"ҚазТрансГаз" жабық акционерлік қоғамының кейбір мәселелері туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2000 жылғы 30 желтоқсан N 1958

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. 50 000 000 (елу миллион) АҚШ долларына "Power Holdings Invest В. V." Компаниясының "ҚазТрансГаз" жабық акционерлік қоғамына (бұдан әрі - "ҚазТрансГаз" ЖАҚ) тиесілі акцияларының 84 пайызын Алматы қаласының коммуналдық меншігіне сатып алу жөніндегі Алматы қаласы әкімінің ұсынысы қабылдансын.
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті, Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі заңнамада Z980281_ белгіленген тәртіппен Алматы қаласының жергілікті атқарушы органына осы қаулының 1-тармағында көрсетілген акциялардың сатылуын қамтамасыз етсін.
      3. "ҚазТрансГаз" ЖАҚ" "Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепілдігімен "ҚазТрансГаз" жабық акционерлік қоғамының мемлекеттік емес заем тартуы жөніндегі қосымша шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 29 қыркүйектегі N 1475 P001475_ қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі кепілдік берген мемлекеттік емес сыртқы заем бойынша ING Barings N.V. London Branch алдындағы міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз етсін.
      4. Алматы қаласының әкімі заңнамада белгіленген тәртіппен:
      2001 жылдан бастап 2003 жылды қоса алғандағы кезеңде тиісті қаржы жылына арналған жергілікті бюджеттің жобасын бекіту кезінде "Power Holdings Invest В. V." компаниясы акцияларының 84 пайызын сатып алу-сату шарты бойынша "ҚазТрансГаз" ЖАҚ-ның алдындағы міндеттемелерін орындау үшін

 

қажетті қаражатты қамтамасыз етсін;

     "ҚазТранГаз" ЖАҚ-на жоғарыда көрсетілген сатып алу-сату шарты бойынша

міндеттемелерді орындау үшін жеткілікті қамтамасыз етуді ұсынсын.

     5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

       Премьер-Министрі



     Мамандар:

     Қобдалиева Н.М.

     Орынбекова Д.К.





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады