"Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2000 жылғы 29 желтоқсан N 1934

 


     ЕСКЕРТУ. Заң жобасы қайтарылып алынды - ҚР Үкіметінің 2001.05.22.

              N 683 қаулысымен. 


P010683_



     Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

     "Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының

жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына

енгізілсін.


     Қазақстан Республикасының

        Премьер-Министрі


                                                             Жоба


                  Қазақстан Республикасының Заңы


                Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы


     Осы Заң асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы қызметті жүзеге

асырудың құқықтық және ұйымдық негіздерін белгілейді, ғылыммен шығарылған

және жетілдірілген асыл тұқымды малдардың тұқымдық қорын сақтау және

көбейту, олардың өнімділік апасын анықтау және жақсарту жөніндегі

шараларды, асыл тұқымды мал шаруашылығы саласында шұғылданатын мемлекеттік

органдардың, заңды және жеке тұлғалардың қызметтерін реттейді.


                   1-тарау. Жалпы ережелер


     1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар

     Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:


 
       1) аттестат - заңды және жеке тұлғалардың малдарды өз төлінен өсіру және тұқымдық құндылығын анықтау, асыл тұқымдық өнімді (материалды) өндіру және өткізу бойынша қызмет көрсету жұмыстарын жүзеге асыру жөніндегі қызметін мемлекеттің танитыны туралы асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган беретін куәландырушы құжат;
      2) бағалау (бонитировка) - малдардың асыл тұқымдық құндылығын олардың белгілері кешені (тұқымдылығы, тегі, өнімділігі, тұлғасы, дене құрылымы, тірілей салмағы) бойынша бағалау жолымен анықтау;
      3) Асыл тұқымды малдардың мемлекеттік кітабы - шыққан тегі, өнімділігі және асыл тұқымдық сапасы бойынша ең құнды, Қазақстан Республикасында бар белгілі бір тұқымның малдары туралы деректер жиынтығы;
      4) Асыл тұқымды малдардың мемлекеттік тіркелімі - асыл тұқымды малдардың және табындардың сандық және тұқымдық құрамы туралы деректер жиынтығы;
      5) пайдалануға рұқсат етілген селекциялық жетістіктердің мемлекеттік тізілімі - Қазақстан Республикасының өндірісте шаруашылыққа пайдалану үшін рұқсат етілген, тұқымды қамтитын, пайдалануға рұқсат етілген селекциялық жетістіктердің мемлекеттік тізілімі;
      6) асыл тұқымды мал өнімін (материалын) өткізу жөніндегі орналастырушы орталық - ірі қара малдың ұрығын және іштегі төлдерін сатып алуға, сақтауға және өткізуге, малдардың басқа түрлерін шығарушы аталықтарын бағуға, олардан тұқым алып, оны өткізуге мамандандырылған асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган аттестациялаған заңды тұлға;
      7) тірілей салмақ - тірі малдың салмағы;
      8) мал - адам бағып-өсіретін ауыл шаруашылығы өндірісіне тікелей қатынасы бар ауыл шаруашылық малдары мен құстардың (ірі қара мал, қойлар, ешкілер, жылқылар, түйелер, шошқалар, маралдар және бұғылар, тауықтар, үйректер, қаздар, күркетауықтар, бал аралары және басқалары), сондай-ақ олардың түраралық будандарының барлық түрі;
      9) дене құрылымы (конституция) - малды бірыңғай тұтас түрде сипаттайтын және оның өнімділігінің сипатынан көрінетін биологиялық белгілер жиынтығы;
      10) ен салу (таңбалау) - тиісті малды дәл тануға мүмкіндік беретін нөмір-таңба салу, күйдіріп басу, сырға тағу жолымен асыл тұқымды малды белгілеу;
      11) асыл тұқымды мал - шыққан тегі және жеке қасиеттері тұқым стандарттарының талаптарына сәйкес келетін таза тұқымды мал;
      12) асыл тұқымды мал шаруашылығы - тектік әлеуеті жоғары малдарды өсіруге және оларды көбейтуге бағытталған шаралар жүйесі;
      13) асыл тұқымдық өнім (материал) - асыл тұқымды мал, оның ұрығы, іштегі төлдері, жұмыртқасы;
      14) асыл тұқымдық шаруашылық - асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы уәкілетті орган аттестациялаған асыл тұқымды малды түрлері мен тұқымдары бойынша өсіруді және өткізуді жүзеге асырушы, олардың іштегі төлдерін дербес алушы және өткізуші заңды тұлға;
      15) асыл тұқымды құндылық - асыл тұқымды мал тұқымының шаруашылық-пайдалы белгілеріне әсер ететін тектік әлеуетінің деңгейі;
      16) асыл тұқымдық орталық - ірі қараның асыл тұқымды бұқаларын бағатын, олардың ұрығын алумен, жинаумен, сақтаумен, сондай-ақ жақсартушы деп танылған бұқалар ұрығын өткізумен шұғылданатын асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган аттестациялаған заңды тұлға;
      17) асыл тұқымдық куәлік - асыл тұқымды малдың шыққан тегін, өнімділігін және өзге де сапасын, сондай-ақ ата-енесінің тұқымдық тегі және ұрықтың немесе іштегі төлдің сапасын растайтын құжат;
      18) тұқым - белгілі бір шаруашылық-табиғи әлеуметтік-экономикалық жағдайларда адамның шығармашылық қызметінің әсерімен қалыптасқан, шығу тегі ортақ, өнімділігінің, дене бітімінің тұрпатына тән белгілерімен ерекшеленетін, өз қасиеттері ұрпағына тұрақты беріліп отыратын және "өз ішінде" ұзақ уақыт өсіп-өнуі үшін саны жеткілікті түрі бар жануарлардың тұтас тобы;
      19) тектік қоры шектеулі тұқым - отандық мал тұқымының әлемде сирек кездесетін және теңдестері жоқ, селекциялық, мақсаттарға пайдалану үшін қажет және құрып кету қаупі туған тобы;
      20) тұқымдық - малдардың осы тұқымына тән тұқым қуалайтын белгілердің тұлғасының, көлемі мен тірілей салмағының, сүт қоректілердің жүндері және құстардың қауырсындары түр-түсінің, өнімнің (сүт, ет, жүн, жұмыртқа және басқалар) саны мен сапасының байқалу дәрежесі;
      21) асыл тұқымды малдардың өнімділігі - асыл тұқымды малдардың шаруашылық-пайдалы белгілерінің, соның ішінде олардан алатын өнімнің саны мен сапасының жиынтығы;
      22) тек - малдың ата-тегі;
      23) малдың ата-тегі - асыл тұқымды малдың ата-енесі және бірнеше ұрпағының арғы аталары туралы деректер берілген жинақ;
      24) қолдан қашыру - жекелей іріктеп алынған малдарды маманның бақылауымен шағылыстыру;
      25) ұрық (шәуһат) - жетілген еркек жынысты клетка;
      26) тұқым стандарты - асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган бекіткен, нормативтік құжаттармен белгіленген, малдарды бағалау кезінде өнімділігі, дене бітімі, тегі бойынша тұқымға қойылатын ең төменгі талаптар;
      27) тұрпат - белгілі бір тұқым үшін ортақ қасиеттерден басқа

 

өнімділігі, дене бітімі мен құрылымы, көбею аймағындағы жағдайларға жақсы

бейімделуі, ауруларға төзімділігі бойынша кейбір өзінің ерекшеліктері бар,

осы тұқымның бір бөлігі болып табылатын ауыл шаруашылығы малдарының тобы;

     28) будан (кросс) - малдың бір желісін басқа желімен шағылыстырудан

тараған малдар тобы;

     29) желі - бір немесе бірнеше үздік аталық малдан тараған ауыл

шаруашылығы малдарының тұқымішілік немесе тұқымаралық тобы;

     30) іштегі төлдерді ауыстыру (көшіру) - құндылығы жоғары малдардан

көп тұқым алудың биотехнологиялық әдісі;

     31) жақсартқыш - негізгі табындағы тұрғыластарымен салыстырғанда

ұрпақта асыл тұқымдық және өнімділік белгілерін жақсартушы аталық еркек

мал;

     32) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы уәкілетті мемлекеттік

орган - берілген өкілеттік шегінде асыл тұқымды мал шаруашылығы саласында

мемлекеттік саясаттың іске асырылуын орындайтын Қазақстан Республикасының

Үкіметі белгілейтін орталық атқарушы орган;

     33) тұлға (экстерьер) - тұқым қуалаушылыққа және ортаның жағдайына

байланысты және малдардың биологиялық ерекшеліктері мен олардың шаруашылық

құндылығын көрсететін, дене бітімі пішімінің сыртқы ерекшеліктерінің

сипаттамасы;

     34) іштегі төл (эмбрион) - ұрықтанған жұмыртқа клеткасынан іште

дамушы ұрық;

     35) заңды және жеке тұлғалар - азаматтық заңдарда көзделген

шаруашылық жүргізу нысандары;


 
       36) малды өз төлінен өсіру жөнінде қызмет көрсетуші заңды және жеке тұлғалар - малдың өсімі жөнінде қолдан ұрықтандыру, қолдан қашыру және іштегі төлдерді ауыстыру (көшіру) қызметтерін көрсететін асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган аттестациялаған заңды және жеке тұлғалар;
      37) малдың асыл тұқымдық құндылығын анықтау жөнінде қызмет көрсетуші заңды және жеке тұлғалар - асыл тұқымдық өнімнің (материалдың) асыл тұқымдық құндылығын және асыл тұқымды малдың өнімділігін анықтау жөнінде қызметтер көрсететін асыл тұқымды мал шаруашылық саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган аттестациялаған заңды және жеке тұлғалар.
 

 

     2-бап. Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы заңнама

     Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы заңнама осы Заңнан және Қазақстан

Республикасының басқа да нормативтік құқықтық кесімдерінен тұрады.

     Егер Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шарттарда осы

Заңдағыдан өзге ережелер белгіленсе, халықаралық шарттың ережелері

қолданылады.


     2-тарау. Қазақстан Республикасының асыл тұқымды мал

                    шаруашылығы жүйесі


     3-бап. Қазақстан Республикасының асыл тұқымды мал шаруашылығы жүйесі


     1. Қазақстан Республикасының асыл тұқымды мал шаруашылығы жүйесіне:

     1) Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген асыл тұқымды мал

шаруашылығы саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган және оның аумақтық

бөлімшелері;

     2) асыл тұқымды мал шаруашылығының субъектілері кіреді.

     2. Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы уәкілетті мемлекеттік

орган аттестациялаған асыл тұқымды мал шаруашылығының субъектілеріне

мыналар жатады:

     1) асыл тұқымдық шаруашылықтар;

     2) асыл тұқымдық орталықтары;

     3) асыл тұқымдық мал өнімін (материалын) өткізу жөніндегі

орналастырушы орталықтар;

     4) малды өз төлінен өсіру жөнінде қызметтер көрсетуші заңды және жеке

тұлғалар;

     5) малдың асыл тұқымдық құндылығын анықтау жөнінде қызметтер

көрсетуші заңды және жеке тұлғалар.


     4-бап. Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы уәкілетті

               мемлекеттік орган және оның қызметінің негізгі

                             бағыттары


     1. Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы уәкілетті мемлекеттік

орган мынадай міндеттерді жүзеге асырады.


 
       1) асыл тұқымды малдың тұқымдық қорын дамытудың, сақтаудың және пайдаланудың бағдарламасын әзірлейді және Қазақстан Республикасы Үкіметіне бекітуге береді;
      2) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы заңнаманың, заңнамалық кесімдердің орындалуын қадағалайды;
      3) малды өз төлінен өсіру және асыл тұқымдық өнімнің (материалдың) асыл тұқымдық құндылығын анықтау жөніндегі нормативтік құжаттарды бекітеді;
      4) асыл тұқымды малдар мен табындардың есебін жүргізу ережелері мен нысанын келісімге әзірлеп статистикалық органдарға береді және бекітілген нысандар бойынша асыл тұқымды мал шаруашылығы саласында деректер есебін жүргізеді;
      5) асыл тұқымды мал шаруашылығының субъектілеріне аттестаттың нысанын, мемлекеттік аттестаттау өткізу ережелерін әзірлейді және бекітеді;
      6) мемлекеттік аттестаттау өткізу туралы белгіленген ережелерге сәйкес:
      асыл тұқымды шаруашылықтарды, мал тұқымын асылдандыру орталықтарын, асыл тұқымды өнімді (материалды) өндіру және өткізу жөніндегі орналастырушы орталықтарды, сондай-ақ малды өз төлінен өсіру және малдың асыл тұқымдық құндылығын анықтау жөнінде қызмет көрсетумен шұғылданатын заңды және жеке тұлғаларды аттестат берумен аттестаттайды;
      аттестаттың қолданылуын тоқтата тұру себептерін көрсетіп, ал тәртіп бұзушылық қайталанса сот арқылы аттестаттау ынтагерлікпен айырады;
      7) малдың асыл тұқымдық құндылығын анықтау жөніндегі аттестаттан өткен заңды және жеке тұлғалардың қорытындыларын негізге алып асыл тұқымдық өнімге (материалға) куәлік береді;
      8) асыл тұқымды мал шаруашылығын мемлекеттік қолдау жөніндегі бюджеттік бағдарламаларды әзірлейді, Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген қаражаттандырудың ең төмен нормативтерін ескеріп, көрсетілген мақсаттарға бюджетте көзделген қаражат шегінде асыл тұқымды мал шаруашылығының әрбір түрі бойынша және әрбір субъектісінің қимасында қаражаттандыруға жататын, сатылатын асыл тұқымдық өнімнің (материалдың) жыл сайынғы квотасын белгілейді, қаражаттың мақсатты жұмсалуын бақылайды;
      9) жаңа мал тұқымдарын сынақтан өткізеді және оның сапасын анықтайды;
      10) Асыл тұқымдық малдың мемлекеттік кітабын, Мемлекеттік тіркелімін және өндірісте пайдалануға рұқсат берілген селекциялық жетістіктердің мемлекеттік тізілімін жүргізеді және баспадан шығарады;
      11) халықаралық келіссөздерде асыл тұқымды мал шаруашылығының мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының мүддесін қорғайды;
      12) заңдарда көзделген өзге де құқықтық өкілеттерді жүзеге асырады.
 
      5-бап. Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы
             уәкілетті мемлекеттік органның асылдандыру ісі жөніндегі
             мемлекеттік инспекторлары және олардың өкілеттіктері
 
      1. Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның басшысы, заңда белгіленген тәртіп бойынша "республиканың асылдандыру ісі жөніндегі бас мемлекеттік инспекторы" деген атақ, және әкімшілік саласындағы мемлекеттік қызметкерлерге қызмет дәрежесіне қарай "асылдандыру ісі жөніндегі мемлекеттік инспектор" деген атақ беруге құқылы.
      2. Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның асылдандыру ісі жөніндегі мемлекеттік инспекторлары:
      1) асыл тұқымды мал шаруашылығы бойынша аттестатталған субъектілерге қызметтік куәлігін көрсетіп кедергісіз кіруге;
      2) мал тұқымын асылдандыру шаруашылықтарында, мал тұқымын асылдандыру орталықтарында, асыл тұқымдық өнімді (материалды) өткізу жөніндегі орналастырушы орталықтарда мал тұқымын асылдандыру жұмысының, есеп жүргізу мен есеп берудің жай-күйін тексеруге;
      3) шаруашылық жүргізуші субъектілердің асыл тұқымдық өнімдерді (материалды) сақтауға, азықтандыруға, сондай-ақ сақтау жағдайларының сәйкестігін тексеруге;
      4) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласында қызметтер көрсету жөніндегі аттестациядан өткен заңды және жеке тұлғалардың жұмыс сапасын тексеруге;
      5) асыл тұқымды мал шаруашылығы субъектілері асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы нормативтік-құқықтық кесімдердің талаптарын орындамаған жағдайда анықталған тәртіп бұзушылық жойылғанға дейін асыл тұқымдық өнімді (материалды) өткізуді бір жолға тоқтата тұруға;
      6) уәкілетті мемлекеттік органға асыл тұқымды өз төлінен өсіру және асыл тұқымдық құндылығын анықтау жөнінде қызметтер көрсету бойынша заңды және жеке тұлғаларға берілген аттестаттың қолданылуын тоқтата тұру, асыл тұқымды мал шаруашылығының, мал тұқымын асылдандыру орталығы мен асыл тұқымдық өнімді (материалды) өткізу жөніндегі орналастырушы орталықтың қызметі асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес болмаған жағдайда оларды аттестаттан айыру туралы ұсыныс енгізуге құқылы.
 
      6-бап. Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектілерді
             аттестаттаудан өткізу
 
      1. Мемлекеттік аттестаттаудан өткізу туралы белгіленген ережелерге сәйкес келетін асыл тұқымды мал шаруашылықтары, мал тұқымын асылдандыру орталықтары мен орналастырушы орталықтар, сондай-ақ малды өз төлінен өсіру және асыл тұқымдық құндылығын анықтау бойынша қызметтер көрсететін заңды және жеке тұлғалар асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы уәкілетті органның аттестат беріп аттестациялауына жатады.
      2. Мемлекеттік қаражаттандырулар осы Заңның 16-бабына сәйкес асыл тұқымдық шаруашылық, мал тұқымын асылдандыру орталығы және асыл тұқымдық өнімді (материалды) өткізу жөніндегі орналастырушы орталық ретінде аттестацияланған заңды тұлғаларға беріледі.
      3. Асыл тұқымды мал шаруашылығы субъектілеріне мемлекеттік аттестаттау өткізу ережесін, оларды қайта аттестаттау мерзімдерін асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы өкілетті орган әзірлейді және бекітеді. Асыл тұқымды мал шаруашылығы деңгейі, асыл тұқымды шаруашылықтар мен асыл тұқымды орталықтан өнімділігі шамасының артуынан бекітілетін мемлекеттік аттестациялау өткізу туралы ережелер деңгейі де өсуі мүмкін.
      4. Аттестат беру жөніндегі қызметтер өтеусіз негізде көрсетіледі. Аттестат бланкісінің құнын аттестат алушы төлейді. Заңды және жеке тұлғаларға малды өз төлінен өсіру және асыл тұқымды малдың бағалылығын анықтау бойынша қызмет көрсету жөніндегі заңды тұлғаларға асыл тұқымды өнімді (материалды) өткізу жөніндегі асыл тұқымды шаруашылық асыл тұқымды орталық және орналастырушы орталық мәртебесін беру туралы аттестат бланкісін өткізуден түскен қаражат қолданылып жүрген заңнамаға сәйкес республикалық бюджеттің табысына енгізіледі.
 
      7-бап. Асыл тұқымды мал шаруашылығы субъектілері
             қызметінің негізгі бағыттары
 
      1. Асыл тұқымды мал шаруашылығы қызметінің негізгі бағыттары мыналар болып табылады:
      1) асыл тұқымды малдың белгілі тұқымдарын, желілерін, тұрпаттарын,

 

будандарын, оның ішінде тұқым қоры шектеулі тұқымдарды ұстау, оларды өз

төлінен өсіру өндірілген асыл тұқымды өнімді (материалды) өсіру және

өткізу;

     2) асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытудың бекітілген бағдарламалары

шегіне және ғылымның ұсыныстарына сәйкес асыл тұқымды малдың тұқымдық

әлеуетін жетілдіру;

     3) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы уәкілетті мемлекеттік

орган белгілеген және бекіткен нысандар бойынша есеп жүргізу және есеп

беру.


     8-бап. Мал тұқымын асылдандыру орталықтары қызметінің негізгі        

            бағыттары


     1. Мал тұқымын асылдандыру орталықтары қызметінің негізгі бағыттары

мыналар болып табылады:

     1) бұқалардың ұрығын алу, жинау және сақтау;

     2) бұқалардың асыл тұқымдық құндылықтарын анықтау;

     3) жақсартқыш деп танылған аталықтардың ұрықтарын өткізу;

     4) мүйізді ірі қара малдың іштегі төлдерін сатып алу, сақтау және

өткізу;

     5) ұрықтар мен іштегі төлдерді пайдалану нәтижелерінің есебін

жүргізу, олар туралы деректер базасын жүргізу;


 
       6) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген нысандар бойынша есеп жүргізу және есеп беру;
      7) тұқымдық қорды айырбастауды іске асыру;
      2. Мал тұқымын асылдандыру орталығында ұсталатын бұқалардың тұқымдық құрамы мен санын, аймақтық мамандандыруға, тұқымдық аудандастыруға байланысты және сиырларды қолдан ұрықтандыру үшін республикада ұрықтың қажеттілігін ескеріп, асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы ғылыммен біріге отырып уәкілетті мемлекеттік орган белгілейді.
      3. Асыл тұқымды өнімнің (материалдың) өткізу бағасы еркін, республикалық бюджеттің қаражаты есебінен қаржыландырылатын асыл тұқымды орталық жақсартушыларымен танылған жақсартқыш-бұқалар ұрығының бағасы қолданылып жүрген заңнамаға сәйкес реттеледі.
 
      9-бап. Асыл тұқымдық өнімді (материалды) сату жөніндегі
             орналастырушы орталық қызметінің негізгі бағыттары
 
      1. Асыл тұқымдық өнімді өткізу жөніндегі орналастырушы орталық

 

қызметінің негізгі бағыттары мыналар болып табылады:

     1) жақсартқыш деп танылған бұқалардың ұрығын және мүйізді ірі қараның

іштегі төлдерін сатып алу, сақтау және өткізу;

     2) басқа асыл тұқымды аталықтарды ұстау, олардың ұрықтарын алып,

малды өз төлінен өсіруге пайдалану;

     3) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы уәкілетті мемлекеттік

орган белгілеген нысандар бойынша есеп жүргізу және есеп беру.


     10-бап. Малды өз төлінен өсіру жөнінде қызмет көрсетуші заңды және

             жеке тұлғалар қызметінің негізгі бағыттары


     1. Малды өз төлінен өсіру жөніндегі қызмет көрсетуші заңды және жеке

тұлғалар қызметінің негізгі бағыттары мыналар болып табылады:

     1) қолдан қашыру;

     2) қолдан ұрықтандыру;

     3) іштегі төлдерді ауыстыру (көшіру).


     11-бап. Малдың асыл тұқымдық құндылығын анықтау жөнінде

             қызмет көрсетуші заңды және жеке тұлғалар қызметінің

             негізгі бағыттары



 
       Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласында қызмет көрсетуші заңды және жеке тұлғалар қызметінің негізгі бағыттары мыналар болып табылады:
      асыл тұқымды малдардың асыл тұқымды бағалылығын анықтау, аккредитивтелген цитегенетикалық, иммуногенетикалық, зертханалардың жүйесін, сүттің сапасын селекциялық бақылау зертханаларының, ипподромдардың, мал шаруашылығының бақылау-сынау станцияларының тартылуымен асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы уәкілетті орган бекіткен әдістемелерге оларды сәйкестендіру.
 
      12-бап. Асыл тұқымды өнімді (материалды) бағалау
 
      1. Асыл тұқымды өнім (материал) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласында бекітілген нормативтік құжаттар деп ережелерге сәйкес міндетті түрде бағалауға жатады.
      2. Бағалауды асыл тұқымды малдың бағалылығын анықтау бойынша қызмет көрсету жөніндегі аттестатталған заңды және жеке тұлғалар асыл тұқымды малдардың өнімділігін, оларда тектік кеселдердің болмауын, сондай-ақ ұрықтың немесе іштегі төлдің тегін және сапасын анықтау мақсатымен өткізеді. Бағалау нәтижелері туралы құжат асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы уәкілетті органның асыл тұқымды өнімге (материалға) асыл тұқымды куәлік (сертификат) беруге негіз болып табылады.
 
                 3-тарау. Асыл тұқымдық өнім (материал)
 
      13-бап. Асыл тұқымдық өнімді (материалды) тану және асыл
              тұқымдық куәлік беру
 
      1. Өнім (материал) мынадай жағдайларда асыл тұқымдық деп танылады:
      1) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган берген асыл тұқымдық куәлігі болса;
      2) аттестатталған асыл тұқымдық орталықта немесе асыл тұқымдық өнімді (материалды) өткізу жөніндегі аттестатталған орналастырушы орталықта асыл тұқымды малдан алынған және өңделген ұрық және асыл тұқымдық куәлігі болса;
      3) аттестатталған асыл тұқымдық шаруашылықтан аттестатталған заңды және жеке тұлға алған және өңдеген іштегі төлі, асыл тұқымдық куәлігі болса;
      4) өнімнің (материалдың) ауру емес екендігі және бактериялар тұқымдамағаны туралы мал дәрігерлік куәлігі болса.
      2. Егер импортталған асыл тұқымды өнімге (материалға) экспортшы елдің ресми органдары берген асыл тұқымдық куәлікті асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган халықаралық нормаларға немесе мемлекетаралық келісімдерге сәйкес таныса, ол асыл тұқымды деп танылады.
 
      14-бап. Асыл тұқымдық өнімнің (материалдың) экспорты мен импорты
 
      1. Асыл тұқымдық өнімнің (материалдың) экспорты мен импорты Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.
      2. Асыл тұқымдық өнімнің (материалдың) экспорты асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы уәкілетті орган берген мал дәрігерлік және асыл тұқымдық куәліктер бар болғанда жүзеге асырылады.
      3. Асыл тұқымдық өнімнің (материалдың) импорты Қазақстан Республикасында қолданылып жүрген заңнамаға сәйкес берілген мал дәрігерлік және асыл тұқымдық куәліктер бар болғанда жүзеге асырылады.
 
      15-бап. Асыл тұқымдық өнімнің (материалдың) мемлекеттік есебін
              жүргізу
 
      1. Осы заңның 13-бабының 1 және 2-тармақтарына сәйкес танылған асыл тұқымды өнім (материал) мемлекеттік есепке алуға жатады.
      2. Асыл тұқымды малдардың және асыл тұқымды мал шаруашылығы субъектілері табындарының саны мен өнімділігі туралы деректер малдардың түрлері мен тұқымдары бойынша малдардың мемлекеттік тіркеліміне енгізіледі.
      3. Шыққан тегі, өнімділігі және асыл тұқымдық сапалары бойынша ең қымбат бағалы малдар туралы деректер асыл тұқымды малдардың мемлекеттік кітабына енгізіледі.
      4. Асыл тұқымды малдары немесе асыл тұқымды табыны бар, асыл тұқымды мал шаруашылығы субъектісінің аттестаты жоқ заңды және жеке тұлғалары бар малдарды немесе асыл тұқымды табындарды асыл тұқымды малдардың мемлекеттік тіркеліміне енгізу мақсатында асыл тұқымды өнімнің (материалдың) есебін жүргізе алады және асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы уәкілетті мемлекеттік органға ерікті есеп бере алады.
      5. Асыл тұқымды малдың мемлекеттік кітабы мен тіркеліміне енгізілген деректер мүдделі тұлғалар үшін қол жетімді болады.
      6. Асыл тұқымдық өнімнің (материалдың) есеп журналдарының, Асыл тұқымды малдың мемлекеттік кітабы мен асыл тұқымды малдың мемлекеттік тіркелімі туралы ереженің нысанын, сондай-ақ оларға жазбалар енгізудің тәртібін асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган әзірлейді және бекітеді.
 
                4-тарау. Асыл тұқымды мал шаруашылығын
                         мемлекеттік реттеу
 
      16-бап. Асыл тұқымды мал шаруашылығын мемлекеттік қолдау
 
      1. Асыл тұқымды мал шаруашылығы Қазақстан Республикасында мемлекеттік қолдауға ие болады:
      2. Асыл тұқымды мал шаруашылығын мемлекеттік қолдау асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту бағдарламасы негізінде мемлекеттік демеу қаржы түрінде жүзеге асырылады.
      3. Асыл тұқымды мал шаруашылығын мемлекеттік қолдау:
      1) мал тұқымдарын сақтау жөніндегі іс-шараларды мемлекеттік қолдаудан;
      2) ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер үшін асыл тұқымдық өнімнің (материалдың) қол жетімдігін қамтамасыз етуге бағытталған іс-шараларды мемлекеттік қолдаудан;
      3) құс шаруашылығы жөніндегі асыл тұқымды шаруашылықтарды, асыл тұқымдық орталықтарды құруға бағытталған іс-шараларды мемлекеттік қолдаудан тұрады.
      4. Мал тұқымын, соның ішінде тектік қоры шектеулі тұқымдарды сақтау жөніндегі іс-шараларды мемлекеттік қолдауды жыл сайын республикалық бюджетті қалыптастыру кезінде асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы уәкілетті органның ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.
      5. Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер үшін асыл тұқымдық өнімнің (материалдың) қол жетімдігін қамтамасыз етуге бағытталған іс-шараларды мемлекеттік қолдау асыл тұқымдық өнімнің (материалдың) әрбір түріне арналған жыл сайынғы өткізу мөлшері шегінде және оның белгіленген мақсатқа пайдаланылғаны тиісті құжаттармен расталған жағдайда өткізілген асыл тұқымдық өнімге (материалға) демеуқаржы беру жолымен жүзеге асырылады.
      Бұл ретте демеуқаржы:
      1) асыл тұқымдық шаруашылықтарға:
      отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге өткізілген асыл тұқымды мал төлінің және асыл тұқымды жұмыртқаның құнын ішінара арзандатуға;
      отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге және аттестацияланған заңды және жеке тұлғалар арқылы өткізілген және пайдаланылған іштегі төлдің құнын ішінара арзандатуға;
      мемлекеттің қатысумен асыл тұқымдық құс шаруашылығы құрылуы кезінде арнайы жабдықтар негізгі желілер мен будандарды басым сатып алу бойынша, сондай-ақ олардан асыл тұқымды жұмыртқа алғанға дейін 1,5 жыл бойы оларды бағу бойынша шығындарды толығымен өтеуге бір жолғы тәртіппен.
      2) асыл тұқымдық орталықтарға:
      мемлекеттің қатысуымен олардың құрылуы кезінде асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген бұқалар және арнайы жабдықтар сатып алу бойынша шығындарды толығымен өтеуге бір жолғы тәртіппен;
      олардың құрылуы кезінде бұқаларды бағуға және олардың ұрықтарын ұрпақтарының өнімділік бойынша сапасы түбегейлі анықталғанға дейін 5 жыл бойы сақтауға жұмсалған шығындарды толығымен өтеуге;
      отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге аттестацияланған заңды және жеке тұлғалар арқылы өткізілген және пайдаланылған жақсартқыш деп танылған бұқалардың ұрықтары және мүйізді ірі қараның іштегі төлдері құнын ішінара арзандатуға;
      3) асыл тұқымдық өнімді (материалды) өткізу жөніндегі орналастырушы орталықтарға отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге аттестацияланған заңды және жеке тұлғалар арқылы өткізілген және пайдаланылған жақсартқыш деп танылған бұқалар ұрықтарын және мүйізді ірі қараның іштегі төлдерінің құнын ішінара арзандатуға бөлінеді.
      6. Асыл тұқымдық өнімнің (материалдың) әрбір түріне және малдар

 

тұқымдарын сақтау жөніндегі іс-шараларға арналған демеуқаржы

нормативтерінің ең аз деңгейін асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы

уәкілетті мемлекеттік органның ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының

Үкіметі белгілейді.

     7. Асыл тұқымды мал шаруашылығының субъектілері отандық тауар

өндірушілерге асыл тұқымдық өнімді (материалды) мемлекет бөлетін

демеуқаржы айырмасын шегере отырып, еркін келісімді баға бойынша өткізеді;



     Қазақстан Республикасының

         Президенті




     Мамандар:

     Қобдалиева Н.М.

     Орынбекова Д.К.





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады