"Салықтар және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер
туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң Заң күшi бар 1995
жылғы 24 сәуірдегi N 2235
Жарлығын жүзеге асыру мақсатында
Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi Қаулы етедi:
Заңдық тұлғалардан табыс салығын ұстаудан босатылатын
халықаралық ұйымдардың қоса берiлген тiзбесi бекiтiлсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-министрi
Қазақстан Республикасы
Министрлер Кабинетiнiң
1995 жылғы 1 тамыздағы
N 1055 қаулысымен
БЕКIТIЛДI
Заңды тұлғалардан табыс салығын ұстаудан
босатылатын халықаралық ұйымдардың
ТIЗБЕСI
1. БҰҰ (Бiрiккен Ұлттар Ұйымы, Хатшылық)
2. БҰҰДБ (БҰҰ-ның Даму Бағдарламасы)
3. ЭЫҰ (Экономикалық Ынтымақтастық Ұйымы)
4. МБСЫҰ (Мәдениет және Бiлiм саласында ынтымақтастық
жөнiндегi ұйым)
5. ЕҚЫҰ (Европадағы қауiпсiздiк пен ынтымақтастық жөнiндегi
ұйым)
6. ХВК (Халықаралық валюта қоры)
7. ҚЖДХБ (Қайта жаңарту және Даму Халықаралық Банкi)
8. ХҚК (Халықаралық Қаржы Корпорациясы)
9. ХДА (Халықаралық Даму Ассоциациясы)
10.ИКХА (Инвестицияға Кепiлдiк берудiң Халықаралық Агенттiгi)
11.ҚЖДЕБ (Қайта жаңарту және Даму Европалық Банкi)
12.АДБ (Азиялық Даму Банкi)
13.БСҰ (Бүкiләлемдiк Сауда ұйымы)
14.БТҰ (Бүкiләлемдiк Туристiк Ұйым)
15.Интелсат
16.Интерпол
17.ӘЭК (Әлемдiк Энергетикалық Кеңес)
18.БДҰ (Бүкiләлемдiк Денсаулық сақтау Ұйымы)
19.Қызыл Крест пен Қызыл Жарты Ай ұйымының Халықаралық
Федерациясы
20.Қызыл Крест халықаралық комитетi
21.Қызыл Крест пен Қызыл Жарты Айдың ұлттық қоғамдары (Қызыл
Крест пен Қызыл Жарты Айдың Қазақстан Республикасы Ұлттық
қоғамынан басқасы)
22.ХАО (Халықаралық Астрономиялық Одақ)
23.Парламентаралық Одақ
24.ДИАҚБ (Демократиялық институттар мен адам құқығы
жөнiндегi бюро)
25.ХЕҰ (Халықаралық Еңбек Ұйымы)
26.ХАО (Халықаралық Архитекторлар Одағы)
27.КҰХА (Кiтапхана Ұйымдарының Халықаралық Ассоциациясы)
28.ҰОҚ (Ұлттық Олимпиадалық Комитет)
29.АЭХА (Атом Энергетикасы жөнiндегi Халықаралық
Агенттiк)
30.ХТҰ (Халықаралық Теңiз Ұйымы)
31.ААХҰ (Азаматтық Авиация Халықаралық Ұйымы)
32.ХСИ (Халықаралық Статистика Институты)
33.СХҰ (Стандарттау жөнiндегi Халықаралық Ұйым)
34.МСХҰ (Метрология саласындағы заңдылықтың Халықаралық
Ұйымы)
35.АХК (Архивтердiң Халықаралық Кеңесi)
36.КЫК (Кедендiк Ынтымақтастық жөнiндегi Кеңес)
37.ХЭБ (Халықаралық Эризоотикалық Бюро)
38.ТМД (Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығы)
39.Бейбiтшiлiк корпусы
40.ЮНИСЭФ (Балалар қоры)
41.Халықаралық Дамыту жөнiндегi Агенттiк (ЮСАИД)
42.АҚШ-тың Ақпарат агенттiгi (ЮСИС)
43.ЕҚК (Европалық Қауымдастықтар комиссиясы)
44.Қазақстан, Өзбекстан және Қырғызстанның Халықаралық
Кеңесiнiң Атқару комитетi
45.ЖКББ (БҰҰ-ның босқындар iстерi жөнiндегi Жоғарғы
Комиссарының Басқармасы)
46.Есiрткiге бақылау жасау жөнiнде БҰҰ бағдарламасы (ЕБЖБ)
47.Халықаралық Аралды құтқару қорының қоғамдық қоры
48.Орталық Азияның аймақтық экологиялық орталығы
Ескерту. Тiзбе толықтырылды - ҚР Үкіметінiң 1996.06.06. N 715
қаулысымен.
Ескерту. Тiзбе 48-жолмен толықтырылды - ҚР Үкіметінiң 2001.01.19.
N 80 қаулысымен.