кеңестер нысанында жүзеге асырады.
      1.4. Осы Ереженi қатысушы мемлекеттердiң аумақтарында iске асыру өкiлеттiктердi ұлттық заңнамаларға сәйкес ведомствоаралық бөлу ескеріле отырып, жүзеге асырылады.

2. Хабарлама

      2.1. Егер қатысушы мемлекеттердiң бiреуiнiң құзыреттi органы тексеру (зерттеу) жүргiзсе, оның барысында iстiң жағдайлары басқа қатысушы мемлекеттердің мүдделерiне ықпал ететiндiгі немесе қозғауы мүмкiн екендiгi анықталса, ол бұл туралы осы қатысушы мемлекеттiң монополияға қарсы органын жазбаша хабарландырады. Жазбаша хабарламаға ұлттық монополияға қарсы заңнаманы бұзу фактiлерi туралы куәландыратын құжаттар қоса тiркеледi.
      2.2. Жазбаша хабарлама басқа қатысушы мемлекеттiң немесе оның монополияға қарсы органының пiкiрлерi мен мүмкiн болатын іс-қимылдарын ескеру мақсатында, алдын-ала жазбаша хабарлама iстi қарауға нұқсан келтiретiн жағдайлардан басқа, алдын-ала жасалуға тиiс.
      2.3. Жазбаша хабарлама жiберуге ниет бiлдiрген монополияға қарсы органдар қандай да бiр шаралар қолдану алдында осындай жағдайлар кезiнде мұндай iс-қимыл iстi қарауға нұқсан 0 толық көз жеткiзуге тиiс.
      2.4. Жазбаша хабарламада:
      қызметi тексерiлетiн шаруашылық жүргiзушi субъектілердiң атауы, iс мәнiнiң қысқаша сипаттамасы;
      iске қатысты нормативтiк-құқықтық актiлер;
      жазбаша хабар берушi монополияға қарсы орган ұсынуға қажет деп санаған өзге де мәлiметтер болуға тиiс.
      2.5. Жазбаша хабарлама алған монополияға қарсы орган ұлттық заңнамаларға сәйкес тиiстi дәрежеде шаралар қолдану мүмкiндiгiн қарастырады.

3. Ақпаратқа сұрау салу

      3.1. Осы Ереженің 1-тармағында көзделген жағдайларда, бiр қатысушы мемлекеттің монополияға қарсы органы басқа қатысушы мемлекеттердiң монополияға қарсы органдарынан шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң кәсіпкерлiк қызметiне қатысты ақпарат бергiзу туралы сұрау салу жiберуге құқылы. Басқа қатысушы мемлекет егер мұндай ақпарат ұлттық заңнамаларға сәйкес құпия деп танылса, сұрау салынған ақпаратты беруден бас тартуға құқылы.
      Ақпаратты бергiзу туралы сұрау салуда оның мақсаты көрсетiлуi, iстiң мән-жайы баяндалуы және қажеттi құжаттар қоса тiркелуi тиiс.
      3.2. Сұрау салынған ақпарат монополияға қарсы органдар арасында келiсiлген мерзімде, бiрақ сұрау салу түскен күннен бастап үш айдан кешіктiрмей жіберіледі.

4. Iстi қарау туралы өтініш

      4.1. Бiр қатысушы мемлекеттiң монополияға қарсы органы басқа қатысушы мемлекеттiң монополияға қарсы органына монополияға қарсы заңнаманың бұзылғаны туралы iстi қарау туралы өтiнiштi жiберуге құқылы. Өтiнiш басқа қатысушы мемлекеттiң монополияға қарсы заңнамасының бұзылу фактiлерi туралы куәландыратын құжаттарды қоса тiркей отырып, жазбаша нысанда берiледi.
      4.2. Монополияға қарсы орган басқа қатысушы мемлекеттiң монополияға қарсы органының өтiнiшi негiзiнде тәртiп бұзушылық фактiлерiн қарайды және солар бойынша ұлттық монополияға қарсы заңнаманың талаптарына сәйкес шешiмдер қабылдайды.

5. Консультациялар

      5.1. Монополияға қарсы органдар жанжалдың туу мүмкiндiктерiн мейлiнше азайту және өзара қабылдауға болатын шешiмдердi қабылдау мақсатында егер iстi қарау нәтижесiнде қатысушы мемлекеттердiң мүдделерiне ықпал етуi мүмкiн деп есептеуге айтарлықтай негiз болса, Шартқа қатысты мәселелер бойынша консультациялар өткізедi.
      5.2. Консультациялар өткiзуге мүдделi монополияға қарсы орган басқа қатысушы мемлекеттiң монополияға қарсы органына қажеттi құжаттарды, сондай-ақ олардың қажеттілігiнiң негiздемесi мен өткiзу шарттарының айқындамасын қоса тiркей отырып, кеңесулердi өткiзу туралы жазбаша сұрау салуды жiбередi.
      5.3. Монополияға қарсы органдар консультацияларды келiсiлген мерзiмдерде, сұрау салуды алған күнiнен бастап үш айдан кешіктiрмей жүзеге асырады.

6. Монополияға қарсы саясат жөнiндегі мемлекетаралық кеңеске жiберiлетiн материалдар

      6.1. Монополияға қарсы органдар Монополияға қарсы саясат жөнiндегi мемлекетаралық кеңестiң Хатшылығына:
      өзiнiң монополияға қарсы ұлттық заңнамаларын өзгерту туралы хабарламаларды;
      Шартты iске асыру мақсатында әзiрленген келiсiмдер мен басқа да құжаттардың бастамашылық жобаларын;
      кеңесулердiң нәтижелерi туралы немесе өзара қабылдауға болатын шешiмдердiң өзге жолмен қабылдану фактiсi туралы хабарламаларды жiбередi.

7. Ақпаратты пайдалану

      7.1. Осы Ереженiң 2,3,4 және 5-бөлiмдерiндегi ережелерiне сәйкес алынған ақпарат тек тиiстi сұрау салу, iстi қарау немесе консультациялар мақсатында қолданылады.
      7.2. Монополияға қарсы органдар, олардың лауазымды тұлғалары және басқа қызметшiлер өздерi осы Ереженi қолдану барысында алынған ақпаратты жария етпеуге тиiс.

2000 жылғы 25 қаңтардағы  
Монополияға қарсы келiсiлген
саясатты жүргiзу туралы  
шартқа 2-қосымша     

Монополияға қарсы саясат жөніндегі мемлекетаралық кеңес туралы
ЕРЕЖЕ

І. Жалпы ережелер

      Монополияға қарсы саясат жөніндегi мемлекетаралық кеңес (бұдан әрi - Монополияға қарсы кеңес) қатысушы мемлекеттердiң қызметiн үйлестiру үшiн, Шарттың сақталуын бақылау үшiн, бәсекелестiк саласындағы ұлттық заңнамаларды жақындастыру және қатысушы мемлекеттердiң тауар рыногындағы монополиялық iс-әрекет пен жат пиғылды бәсекелестiктi ескерту, шектеу және жолын кесу жөнiндегi құқықтық негiздердi әзiрлеу үшiн құрылады.
      Монополияға қарсы кеңес өз қызметiнде Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығының Жарғысын, Экономикалық одақ құру туралы шартты, сондай-ақ Достастық шеңберiнде жасалған келiсiмдердi, Мемлекеттер басшылары кеңесінің, ТМД Үкiметтерi басшылары кеңесiнiң шешiмдерiн, осы Ереженi басшылыққа алады және өз қызметiн Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығының Атқарушы комитетiмен өзара ықпалдаса отырып, жүзеге асырады.

II. Монополияға қарсы кеңестің функциялары

      Монополияға қарсы кеңес:
      Тараптардың тауар рыногындағы монополиялық iс-әрекет пен жат пиғылды бәсекелестіктi ескерту, шектеу және жолын кесу жөнiндегi құқықтық негiздердi құру бойынша бiрлескен қызметiн үйлестiредi;
      бәсекелестiк мәселелер жөнiндегi ұлттық заңнамаларды әзiрлеу мен жетiлдiруде Тараптарға жәрдемдеседi;
      монополиялық iс-әрекет пен жат пиғылды бәсекелестiктi ескерту, шектеу және жолын кесу жөнiндегi нақты iс-қимылдарды iске асыру ережелерi мен тетiктерiн әзiрлейдi және Тараптарға ұсынады;
      Тараптарға монополияға қарсы саясат пен бәсекелестiк саласындағы нормативтiк-құқықтық, әдiстемелiк және басқа ақпарат алмасуға жәрдемдеседi;
      Шартты iске асыруға байланысты басқа да функцияларды орындайды.

III. Монополияға қарсы кеңестің құқықтары

      Монополияға қарсы кеңес өз функцияларын орындау үшiн:
      Шарт ережелерiн iске асыруға байланысты құжаттардың жобаларына сараптама жүргiзудi ұйымдастыруға;
      құжаттардың тиiстi жобаларын дайындау үшiн сарапшылар топтарын құруға;
      Монополияға қарсы кеңес дайындаған құжаттарды белгiленген тәртiппен Экономикалық кеңестiң, ТМД Үкiметтерi басшылары кеңесiнiң және Мемлекеттер басшылары кеңесiнiң қарауына енгiзуге;
      өз функцияларын орындауға қажеттi ақпаратқа Тараптардан сұрау салуға және алуға;
      өз жұмысының регламентiн әзiрлеуге және бекiтуге, сондай-ақ оған өзгерiстер енгiзуге;
      өз құзыретiнiң шегiнде үшiншi елдердiң монополияға қарсы органдарымен және тиiстi халықаралық ұйымдармен жұмыс ықпалдастығын жүзеге асыруға құқылы.

IV. Монополияға қарсы кеңестiң құрамы мен құрылымы

      Монополияға қарсы кеңес Тараптардың өкiлеттi өкiлдерiнен құрылады. Әрбiр Тарап Монополияға қарсы кеңеске екi өкiлеттi өкiл тағайындауға құқылы және ол бiр дауыс құқығын иеленедi.
      Монополияға қарсы кеңес Тараптардың өкілеттi өкiлдерінің iшiнен Төрағаны және оның екi орынбасарын сайлайды.
      Монополияға қарсы кеңес Төрағасы мен оның орынбасарларының өкілеттiк ету мерзiмi - 2 жыл. Монополияға қарсы кеңестiң шешiмi бойынша бұл мерзiм ұзартылуы немесе қысқартылуы мүмкiн.
      Төраға:
      Монополияға қарсы кеңестiң Достастық шеңберiнде жасалған келiсiмдерден туындайтын міндеттердi, Мемлекеттер басшылары кеңесiнiң және Yкiметтер басшылары кеңесiнiң шешiмдерiн, сондай-ақ осы Ереженi орындау жөнiндегi жұмысын басқарады;
      қажет болған жағдайда, өзiне берiлген өкiлеттiктер шегiнде ТМД Мемлекеттерi басшылары кеңесiнің, Yкiметтерi басшылары кеңесiнiң, Экономикалық кеңес пен Атқарушы комитетiнiң, сондай-ақ Достастықтың басқа да жарғылық органдарының отырыстарында Монополияға қарсы кеңестiң атынан шығады. Монополияға қарсы кеңестiң отырыстарын өткiзедi;
      Монополияға қарсы кеңестiң атынан құжаттарға қол қояды;
      Монополияға қарсы кеңестiң отырыстар арасындағы жұмысын ұйымдастырады;
      Монополияға қарсы кеңестiң келiсiмiмен оның жұмысын қамтамасыз етуге қажеттi өзге де функцияларды орындайды.
      Төраға орнында болмаған жағдайда оның функцияларын орынбасарларының бiрi орындайды.
      Төраға және оның орынбасарлары Монополияға қарсы кеңесте өз мемлекеттерiнің өкiлеттi өкiлдерiнiң мәртебесiн сақтайды.
      Монополияға қарсы кеңестің құрамына кеңесшi дауысқа құқығы бар ТМД Атқарушы комитетiнiң тиiстi құрылымдық бөлiмшесiнiң басшысы кiредi.

V. Монополияға қарсы органның Хатшылығы

      Монополияға қарсы кеңес отырыстарының ағымдағы жұмысы мен оны ұйымдастыру-техникалық дайындау функцияларын ТМД Атқарушы комитетiнiң тиiстi құрылымдық бөлiмшесi орындайтын Монополияға қарсы кеңестің Хатшылығы жүзеге асырады.

VI. Монополияға қарсы кеңестiң қызметiн ұйымдастыру

      Монополияға қарсы кеңес отырыстарын әзiрлеудiң және өткiзудiң кезеңдiлiгi мен тәртiбi оның жұмыс регламентiмен айқындалады. Монополияға қарсы кеңестiң кезектен тыс отырыстары Төрағаның бастамасымен немесе кем дегенде үш Тарап өкiлдерiнiң талабы бойынша шақырылуы мүмкiн.
      Отырыс қатысушыларының iссапар жөнiндегi шығыстарын жiберiп отырған Тарап төлейдi.
      Монополияға қарсы кеңестiң шешiмдерi, егер оның отырысына Тараптар өкiлдерiнiң үштен екiсi қатысқан жағдайда, заңды болып табылады.
      Монополияға қарсы кеңес:
      атқарылу міндеттілігi Тараптардың тиiстi шешiмдерiмен расталған шешiмдердi;
      ұсыным сипатындағы шешiмдердi қабылдайды.
      Монополияға қарсы кеңестің отырыстарына оның шақыруы бойынша қатысушы мемлекеттердiң мүдделi ведомстволарының өкiлдерi, сондай-ақ шетел және халықаралық ұйымдардың өкiлдерi байқаушы ретінде қатыса алады.
      Монополияға қарсы кеңестiң шешiмдерi бiлiктi көпшiлiк дауыспен (өкiлеттi өкiлдердiң дауыс беруге қатысушылар мен келушiлердiң екiден үшiнiң) қабылданады.
      Кез келген Тарап басқа мүдделi Тараптардың шешiмдердi қабылдауға кедергi ретiнде қарастырылуы тиiстi емес сол немесе өзге мәселенi шешуге өзiнiң мүдделi еместiгiн мәлiмдей алады. Қабылданған шешiмдер өзiнiң мүдделi еместiгiн мәлімдеушi Тараптарға қолданылмайды.

VII. Қорытынды ережелер

      Монополияға қарсы кеңестiң жұмыс тiлi орыс тілi болып табылады.
      Монополияға қарсы кеңес Хатшылығының орналасқан жерi - Мәскеу қаласы.
      Осы Ережеге өзгерiстер мен толықтырулар белгіленген тәртiпке сәйкес енгiзiледi.    
      Осы арқылы қоса беріліп отырған мәтін 2000 жылғы 25 қаңтарда Мәскеу қаласында болған Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы үкіметтерінің басшылары кеңесінің отырысында қабылданған Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің тұтынушылар құқықтарын қорғау саласындағы ынтымақтастығының негізгі бағыттары туралы келісімнің түпнұсқалы көшірмесі болып табылатынын растаймын. Жоғарыда аталған Келісімнің түпнұсқа данасы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Атқарушы комитетінде сақтаулы.

      Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы
      Атқарушы комитеті төрағасының-
      Атқарушы хатшысының орынбасары

Монополияға қарсы саясат жөніндегі мемлекетаралық кеңес туралы ереже жобасына
Молдова Республикасының ескертпесі

      Молдова Республикасы осы құжаттың жобасын ІІІ бөлімнің жетінші абзацындағы "өз құзыретінің шегінде үшінші елдердің монополияға қарсы органдарымен және тиісті халықаралық ұйымдармен жұмыс ықпалдастығын жүзеге асыруға" деген сөздерден басқа, толық мақұлдайды.

      Ресей Федерациясындағы
      Молдова Республикасының
      Төтенше және Өкілетті Елшісі

Монополияға қарсы келісілген саясатты жүргізу туралы шарт жобасына Украинаның ескертпесі

                                          2000 жылғы 25 қаңтар

      Монополияға қарсы саясат жөніндегі Мемлекетаралық кеңестің құқық субъектісіне қол жеткізетін ережелерден басқа.

      Украинаның Премьер-министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады