"Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөнiндегі агенттігінің Республикалық дағдарыс орталығы" мемлекеттiк мекемесiн құру туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 13 қаңтардағы N 40 Қаулысы

      Авариялық-құтқару күштерi мен құралдарын басқару жүйелерiн жетілдiру, сондай-ақ табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар туралы ақпаратты қабылдау және өңдеу қызметiн құру мақсатында Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:

      1. "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөнiндегі агенттiгiнiң Республикалық дағдарыс орталығы" мемлекеттiк мекемесi (бұдан әрi - Мекеме) құрылсын. 

      2. Мекеме қызметiнiң негiзгi мәнi болып мыналар айқындалсын: 
      табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар туралы ақпаратты қабылдау және өңдеу; 
      тұрақты дайындық күштерiн орнықты және үздiксiз басқаруды және оларды төтенше жағдайларды жоюға арналған құралдармен қамтамасыз ету. 

      3. Мекеменi қаржыландыру Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөнiндегi агенттiгiне тиiстi қаржылық жылға арналған республикалық бюджетте көзделген қаражат есебiнен және шегiнде жүзеге асырылады деп белгiленсiн. 

      4. Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөнiндегi агенттiгi заңнамада белгіленген тәртiппен: 
      Мекеменiң  жарғысын  бекiтсiн және оның әдiлет органдарында мемлекеттiк  тiркелуiн  қамтамасыз етсiн; 
      осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын. 

      5. <*>
       Ескерту. 5-тармақтың күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2005 жылғы 
5 наурыздағы  N 214  қаулысымен. 

      6. Осы қаулы 2001 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшiне енедi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады