Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 1 тамыздағы N 1055 қаулысына толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 19 қаңтар N 80. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 11 шілдедегі N 761 қаулысымен. Бұл өзгеріс 2002 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді. ~P020761

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің "Заңды тұлғалардан алынатын табыс салығынан босатылатын халықаралық ұйымдардың тізбесін бекіту туралы" 1995 жылғы 1 тамыздағы N 1055 P951055_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1995 ж., N 27, 316-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Заңды тұлғалардан алынатын табыс салығынан босатылатын халықаралық ұйымдардың тізбесі мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 48-жолмен толықтырылсын:
      "48. Орталық Азияның аймақтық экологиялық орталығы.".
      2. Қазақстан Республикасының Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны

қорғау министрлігіне Қаржы министрлігімен және Мемлекеттік кіріс 
министрлігімен бірлесіп 10 күн мерзімде Қазақстан Республикасының 
Үкіметіне "Орталық Азияның аймақтық экологиялық орталығы жұмысының 
жағдайлары туралы келісімнің" 7-бабы 4-тармағының салық салу мәселелері 
бойынша түзетуін нақтылайтын ұсыныстар енгізу тапсырылсын.
     3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
     
     Қазақстан Республикасының
        Премьер-Министрі
 
Мамандар:
     Багарова Ж.А.,
     Қасымбеков Б.А.
     
    
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады