"Жер қойнауын пайдаланушыларды аттестаттаудың тәртібі туралы Ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 2 ақпандағы N 128 қаулысының және "Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 2 ақпандағы N 128 қаулысына толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 19 мамырдағы N 538 қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 9 қаңтар N 18

      Қазақстан Республикасы Президентінің "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" 1996 жылғы 27 қаңтардағы N 2828 U962828_ заң күші бар Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің мынадай кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:
      а) "Жер қойнауын пайдаланушыларды аттестаттаудың тәртібі туралы Ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 2 ақпандағы N 128 P940128_ қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1994 ж., N 6, 67-құжат);
      б) "Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 2

ақпандағы N 128 қаулысына толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы 
Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 19 мамырдағы N 538 қаулысы (Қазақстан 
Республикасының ПҮКЖ-ы, 1994 ж., N 22, 232-құжат).
     2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
     
     Қазақстан Республикасының
       Премьер-Министрі
     
 
Мамандар:
     Багарова Ж.А.
     Икебаева А.Ж.
     
      
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады