"Қазпочта" ашық акционерлік қоғамының Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепілдігімен мемлекеттік емес сыртқы заем тартуы туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2000 жылғы 30 желтоқсан N 1961

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен:
      9 000 000 (тоғыз миллион) АҚШ доллары мөлшеріндегі негізгі борышты, сондай-ақ кепілдік берушінің төлеуіне жататын пайыздар мен өзге де төлемдерді қамтитын сомаға тартылып отырған мемлекеттік емес заем бойынша міндеттемелерді "Қазпочта" ашық акционерлік қоғамының (бұдан әрі - Заем алушы) орындауын қамтамасыз ету ретінде кредиторға "2003 жылға арналған республикалық бюджет туралы"  Қазақстан Республикасының Заңымен бекітілген мемлекеттік кепілдіктер беру лимиті шегінде мемлекеттік кепілдік берсін; <*>
      Қазақстан Республикасының көрсетілген мемлекеттік кепілдігінің берілуіне байланысты туындайтын Қазақстан Республикасының алдындағы оның міндеттемелерін қамтамасыз ету туралы Заем алушымен тиісті келісім жасассын.
      ЕСКЕРТУ. 1-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.04.14. N 492
қаулысымен
      ЕСКЕРТУ. 1-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.12.11. N 1614
қаулысымен .
      ЕСКЕРТУ. 1-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2003.08.27. N 880
қаулысымен .

      2. Заем алушы заңнамада Z990464_ Р971366_ белгіленген тәртіппен мемлекеттік кепілдікті алуға үміткер тұлғаларға қойылатын талаптардың орындалуын қамтамасыз етсін.
      3. <*>
      ЕСКЕРТУ. 3-тармақ күшін жойды - ҚР Үкіметінің 2000.12.30. N 1963 қаулысымен .
     4. Осы қаулының атқарылуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары О.Ә.Жандосовқа жүктелсін.
     5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.   

     Қазақстан Республикасының
     Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады